МS Word редакторында мәтіндік құжат құру, мәтінді пішімдеу
Сабақтың тақырыбы: МS Word редакторында мәтіндік құжат құру, мәтінді пішімдеу
а) білімділік:МS Word редакторында мәтін жазу ережелерін, мәтін
бөліктерін ерекшелеу әдістерін, қаріптер көмегімен мәтінді пішімдеу
тәсілдерін үйрету.
ә) дамытушылық:мәтіндік процессорды жүктеуді, редакторда жұмыс істеуге
дағдыландыру.
б) тәрбиелік: ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі:оқулық, дәптер, дербес компьютер, слайдтар, интерактивті
тақта.
Сабақтың жүрісі:І. Ұйымдастыру.
1.Оқушыларды түгендеу
- Сынып тазалығына көңіл бөлу
- Оқушылардың назарын сабаққа бөлу
4.Оқушылармен амандасу
ІІ. Үй тапсырмасы.
1) «Келесі» ойын арқылы ауызша сұрау.
- Мәтіндік процессор дегеніміз не?
- МS Word редакторын қалай іске қосамыз?
- Мәтінді пішімдеу дегеніміз не?
- Редакциялау дегеніміз не?
- Құжат құру жолы қандай?
2) Теориялық шағын тест
ІІІ. Негізгі бөлім.
- Практикалық жұмыс №2.
(Әр оқушыға кеспе қағаз арқылы тапсырмалар орындалады)
Карточка № 1
Del. Backsrase пернелерін қолданып төмендегі мәтіндердің қателерін түзетіңіз.
В лецу роддилась елочка
В лецу она росла
Зимой лдеом строиная
Зилоеная была.
Карточка № 2
Өлшемі 10 стилі курсив, ортасы бойынша туралау, қарпі Times New Roman.
Мәңгі бақи есте қалар
Ғажайып бір сайыс болсын
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ сұрақ болсын.
Карточка № 3
Өлшемі 11, стилі жартылай қарайтылған, қарпі Times New Roman,оң жақ шеті бойынша туралау.
Ойын-толқын, айналған қатты ағы Табылғандай таным да, жат дауыста. Біреу озып келеді қатарынан, Біреу мініп жатқанда аптығыста.
Карточка № 4
Өлшемі 16, стилі асты сызылған,қарпі Times New Roman, сол жақ шетке туралау.Пернетақтаны бірнеше тілмен жұмыс істейтін күйге келтіруге болады.Пернелер бірнеше блокқа бөлінеді.
Карточка № 5
Мәтіндегі сөздерді қаріп түсі көк, фон түсі сарымен өзгертіңіз.
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып, тасып асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап зулап жатыр,
Шапшаңдылық бұл сайыста керек екен.
Карточка № 6
Оқулықтан «Ай мен Күн» ертегісінен үзінді жазыңыз.
Карточка № 7
Өлшемі 11, стилі жартылай қарайтылған орта бойынша туралау.Қарпі Arial Black
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Тіл – тәуелсіздік тұғырым» атты апталығында Үздік
суретші номинациясымен Дүйсенбаева Айгүл марапатталады.
Ә) Шығармашылық жұмыс.«Мектеп» баспасы. 8 сыныптың информатика оқулығының мұқабасын дайындау.ІҮ. Сергіту (көз жаттығуларын орындау)Ү. Ой – қозғау. (үш оқушыға беріледі. Жұмбақты шешіп, жауабын кестеге қазақша, орысша, латынша айту керек)
Жұмбақтар
Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қағаз – қаламсыз
Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың
Тапсырыс бер, ас әзір,
Алдыңызда тұр . . .
ҮІ. Информатикалық диктант.
ҮІІ. Үйге тапсырма §17,18.19 қайталау.ҮІІІ. Оқушыларды бағалау.