Практикум. Мәтінмен жұмыс істеу
Тақырып: Практикум. Мәтінмен жұмыс істеу
Мақсат: Мәтіндік редакторда тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың білімдерін тексері, бекіту. Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, оларды достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу. Информатика сабағына деген қызығушылықтарын арттыру.
Білімділік – Мәтіндік редакторда тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың алған білімдерін бекіту, жүйелеу.
Дамытушылық – оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, өз беттерімен жұмыс істей алу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – достық қарым-қатынасқа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу
Сабақ түрі: аралас
Сабақ типі: бекіту
Құрал-жабдықтар: оқулықтар, таратпа карточкалар, интерактивті тақта, MyTest бағдарламасы.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Бөлінген уақыт | Мұғалімнің іс — әрекеттері | Оқушылардың іс — әрекеттері | |
І. Ұйымдастыру кезеңі. | 2 мин | Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару. Сабақтың мақсатымен таныстыру. | Амандасады. Кезекші сабақта жоқ оқушыларды айтады. | |
ІІ. Үй жұмысын тексеру
| 10 мин. | Тест (Компьютерлеріне отырып, MyTest бағдарламасында тест орындайды ) 1. Жолақтың қандай бөлімі әріпті пішімдеу үшін жауап береді? А) Бас тіркеме беті Ә) Кірістіру Б) Бетті белгілеу В) Шимайлық 2. батырмасы мәтінді …етеді. А) Курсив Ә) Асты сызылған Б) Жуан В) Жуан курсив 3. батырмасы мәтінді … етеді. А) Курсив Ә) Асты сызылған Б) Жуан В) Жуан курсив 4. Кегль деген не? А) Әріптің түрі Ә) Әріптің мөлшері * Б) Әріптің түсі В) Әріптің мәнері 5. Гарнитура деген не? А) Әріптің түрі * Ә) Әріптің мөлшері Б) Әріптің түсі В) Әріптің мәнері 6. Абзацты түзеулердің ішіндегі артығы қайсы? А) Сол жақ шеті бойынша Ә) Абзац бойынша Б) Оң жақ шеті бойынша В) Ортасы бойынша 7. Сызғыштың көмегімен не істеуге болады? А) Шегіністерді орнатуға Ә) Түзеуді баптауға Б) Жоларалық интервалды анықтауға В) Маркерленген тізімді баптауға 8. Абзацтың бірінші жолындағы шегініс үшін жауапты сызғыш: А) Оң жақтағы төменгі маркер Ә) Сол жақтағы жоғарғы маркер Б) Сол жақтағы төменгі тікбұрышты маркер В) Сол жақтағы төменгі үшбұрышты маркер 9. батырмасының қызметі: А) Абзацтың шегіністерін баптайды Ә) Ол табуляция Б) Маркерленген тізім құрады В) Абзацтағы түзеуді анықтайды 10. батырмасы қандай қызмет атқарады? А) Оң жағынан мәтіндерді форматтау*. Ә) Бағандарға мәтіндерді бөледі. Б) Сол жағынан мәтіндерді форматтау В) Ені бойынша мәтіндерді форматтау. | ||
ІII. Сергіту сәті.
| Жаттығуды орындарында отырып орындау. (презентация көрсетіледі) | Көзге арналған жаттығулар Ø Орнымызда отырып көзімізді алыс бір нүктеге қадап ұзақ қарау. Ø Басымызды қозғамай көзімізбен оңға, солға қарау. Ø Басымызды қозғамай көзімізбен жоғары, төмен қарау. Ø Көзімізді қатты қысып немесе қолымызбен жауып тұру. Ø Көзімізді жиі жыпылықтатып ашып жұму. | ||
IV. Практикалық жұмыс.
| 17 мин | Оқулықпен жұмыс 179-184 б.б. | 1-тапсырма. 1. Өлеңді теріңдер. 2. Өленнің әрбір жолын әртүрлі түске бояңдар, әріптің мөлшерін 13-ке өзгертіңдер. 3. Алғашқы үш жолды әртүрлі тәсілдермен өлеңнің соңына көшіріңдер. Өлең керек Сая болып жаңына емен, терек, Жетер енді жатқаның көлеңкелеп. Өгейсінбей өзі боп қалу үшін, Өнер керек ұрпаққа, өлең керек!
Арғы атасы ақынның жырдан туған, Жыр жолында жанын да қылған құрбан. Жырлар тұнған хандардың сарайында, Жыр айтылған бесікте құлдар тұрған. (М.Мақатаев)
2-тапсырма. 1. Мәтінді теріңдер. 2. Екінші жолды күлгін түспен безендіріңдер. 3. Мәтін атауын 16 мөлшермен теріңдер. 4. Мәтінді «Автобуста» деген атаумен сақтаңдар. Автобуста Арман мен Аян қаланың ортасындағы үлкен бес қабатты үйде тұрады. Екеуі де екінші сыныпта оқиды және мектепке бірге барады. Бір күні олар әдеттегідей, автобуспен мектепке келе жатқанда, аялдамалардың бірінен сөмкелері бар әжей отырады. Аян бірден орнынан тұрып, әжейге жақындады да, сыпайы ұсыныс жасады: — Мархабат, отырыңыз. Арман терезеге қарап қалған түр танытты. Екі аялдамадан кейін әжей шығуға дайындалды және сөмкелерінің біріне қол жүгіртіп, одан хош иісті екі алма алып шықты. Аянға ұсынып: — Ала ғой, алтыным! – деді. — Оныңыз қалай, рахмет, керек емес, — деп қымсынды Аян.
3-тапсырма. 1. Мәтінді теріңдер және безендіріңдер. 2. Мәтінге атау ойлап табыңдар және оны мәтіннің алдына қосыңдар. 3. Бірінші сөйлемді мәтіннің соңына көшіріңдер. Адамдар заман талабына сай ақпаратты сақтаудың жаңа тәсілдерін ойлап тапты: магниттік таспалар, лазерлік дискілер. Олар тек мәтіндерді ғана емес, жанды дауысты, музыка мен жылжитын кескіндерді де сақтауға мүмкіндік берді. Ақпарат сақталатын құрылғылар ақпарат тасығыштар деп аталады.
Ақпарат тасығыштар: · Қатты диск; · Дискета; · Лазерлік диск; · Флэш-карта.
4-тапсырма. 1. Екі өлең мәтінін теріңдер. 2. Мәндері бұзылған сөздер мен жолдардың ретін анықтаңдар. 3. Тасымалдау амалдарының көмегімен сөздер мен жолдарды дұрыс ретімен орналастырыңдар. Шегіртке мен құмырсқа
Шырылдауық шегіртке Күз болған соң кетті күй. Көгалды қуып гөлайттап Жапырақ кетті, жаз кетті
Жаздыгүні жапырақтың Ыршып жүріп ән салған. Қызықпен жүріп жазды алған. Бірінде тамақ, бірінде үй,
(И.А.Крыловтан) 5-тапсырма Мына сөздерді септеңдер: монитор, пернетақта, информатика. Тапсырманы орындағанда мәтіннің фрагментін көшіру немесе кірістіру амалдарын қолданыңдар.
Мысалы: Атау септік компьютер Ілік септік компьютердің Барыс септік компьютерге Табыс септік компьютерді Жатыс септік компьютерде Шығыс септік компьютерден Көмектес септік компьютермен
6-тапсырма «Ком» буынынан басталатын сөздерді ойлап табыңдар және мәтіндік редакторда жазыңдар. Сөздерді маркерленген тізім ретінде бағанға жазыңдар. Мысалы:
7-тапсырма 1. Кез келген 5 жұмбақ теріңдер. 2. Жолдастарыңмен орын алмастырыңдар. Ол сенің, ал сен оның жұмбақтарын шешіңдер, жауаптарын әрбір жұмбақтан кейін кірістіріп жазып шығыңдар.
8-тапсырма 1. Мына сөздерді теріңдер: шам, Алладин, сиқырлы. 2. Тышқанның сол жақ батырмасын басып, сөздерді араб ертегісінің аты шығатындай етіп жылжытыңдар. 3. Атауды жуан әріппен ерекшелендер. 4. Ертегінің фрагментін төмендегі тапсырмада көрсетілгендей етіп теріңдер. Мәтінді жұмыс істеген кезде «Алладин» сөзін кездескен сайын қайтадан термеу үшін көшіріп алыңдар. 5. Мәтінді сақтаңдар. Араб ертегісі Бір кездері парсы қалаларының бірінде кедей тігінші өмір сүріпті. Оның әйелі мен Алладин деген ұлы болыпты. Алладин он жасқа толғанда, әкесі оны бір қолөнер кәсібіне үйреткісі келіпті. Бірақ оның оқыту үшін төлейтін ақшасы болмапты, сондықтан, ол өзі Алладинге көйлек тігуді үйрете бастапты. Алладин өте жалқау болыпты. Оның ештеңе үйренуге құлқы болмапты және әкесі тапсырыс берушіге кеткен сайын, Алладин өзі сияқты тентек балалармен ойнау үшін көшеге қашып шығады екен. Олар ертеден кешке дейін қала аралап жүгіріп жүреді және торғайларды атады немесе бөгде адамдардың бақшасы мен жүзім бақтарына түсуді әдет қылыпты. Ұлының тентектігіне әкесінің ренжігені сондай, мұңайғаннан ауырып, қайтыс болады. Сонда тігіншінің әйелі өзі мен іссіз баласы аштан өлмес үшін одан қалған дүние-мүлкінің бәрін сатып, мақта иіріп, жібін сата бастайды. Ал Алладин анасына көмектесуді ойламайды және үйіне тек ас ішіп, ұйықтау үшін келетін болыпты…
9-тапсырма 1. Көп нүктенің орнына жауаптарын қойып, жұмбақтарды теріңдер. 2. Пішімдеу сызғышының көмегін пайдаланып, жұмбақтарды тапсырмада көрсетілгендей етіп орналастырыңдар. 3. Барлық жауаптарды курсив етіңдер, әріптің мөлшері 13 болсын. Тұмсығынан торайдың, Тұмсығы бар аумаған Үстін түгел орайтын, Тоны ине қаулаған. …
Тікірейіп құлағы Менен бұрын тұрады. Бойын жазып керіліп, Беті-қолын жуады. …
Еркін самғап ұшсын деп, Мәпелейміз, баптаймыз. Бейбітшілік құсы, — деп, Қайсы құсты атаймыз? …. | |
V. Бекіту. | 10 мин | Оқушылар парақтар алып, сол парақтарын баян ретінде жинайды, параққа өткен тақырыптар бойынша сұрақтар, тапсырмалар жазады. Содан кейін жолдастарымен парақтарын алмастырады. Бір-бірлерінің сұрақтарына жауап береді, тапсырмаларды орындайды. Тапсырманы орындаған соң қайта парақтарымен алмасады да, бір-бірлерін тексеріп, бағалайды. | ||
VI. Бағалау. | 2 мин. | Сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалау. | Бағаларын күнделіктеріне қойдыртады. | |
VII.Үй жұмысы. | 2 мин. | §24 оқу. | Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады. | |