Компьютер жадының түрлері. Ақпарат тасымалдаушылар

Компьютер жадының  түрлері. Ақпарат тасымалдаушылар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік  мақсаты: оқушыларға компьютер жадының түрлерін және ақпарат тасымалдаушы құралдарын толығымен таныстырып, білімдерін  арттыру.

Дамытушылық мақсаты:сабақ барысында түрлі ойындар арқылы оқушылардың ойлау, есте  сақтау  қабілеттерін дамытып, ақпарат тасуыш құралдармен жұмыс істеуін қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты:оқушыларды  ұқыптылыққа, шапшандылыққа, электронды  есептеуіш машиналармен жұмыс жасау  барысында үнемі  қауіпсіздік  ережелерін есте  сақтауға  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас  сабақ

Сабақтың  әдісі: түсіндірмелі, ойын элементтерін қолдану, сұрақ-жауап, практикалық жұмыстар арқылы.

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, интербелсенді тақта, электронды  оқулық, үлестірме  материалдар, актив студио бағдарламасы.

Қолданылған әдебиеттер: информатика 7 сынып, Ермеков Н, Стифутина Н, информатика 30 сабақ Балапанов Е.Қ Бөрібаев Б.

                                               Сабақ  барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, оқушылардың назарын  сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру кезеңі.  «Кім жылдам?»

ІІІ. Өткен  материал бойынша білімдерін айқындау  кезеңі. Шағын тест жұмысы

IV.Мақсат  қою  кезеңі.

  1. Жаңа материалды меңгерту  кезеңі. «Артық болмас  білгенің!»

VI.Жаңа  материалды пысықтау кезеңі. а)»Ойлан, тап» б) практикалық жұмыс

VII. Жаңа  материалды бекіту  кезеңі. Жұмбақ жасыру

VІІІ.Үйге тапсырма беру, оқушылардың білімін бағалау  кезеңі.

№1 тапсырма. Пернетақтаның                    №2 тапсырма.Компьютердің құрылғыларының

бөліктерінің атауын  жаз!             атауын  тап.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№3 тапсырма.Принтерлердің түрлерін  жаз!      №4 тапсырма. Кестелерді толтыр!

№5 тапсырма.Сөзжұмбақты шеш

1.Сыйымдылығы үлкен қатқыл диск.

2.Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы

3.Қағаздағы кескінді түсіріп, дисплей экранына шығаруға

мүмкіндік беретін құрылғы.

4.Компьютердің «миі».

5.Адамның сенімді және ақылды көмекшісі.

6.Компьютер экранына ақпаратты шығаратын құрылғы.

7.Компьютерге ақпарат енгізуге   арналған  құрылғы

Тест жұмысы

  1. Информатика пәні нені зерттейтін ғылым?

а)ақпараттар жиынтығын

ә)мәліметтерді тасмалдау

б) ЭЕМ – нің көмегімен танбалар мен сигналдарды сақтау зандылықтары

в) ЭЕМ – нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтары

  1. Ақпараттың өлшем бірлігі

А) бид, байт

Ә) код, бит

Б) бит, байт

В) код, бит

3.Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал …

а)компьютер

ә)модем

б) сканер

в) принтер

4.1Кбайтта қанша байт бар?

а)1000 байт

ә)1024 бит

б) 100 байт

в) 1024 байт

  1. 5. Бірінші ЭЕМ қай жылы жасалды және ол қалай аталады?

а)1823, МИНСК

ә) 1946, ЭНИАК

б) 1951, ІВМ

в)1949, ЭНИАК

  1. 6. Қай сөйлем дұрыс?

а) Пернетақта – енгізу құрылғысы

ә) Пернетақта – шығару құрылысы

б) Манитор – енгізу құрылысы

в)Принтер – енгізу құрылысы

  1. 7. Ақпаратты шығару құрылғыларын көрсетіңіз…

а)Монитор, принтер

ә)Монитор, тінтуір

б) Процессор, принтер

в)Принтер, сканер

  1. Жүйелік блоктың ішінде қандай құрылғылар бар?

А)  процессор,қатқыл диск,CD-ROM,дискжетек

Ә) процессор,жады,электронды түтікше

Б)  дискжетек,процессор,пернетакта

  1. Компьютердің ішкі жадысының неше түрі бар?

А)  тұрақты,уақытша жадтайтын құрылғы

Ә)   жедел,тұрақты жадтайтын құрылғы

Б)    жедел,оперативті сақтайтын құрылғы

  1. Принтердің қандай түрі бар

А)  лазерлік;инелік,сиялық

Ә)  матрицалық,инелік,сия бүріккіш

Б)  матрицалық,лазерлік,сия бүріккіш

IV.Мақсат  қою  кезеңі.

Оқушылар білуі тиіс:

-компьютер жадының түрлерін, олардың аталуын.

-компьютердің  ақпарат  тасымалдауыш  құралдарының жұмыс істеу  принциптерін.

-ақпарат тасымалдауыш құрылғылардың  сыйымдылығын.

  1. V. Жаңа материалды меңгерту  кезеңі. «Артық болмас  білгенің!»

VI.Жаңа  материалды пысықтау кезеңі. «Ойлан, тап»

№1 тапсырма.Ақпарат  тасымалдаушы  құралдарлың сыйымдылығын сәйкестендір!

 

№2 тапсырма. Практикалық жұмыс. Компьютерді  қосып, ақпарат тасымалдауыш құрылғыларының сыйымдылығын қарастыру.

 

 

 

 

 

VII. Жаңа  материалды бекіту  кезеңі. Жұмбақ жасыру

  1. Бар нәрсеге жетік,

Миы  күшті  тетік.

Ол  арқылы  сөйлесіп,

Кетесің  шетелге  де  өтіп.          / компьютер /

  1. Әдетте үнсіз тұрамын,

Белгі  берсең  ұғамын.

Жазуы  бар  қағаздың,

Құралы  боп  шығамын.     / принтер /

  1. Компьютердің айнасы,

Бағдарыңды   таңдашы.

Сурет,  сөзін көрсетіп,

Тиер  саған  пайдасы.      / монитор  /

VІІІ.Үйге тапсырма беру, оқушылардың білімін бағалау  кезеңі. Компьютердің  жадының түрлері. Ақпарат тасымалдаушылар. Оқу, тест  құрастыру.