Мәтіннің бөліктерін көшіру және пішімдеу (форматтау)
Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің бөліктерін көшіру және пішімдеу (форматтау)
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Оқушыларға MS Word мәтіндік процессорымен жұмыс істеуді үйрету; Мәтінді пішімдеу, белгілеуді, өшіруді, жылжытуды, көшіруді үйрету;
- Дамытушылық: Оқушының WORD редакторында жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру және қабілетін дамыту; Жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс істеуін, олардың білімге деген қызығушылығын арттыру.
- Тәрбиелік: Оқушыны жауапкершілікке және ұқыптылыққа, қазіргі заманға сай білімді, ақпаратты толық меңгеруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ.
Сабақтың жабдықталуы, көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, қосымша таратпа материалдар, бағалау парағы.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру : амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын, қатысуын, оқу құралдарының түгелдігін тексеру .
- Үй тапсырмасын қайталау. (сұрақ — жауап)
“Білімді адамға сыйлық бар” ойыны.
- MS Word дегеніміз не? MS Word бағдарламасын қалай іске қосамыз?
- Жаңа құжат құру үшін қандай команданы орындаймыз?
- Мәтіндік құжат дегеніміз не?
- Мәтін дегеніміз не?
- Мәтінді енгізудің негізгі ережелерін атаңыз.
- Пішімдеу аспаптар панелі не үшін қажет?
- Көшіру, қию, қою командалары қай жолда орналасқан?
- Қатені дұрыстау үшін қандай пернелерді пайдаланамыз?
- Құжатты қалай сақтауға болады?
- Баспаға шығару үшін қандай команданы орындаймыз?
III. Компьютермен жұмыс.
“Мәтін бөліктерін көшіру және пішімдеу” тақырыбында
тапсырмалар орындау.
Тапсырма №1
Өздерің терген «Ай мен Күн» қазақ халық ертегісінің үзіндісі бар қапшықтарыңды ашып, дербес компьютерде көшіру, қиып алу, қою (кірістіру) жұмыстарын орындаңыздар.
Тапсырма №2
- 1. MS Word бағдарламасын іске қос.
- Мәтіннің өлшемі -14, курсивпен жаз.
- Гүлдің аттарын жартылай қалың қаріппен, астын сызып жаз.
- «Гүлдер» деген атпен сақта.
Гүлдер.
Маусым — шілде айларында орманда және жол маңайында өсіп тұрған қызғылт немесе ақ түсті, өткір жұпар иісі анқыған ірі гүлді итмұрын немесе жабайы раушан жиі кездеседі.
Итмұрынның сабақтары мен қысқа шыбықтары, тіпті жапырақтарының өзектері улы шөп жейтін жануарлардан қорғайтын өткір тікенектерімен жабылған.
Тапсырма №3
Мәтінді қатесіз, шапшаң теріп жаз.
1). Мәтіннің қатесін тексеру. Оны белгілеп, қаріпін – Times New Roman, қаріп өлшемін – 16, орта бойынша туралау.
2). Соңғы сөйлемді қиып алып, екінші сөйлемнен кейін кірістіріп қою. Бірінші сөйлемнің көшірмесін соңына қою.
3). Мәтінді курсивпен жазып, Қазақстан деген сөздердің бәрін жартылай қалың қылу.
Менің туған жерім Қазақстан. Қазақстан жері кең байтақ. Ол жерінің үлкендігі жөнінде тоғызыншы орында тұр. Біздің Отанымызда жүзге жуық ұлттар мен халықтар өмір сүреді. Қазақстан Еуразия құрылығында орналасқан. Олар Қазақстанды туған жеріміз, Отанымыз деп есептейді.
Мой родной край Казахстан. Земля Казахстана огромная и большая. Казахстан является девятой большой страной во всем мире. В нашей стране живут больше ста национальностей и нации. Казахстан рассположена на Евразийском материке.
My native land is Kazakstan. The land of Kazakstan is lange. Kazakstan is the langest country in the world. In Kazakstan there are 100 nations and nationalities. Kazakstan is situated in the continent of Eurasia.
- «Топтастыру» — атқаратын қызметіне қарай суреттерді жеке — жеке топтастыру. (әр объектіге -1ұпай)
|
| |||||
| ||||
| ||||
|
- Сөзжұмбақ шешу. “MS Word”.
- Тінтуірдің ағылшын тілінде аталуы?
- Бұл перне меңзердің сол жағындағы символды өшіру үшін керек?
- Ағылшын тілінде сөз не деп аталады?
- Үй ағылшын тілінде қалай аталады?
- Жаңа жолға түсу үшін осы пернені пайдаланады?
- Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді?
- Бекіту.
1.“Word – та нені үйрендік? ” Соған тоқталып, дәптерлерімізге жазып
шығайық .
- MS Word мәтіндік процессорының терезесінің элементтерін атап жазу.
VII. Оқушыларды бағалау: Оқушылар өздерін өзі бағалайды. Мұғалім толықтырады.
VIII. Үйге тапсырма беру: «Менің отбасым» атты тақырыпқа шығарма жазып келу. Мәтіндік құжатты пішімдеу.