Интернет. Ауқымды желі

Сабақтың  тақырыбы: Интернет. Ауқымды желі

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың интернет туралы білімдерін қалыптастыру, интернеттен ақпаратты іздеуді үйрету, интернетті қолдануды практикада  пайдалану дағдыларын қалыптастыру. Интенеттің  пайдасы мен зиянын талдау.

Күтілетін нәтиже :  
1.Компакт – дискідегі бағдарламаны орната біледі.
2. Бағдарламаны орнатудағы кемшіліктер мен артықшылықтарды талдайды.

Оқыту технологиясы:  Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, АКТ, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқудағы басқару және көшбасшылық

Сабақтың типі:  Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі:  Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Блум таксономиясы, «Х және О» ойыны, «Білген сайын келеді біле бергің…»,  «Іздеген жетер мұратқа…»,  «Академиялық дау — дамай» ,  «Т» стратегиясы, «Таланттыға нұр жауар»

Сабаққа қажетті құралдар: Флиртчат, стикер, фламастер, компьютер.

Сабақтың жоспары:

УақытыСабақты ұйымдастыру формасыМұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
 2 минҰйымдастыру кезеңіАмандасу .Оқушыларды түгелдеуАмандасады Кезекші жоқ оқушыны баяндайды
3 минТоптасуКомпьютерлік желінің түрлеріне байланысты топқа бөлу. Топтық ережемен таныстыруСтикерлер алады
4   минБілім.

«Х және О» ойыны

Интерактивті тақтада берілген ойын шарттары бойынша сұрақтар қою.Сұрақтар белгішесін таңдап,  сұрақтарға жауап береді. Жауап қате болған жағдайда «Х» , дұрыс болса «О» белгішесі шығады.

Жаңа тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап беру арқылы дарынды оқушылар анықталады.

3 минТүсіну.

Ой қозғау

Жаңа тақырыпқа сәйкес интерактивті тақтадан суреттер көрсету,  сұрақтар қою.Суреттерді көреді, қойылған сұрақтарға дәлелді пікірлер арқылы жауап береді.
8 минТоптық жұмыс:

«Галерея»

Әр топқа тақырыпқа байланысты мәлімет жазылғын парақтар тарату. Топтық жұмыс: «Интернет желісі» тақырыбын талқылауды тапсыру Берілген мәліметті жеке оқып түсінеді, топта талқылайды,   топпен ортақ шешімге келеді,      топ басшылары сыныптың кез-келген бұрышына іліп қорғайды қорғайды
3 минМағынаны тану

«Білген сайын келеді біле бергің»

Электронды оқулықтан «Интернет» тақырыбына байланысты деректер көрсету.Элктронды оқулықтан түсінгендерін дәптерге жазып алады.
5  минҚолдану.

«Іздеген жетер мұратқа»

Топтық жұмыс.                        Топтарға тапсырма беру.  Интернеттен ақпарат іздеу.

І топ: «Ұлы Отан соғысындағы қазақ батырлары» тақырыбында мәлімет іздеу.

ІІ топ: Ұлы Отан соғысына байланысты ән жүктеу.

Әр топ өзіне берілген тапсырманы   интернеттен іздейді, іздестіру барысындағы кедергілерді анықтайды, дәптерге жазып алады.
2 минСергіту сәтіБойсергіту  жаттығуын орындату.Бейнефильмнен көрген жаттығуларды бірге қосылып орындайды.
5  минТалдау.

Академиялық

дау — дамай

Интернеттің пайдасы мен  зияны туралы суреттер көрсету. Топтық пікір талас:

«Интернеттің пайдасы мен зияны» тақырыбында пікірталастыруды ұсыну.

Интернеттің пайдасы мен зияны туралы суреттер көреді, мәлімет оқиды, топта талқылайды.

«Интернеттің пайдасы мен зияны» тақырыбында пікірталастырады.

3 минЖинақтау.

«Т» стратегиясы

Интернеттің пайдасы мен зияны туралы жинақталған ойларын тақтадағы «Т» стратегиясы көрсетілген плакатқа жазуды ұсыну.Әрбір оқушы өз ойларын плакат бетіне түсіреді, қалыс қалушылар қалыс қалу себебін түсіндіреді.
3  мин«Таланттыға нұр жауар»Интернет тақырыбына қатысты  өлең шумақтарын құрастыру,  эссе жазуды тапсыру.Интернет тақырыбында бір  шумақ өлең және эссе жазу арқылы шығармашылық қабілеттерін танытады.
2 минСабақты бағалауБлум таксономиясы бойынша бағалау. Жақсы нәтиже көрсеткен оқушылар мен топтар мұғалім тарапынан қол шапалақтау арқылы марапаттау.Оқушылар әрбір жауабын бағалау парағына белгілеп отырады.  Жақсы нәтиже көрсеткен оқушылар мен топтарға аудитория тарапынан қол шапалақтау марапатты көрсетіледі. Сыныптағы оқушылар тізімі көрсетілген плакатқа сынып көшбасшыларын анықтап, Сол оқушылардың тұсына стикерге жеке пікірлерін жазып іледі.
1 минКері байланыс парағыСтикерлер таратуӨз пікірлерін жазады
1 минҮйге тапсырма:Интернет. Ауқымды желі.