Сабақтың тақырыбы: Басқару операторлары. Шартты оператор

 

Сабақтың тақырыбы:Басқару операторлары.

Шартты  оператор

Сілтеме9 – сынып «Информатика»  Б.Қ.Сапарғалиева
Жалпы   мақсатыШартты операторлардың жазылу тәртібімен таныстыру және тармақталған алгоритмдерді программалауды түсіндіру.

Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Программалау тілінде жұмыс жасай білу дағдыларын, ойлау қабілеттерін, өз білімдерін сауатты түрде жеткізе білуді, пәнге деген қызығушылықты дамыту.
Алған білімдеріне жауапкершілікпен  қарауға,  өз мүмкіндігіне  сенуге, үлкен жетістікке  ұмтылуға үйрету.

 

Оқу нәтижелері
  • Шартты  көшу  операторларының  ерекшелігін  ажырата   біледі.

Шартты және шартсыз көшу, таңдау операторлары туралы түсінеді.

  • Шартты  операторға математикалық  модельді   қолданып бағдарлама  құрыңыз
  • Тармақталу  командасының  толымды  және толымсыз   операторларының ұқсастығы  мен  айырмашылығын талдайды
  • Шартты  оператордың  тармақталу   процестерін  салыстырады
  • Шартты  оператордың  тармақталу   процестерін   жинақтайды
  • Тақырыптың   мазмұнын   тұжырымдайды.
Сабақ  түрі:Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі:ОЖТ (оқытудын жаңа тәсілдері): Топтық жұмыс, зерттеушілік әңгіме

СТО: Блум таксономиясы жоғары және төменгі деңгей сұрақтары

АКТ: интерактивті тақта,электрондық оқулық

ОБжК: (оқытуды басқару  және көшбасшылық): таныстырылымды қорғау

ОҮБ: (формативті, сумативті)

Дарынды және талантты  балаларды оқыту: Деңгейлік

                                                                                     тапсырмалар

КөрнекілігіДК, интерактивті тақта, ЭО, деңгейлік тапсырмалар, стикер, түрлі түсті қалам, постер.
Түйінді идеяларБірлескен топтық жұмыс оқушылардың ынтымақтастығын дамытудың қуатты құралы болып табылады.
Тапсырма мазмұны, уақыты.Мұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекетіОрындалатын әдіс-тәсілдер
1.ұйымдастыру:

(2 минут)

 

Ынтымақтастық атмосферасын орнату мақсатында оқушыларды топқа бөлу.Түрлі-түсті қағаздарды таңдау және  түстер бойынша бөлінеді.Қолдарындағы қағаздарда жазылған сөздерден тілек құрастыру тапсырылады.

 

 

 

 

Топқа алған қағаз түсіне байланысты бөлінеді және қолдарындағы қағаздарда жазылған сөздерден жылулық сезімдерін білдіретін тілектер құрастырып әр топ барлық оқушыларға арнайды 
2. үй тапсырмасын сұрау.

 

2). «Кубизм» тәсілі арқылы   мәлімет  типтері туралы сұрақтар қояды

және қандай тиімді жолмен шешуге қатысты сыни ойлаудың сұрақтары жазылған кубикті слайдта көрсетеді. Әр топ өзінің санын айтып, жауап  береді. Кубиктің әрбір санына сәйкес сұрақтар беріледі.

 

Блок-схемада  мәліметті   енгізу,  шығару  қандай  фигурамен  сызылады.

 

Паскаль  тілінде  программа  неше   бөліктен  тұрады?

 

Мәліметтердің   қарапайым  түрлерін  қалай  атау  қабылданған.

Стандартты  типтер  туралы  мәлімет.

 

Өрнектiң мәнiн табыңыз: х=3 болған жағдайда sqr(sqr(x))=…

 

Сызықтық   программа   дегеніміз  не? Өмірден  қарапайым мысал  келтір

 

Сандардың   типтерін  сипаттап,  талдаңыз?

 

Топпен ұйымдасып, кубиктің санын таңдап, берілген сұрақтарға жауап береді.

Кубикте  сұрақтар  мына  тапсырмалардың  негізінде  құрастырылды.

 

1.            жағы-суреттеп беріңіз.

2.            жағы-салыстырыңыз.

3.            жағы-зерттеңіз.

4.            жағы-қолданыңыз.

5.            жағы-бұл туралы ойлағанда көз алдыңызға не елестейді ?

6. жағы-талдаңыз

 

 

 

 

Сын тұрғысынан ойлау.

Слайд, АКТ, дидактикалық материалдар;

 «Жаңа ақпарат».

6  минут

 

Тақтада шартты  операторды  тармақталу  процесінің  алгоритімін, графикалық  моделін  бағдарлама  құру  әдісімен шешу  түсіндіріледіОқушылар мысалды дәптерлеріне жазып алады.

 

Флипчарт, плакат
 «Түсіну»

(неге? себебі? неліктен?

Сұрақтары

қатыстырылған тапсырмалар болу керек)

1.Программаның үзінділер жұмысының нәтижесін жаз.

x=1 болғанда

if x>=0 then x:=x+1

else x:=x+2;

Жауабы: х=3

2.Не себепті төмендегі программаның үзіндісінде нәтижесі х=11 болады?

х:=10

If x>=6 then x:=x+1

else x:=x+2;

Жауабы: Себебі, программаның шартында 10 саны 6 санынан үлкен, яғни ақиқат болғандықтан нәтижесі х=11 болады.

 

3.Неліктен төмендегі программаның үзіндісінде нәтижесі х=7 болады?

х:=5

If x>=6 then x:=x+1

else x:=x+2;

Жауабы: Себебі, программаның шартында 5 саны 6 санынан кіші, яғни жалған болғандықтан нәтижесі х=7 болады.

Оқушылар   программа  үзіндісінің  нәтижесіне  жауап  береді.Сын тұрғысынан ойлау.

 

Практикасы:

«Қолдану»

 

Оқулықпен  жұмыс  1  мысалды Turbopascal  бағдарламасында орындауОқушылар  компьютерде  бағдарлама  құрадыАКТ, сын  тұрғысынан  ойлау
«Талдау»«Күлте жапырақшалар» бәсекелестік әдісі

Компьютерде  электронды  оқулықпен  тапсырмалар  орындайды

қай оқушы  көп  күлте жапырақшаларды жинап, гүл жасауын түсіндіреді. Белгілі уақыт аралығында олардың жасаған жұмыстарына қарап бағалау береді.

Әрбір дұрыс шығарылған бір есепке бір күлте жапырақ беріп отырады. 

Оқушылар бәсекелесе отырып, топпен бірлесіп тапсырмаларды   орындайды.Күлте жапырақшалар жинау арқылы гүл құрастырады.

 

Слайд, ноутбук, плакат, күлте жапырақшалар
«Жинақтау»
Y:=A-X
Y:=X-A
Y:=A+X
X>A
Х<>0

Cәйкес келетін блок-нұсқаларды қолдана отырып, фразалар мен үзінділер программасын жаз.

 

иә

 

жоқ                                             иә

 

жоқ

 

 

 

 

If  Х<>0   then

If  Х>A   then  Y:=X-A

else Y:=A-X

else

Y:=A+X;

   Оқушылар  интерактивті  тақтада  сәйкес келетін блок-нұсқаларды қолдана отырып, фразалар мен үзінділер программасын жаз         жазадыБлок   схема
«Бағалау»Компьютерде  тест  жұмысын  орындайдыӨзін-өзі  бағалау  парақшасына  тест  қорытындысын  жазадыТестік   бағдарлама
Рефлексия:

2-3 мин.

 Өзін-өзі бағалау  парағы,

«Екі жұлдыз, бір  тілек».Сабақтың ұнағаны мен түсініксіз болған тұстарын өз қалауы бойынша жазып тақтадағы плакатқа іледі.

(немесе оқушылар ауызша да айта алады.)

 

Стикер,  плакат
Үйге   тапсырмаОқулық  §  6  оқу  Практикалық  жұмыс  12

 

 

 

 

                                                                                          

 

Кері   байланыс