CorelDraw бағдарламасында жұмыс істей білу
Сабақтың тақырыбы: CorelDraw бағдарламасында жұмыс істей білу
Сабақтың мақсаты:
- Corel Draw бағдарламасы бойынша алған білімдерін бекіту
және практика жүзінде қолдана білуге үйрету;
- оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту;
шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру;
- оқушыларды ақпараттық технология саласындағы мамандыққа
қарай бейімдеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдісі: Интерактивті тақта арқылы, тапсырмалар
Көрнекілік: Интерактивті тақта, Corel Draw программасы, флипчарт
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
2.Өткен ақпаратты қайталау
3.Кітаппен жұмыс
4.Компьютерде жұмыс
5.Бағалау
- Сабақты бекіту
- Үйге тапсырма
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу
Бүгінгі сабақтың мақсаты өткен сабақтарда алған білімдерімізді пысықтап, оны практика жүзінде қолдана білуге үйренеміз. Ал енді сонымен
ІІ. Қойылатын сұрақтар
- Графика деген не? Графиканың түрлері?
2) Қайда қолданылады?
3) Растрлық графикаға жататын бағдарлама
4) Векторлық графикаға жататын бағдарлама?
5) Растрлық графикамен векторлық графиканың негізгі элементі?
6) Растрлық және векторлық графиканы салыстыру / тақтада/
- Corel draw бағдарламасы қай елде құрастырылған? Ол программамен не жасауға болады?
- 2. Графикалық пакет Corel-ге қандай графикалық бағдарламалары кіреді?
- CorelDraw бағдарламасының көмегімен не істеуге болады? /
Енді осы бағдарламаның терезесінің элементтерін көрсету керек.
Меню жолы, Стандартты құралдар панелі, атрибуттар панелі, құралдар, палитра, басып шығаратын бет, жұмыс үстелі, қалып-күй қатары
Сендердің бағдарламаны қалай меңгергенін анықтау мақсатында мынадай «Сиқырлы фигуралар» ойын тапсырмасын орындайық
- Программада обьект деген не? Олармен не істеуге болады?
Объект – құжаттың фрагменті. Объекттер бір-бірімен қиылысу, бір-біріне үстіне жапсырылуы мүмкін, олардың көмегімен түрлі-түсті мәтіндердің комбинацияларды, суреттерді жасауға болады.
- Программада қанша құралдар бар? Интерактивтілік деген не?
/ Интерактивтілік – басқарылатын режім. Интерактивті құралдар өте қарапайым және қолдануға тиімді. Бұрынғы кезде қызметіне бірнеше меню мен терезелерді ашу жатса, бүгінгі күні интерактивті панель көмегімен екі объекттің арасында өткелді құру үшін тышқанмен бір объекттен екіншіге жүргізу жеткілікті./
- Corel draw-да жазудың неше түрі бар? Оны қалай орындайсың? /Жазудың екі түрі бар:жай және фигуралық. Айырмашылығы: жай жазуда мәтіндерді кірістіруге болады, ал фигуралық жазуда тақырыптарды ерекшелеп, түрлі-түсті, әр түрлі эффектілер қолдануға болады. «А» құралын басып, рамка салып алып мәтін кірістірсек, онда ол жай жазу, ал курсорды жолға қойып жазу тере бастасақ, ол фигуралық жазу. /
- Құю құралының түрлері
/Түстерді құю деп-түстердің үлгісінде кез-келген түстерді жаңалауға болатын механизм аталады.
Түстерді біртекті құюда тұйықталған қисықпен шектелген объектілерге түстерді толтырғанды олар шегінен тыс өзгермейді. Түстерді біртекті құю үшін түстердің түрлері палитрадан таңдап алынады.
Торлы құю.Объектілерге тор түрінде түстерді құюды белгілеу барысында алдын-ала бағана және жол сандарын белгілеу арқылы еркін түрінде оларға тор салынады. Тор сызықтармен қосылған түйіндерден тұрады. Сызықтар қарапайым қисықтарға өте ұқсас келеді, бірақ түйіндерді сызықтардың бір-бірімен көлденең және тігінен қиылысқан жерінде бөлек-бөлек емес, тек бірге орнын алмастыру керек.
Градиентті құюда әртүрлі графикалық әсерлерді жасауға мүмкіндік беру үшін (мысалы, сәуле мен көлеңкелі суреттерді ұқсату немесе жалтыраған заттарға дақ түсіру) көптеген тәсілдер негізделген. Градиентті құюдың типтері: сызықтық , радиальді , конусты , квадратты.
Өрнекпен құю алдын-ала дайындалған декоративті құю категориясына жатады./
- PowerClip командасының қызметі? Контейнер деген не? /PowerClip командасы арқылы тұйықталған фигураға растрлық суреттерді кірістіруге болады. Сурет фигура формасына сәйкес орналасады. «Эффекты- PowerClip-Разместить внутри контейнера» командасы. Контейнер барлық тұйықталған фигуралар бола алады.
ІІ. білімімізді теория жүзінде тексердік енді практика жүзінде қолданайық. Тақтада берілген геометриялық фигуралармен жұмыс
- Фигураларды беттестіру арқылы кескін салу
- Әр түрлі фигуралардан «искажение» құралы арқылы эффектілер жасау
/Бұл құралдың көмегімен деформацияны әртүрлі үш типке деформациялауға болады: Ортаға тартушы және ортадан сыртқа тебуші, Зигзаг және Бұрау.
- Суретті PowerClip командасы арқылы жазуға кірістіру /суретті ерекшелеп алып, эффекты- PowerClip- разместить внутри контейнера командасын орындаймыз. Сонымен қоса жазуды белгілеп алып, эффекты-добавить перспективу командасы арқылы жазуға өзгеріс енгіземіз/
- СD дискіге наклейка жасау. /екі фигураны беттестіреміз. Ерекшелеп алып, «обрезка» командасын орындаймыз, сонда екі фигурадан бір кескін шығады. Файл-импорт командасы арқылы сурет кірістіріп, наклейка жасаймыз.
ІІІ. Кітаппен жұмыс
1.Оқулықтағы берілген 5.1 суреттегі векторлық примитивтер қай программада қолданылады?
- CorelDraw бағдарламасының қандай кеңейтулері бар?
Алдыларыңда әрқайсысыңа жеке әр түрлі тапсырмалар берілген. Сол тапсырманы оқып орындаңдар.
/Әр оқушыға тапсырма/
ІV. CorelDraw бағдарламасын жарнама агенттіктерінде, полиграфикалық фирмаларда, ірі компаниялар мен холдингтарда «дизайнер·суретші», «WEB-дизайнер», «верстальщик», «верстальщик-макетчик», «верстальщик-дизайнер» мамандықтары бойынша жұмыс істейтін мамандар кеңінен қолданады. Қазір біз өзімізді осындай бір фирманың қызметкерлері ретінде сезініп көреміз. Сонымен біз полиграфиялық фирманың, жарнама агенттігінің қызметкерлеріміз. Ол үшін алдымен тақырыптар алуымыз керек. қандай тақырыптар таңдайсыңдар?
- Енді сабақтардан алған білімдерімізді, практикалық дағдыларымызды пайдалана отырып осы тапсырысты орындайық.
Сендердің әрқайсысың берілген тақырып бойынша осы бағдарламаны қолдана отырып буклет, плакат, визитка, открытка, күнтізбе /календарь/ жобаларын жасайсыңдар. /Берілетін уақыт 10 минут/. Тапсырмаға қойылатын талаптар:( тақтада)
- Мазмұнды болуы қажет
- көркемдеу дизайны қазіргі заман талаптарына сай болуы қажет
- Тапсырманың өзіндік стильдік ерекшелігі болуы қажет
- Тапсырмада қолданылған суреттер, сызбалар бір·бірімен үйлесімді болуы керек
- Және тапсырма толық орындалуы қажет
Кімнің жұмысы ұнады? Кім өз пікірін айтқысы келеді?
Оқушылар шығармашылығын өздері бағалайды.
VІІ. Activote құрылғысы арқылы жауап беру
Оқушыларды бағалау.
VIII. Үйге тапсырма : Біз келесі сабақта осы Corel пакетінің бағдарламасы Corel R.A.V.E. бойынша келесі кезең анимация жасау, яғни суретке жан бітірумен айналысамыз. Сондықтан үйде Жыл мезгілдері тақырыбына ауа райы құбылыстары: жаңбыр тамшысының, қар жауу, боран соғу, жапырақ түсу бейнеленген суреттердің электрондық эскизін жасап келу.