Компьютерлік ойындарының және теледидар, ұялы телефон бағдарламаларының балаға әсері
Компьютерлік ойындарының және теледидар, ұялы телефон бағдарламаларының балаға әсері
Компьютер адамзаттың өркениет жолымен дамуына ықпал ететін басты құралдардың бірі екені даусыз. Қай салада болмасын компьютер кеңінен қолданылып, адамдар тіпті онсыз өмір сүруін елестете алмайтындай дәрежеге жетті. Бүгінгі күні теледидар мен компьютер, ұялы телефон балалардың айрылмас досы болып алды. Компьютердегі түрлі қызықты ойындар, тез хабар алмасу жасөспірімдерді тәнті етеді.
Оқу мен тәрбие, білім барлығы адам санасының психикасының даму үстінде қалыптасып, игеріліп, өмірге құлаш ұрған жастардың болашақтағы жейтін нандарына септігін тигізетін маңызды мәселенің бірі.
Осы орайда мемлекетіміздің өсіп келе жатқан жас ұрпақты тәрбиелеуде 11 жылдық мектепте үздіксіз білім беруде еңбек етіп жүрген ұстаздардың тарапынан оқушыға қойылатын ескертпенің бірі әр оқушыдағы ұялы телефондағы агент.
Ұялы телефон арқылы Mail.ru agent жүйесімен тілдесу оқушылардың және жастардың сүйікті ісіне айналды. Агент ауруы – аз-аздап ақыл жинап жатқан жас ұрпақты алдап, арбауда. Денсаулығын жеп, қаражатын пайдасыз жұмсауда. @mail.ru агентіне кіру арқылы бала әр секунд сайын түрлі ақпараттың әсеріне тап болады.
Білім мен қарулану бұл болашақ өсіп келе жатқан жас ұрпақтың міндетті парызы болса, сол білімді беру, оқушының санасына құю ұлағатты ұстаздардың міндеті. Ал, осы екі ортада шешілмей жүрген мәселенің бірі осы агент. Ұстаздар қауымы оқушыларға: «Телефонды қой!, Ұстама!, Сабағыңды оқы!, «ҰБТ» — ға дайындал!»,- дейтін болса оқушылар қауымы агентсіз тұра алмауда.
Телефон ең алдымен байланыс яғни сөйлесу құралы. Бірақ, неге екенін білмедім, көптеген бала-шаға оны ойын, уақыт өткізу құралына айналдырып жүр. Осылайша олардың алтын уақыттары осы ұялы телефонмен өтеді. Тәулігіне 24 сағат болса, олар соның 12-13 сағатын осы қалтателефонмен өткізеді. Мектеп оқушыларының көбі, оны сабақ үстінде пайдаланады. Әуен тыңдайды, клип көреді, кейде сондағы әуенге еліктеп ұйқылы-ояу маужырап сабақта отырады. Ал сергек отырғандарының өзі бір-біріне агент арқылы «хат» жазып, сабаққа тіпті көңіл бөлмейді. Бұл тірлік, өкінішке орай, үйге келген соң да қайталана береді.
Бір алаңдататыны аз дегенде 10 жылдан бері ұялы телефон қолданған адамдарда кейбір ми қатерлі ісігінің кездесу жиілігі телефонды қолданбаған адамдарға қарағанда тым көп екені анықталып отыр. Телефоннан бөлініп шығатын зиянды заттар баланың әлі қалыптасып үлгермеген иммундық жүйесіне зақым келтіретіндіктен ойын баласына ұзақ уақыт телефонды ұстатып қоюға болмайды екен. Ал жақында шетелдің мықты мамандары: «Ұялы телефон ер балаларға басқа да зиянды заттарға қарағанда екі есе көп зиян келтіреді» деген тұжырымдар жасады. Өйткені ұялы телефон ер адамдардың репродукциялық (бала туғызу) қызметіне айрықша зиян екен.
Қазір балалар жиі қолданатын құлаққаптың (наушник) да зияны өте көп. Ол құлақ тамырларының жүйке талшықтарын тітіркендіріп, әлсіретеді. Дәрігерлер құлаққапты күніне 3 сағаттан артық пайдаланған адамның есту қабілеті әлсірейтіні былай тұрсын, музыка мен сыртқы дауысты қатар тыңдаудан артық салмақ түсетін жүйке талшықтары тез тозатынын айтады. Ата-аналар балаларына ұялы телефонды байланыс және бақылау құралы ретінде алып береді. Ал оның баларының қай бағытта пайдалануын үнемі бақылай алмайды. Мектеп әкімшілігімен мұғалімдері шаштарын ағартып білім беруде оқушыларға ұялы телефондарды сабақ үстінде пайдалануға тыйым салып, сынып жетекшілері ата-аналар жиналыстарында бұл жөнінде үнемі ескертеді. Мектепте ұялы телефон оқу құралдарының құрамдас бөлігі ретінде қарастырылмағандықтан, оны пайдалану тәртіп бұзушылық ретінде қарастырылып талаптар мен ережелерге, мектеп Жарғысына сәйкес шаралар қолданылады.
Баланың сабақ кезінде ұялы телефонды пайдалануына Қазақстан Республикасының Заңдары бойынша тыйым салынбаған, сондықтан бұл жағдай әр мектептің ішкі ережесіне сәйкес, ата-аналардың келісімімен реттелуі тиіс.
Қорыта келе ұялы телефон қолданған кезде ескеретін жайт:-ҰБТ-ға педагогикалық – психолгиялық дайындықты қарқынды жүргізуде мектеп оқушыларының ұялы телефоннан және агенттен аулақ болуы керек. — Ұялы телефонмен мүмкіндігінше қысқа сөйлесуі керек. -Қажеті жоқ әңгімеден аулақ болып, жақын жерде тұрақты телефон болса соны қолдануы керек. -Денсаулығын ойлайтын азамат болса, жан-жақты ұялы телефоннан гөрі, жай қарапайым ұялы телефон ұстауы керек, себебі көзге де қатты әсер етеді. -Тым экраны жарық шашатын ұялы телефонды қолданғанда, жарықты жағып қолдану керек, себебі қараңғыда ұялы телефондағы химиялық зат адамның денсаулығына екі есе әсер етеді. -Ұялы телефонмен сөйлескен кезде балалардан алыс жерде болу керек. Телефонның сөйлесуден басқа ерекшеліктерін қолданудан қашқақтау керек.
Осы күні жас сәбилердің де телеарнаны өз бетімен қосып алып, қалаған мультикті көре беретіні ешкімді таңырқатпайтын болды. Ал біздің бала кезімізде радиоланы қосудың өзі «заманауй» жастарға тән секілді көрінетін. Дегенмен соңғы жылдары балалардың ақпараттық технологияны пайдалануына шек қою қажеттігіне көз жете бастады.
Әрине, қазіргі оқу жүйесін компьютерсіз көзге елестету мүмкін емес. Іс жүзінде мектептегі барлық сабақ интерактивті тақтаны пайдалану арқылы өтеді. Оның үстіне қазір мектепке дейінгі мекемелерде компьютерлік сауаттандыру кабинеттері бар, онда үлкен және дайындық топтарындағы тәрбиеленушілер электронды оқулықтар арқылы компьютермен танысып, мектепке дайындалады. Жалпы білім беру мектептерінде балалар қауіпсіздік талаптары мен санитарлық-гигиеналық нормаларды оқытушының көмегімен сақтай отырып белгіленген уақытта компьютермен «сөйлеседі». Ең қиыны балалар үйге келген соң, ата-анасы жоқта теледидар мен компьютерді қосып жоғары технология әлемімен бетпе-бет қалады. Экрандардан біздің балаларымызға мультиктің құбыжық кейіпкерлері тіл қатады, атыс-шабысты, зорлық-зомбылықты, жалаңаш әйелдердің қылықтарын көрген балаға соның бәрі дұрыс көрінеді. Бұларды көрген бала сабақты да естен шығарады. Жарты күн интернетте отырған бала жатарда ұялы телефонды жастанып жатып, түннің бір уағына дейін құрдастарымен хабар алмасады. Осының бәрі баланың психикасын бұзып, көзінің көру қабылетін нашарлатады. Ал көптеген ата-ана баласының үйде отырғанына мәз болып, оның қаншалықты зардап шегіп жатырғанын елемейді. Көру қабілеті нашар, жасына жетпей көзәйнек киетін балалардың саны болса жыл сайын көбейіп келеді.
Ақпараттық ресурстардың тұрақты өсуі қазіргі қоғам дамуының заңды процесі болып отыр, бірақ бұл жеке тұлғаның қалыптасуына кедергі де болып отыр. Ақпараттық технологиялар жасөспірімдердің психикасына, денсаулығына кері әсер етіп отыр деуге болады.
Өзіңіз компьютерде көп отырған баланы байқап көріңіз, олар ашуланшақ, әрі бірдеңені тез түсіне алмайтын болып қалыптасып келе жатыр.
Компьютерде көп отыратын балаларды бақылаған кезде жасөспірімдердің даму деңгейінің төмендейтіні, сөздік-қисындық ойлауының нашарлайтыны, назар аудару қабілеті мен сараптамалық қабілетінің әлсірейтіні белгілі болған. Көптеген балалар естіген нәрсесін үлкен қиындықпен түсінетін болған. Ондай балалар жаңа ғана айтқан нәрсені есінен тез шығарып, тіпті сөйлем құрауға қиналады екен. Осылайша қазіргі шақта ақпараттандырудың жақсы жағы ғана емес, осынау прогрестің жағымсыз тенденциялары да байқалып отыр. Сондықтан баланы компьютерден шама келгенше алыс ұстаған абзал.
Дәрігерлермен психологтардың ұзақ уақыт жасаған зерттеулерімен оның қорытындысы компьютермен ұзақ уақыт жұмыс жасау, компьютерлік ойындарды мөлшерден тыс ұзақ уақыт ойнаудың балаларға төмендегідей зияны бар екендігін дәлелдеді.
Яғни, тапжылмай ұзақ уақыт компьютердің алдында отыру, біріншіден, баланың ой-өрісінің дамуын шектесе, екіншіден, оның мінез-құлқының өзгеруіне, логикалық ойлау қабілетінің бірте-бірте төмендеуіне әкеліп соғады, баланың, ақыл ойының дамуын тежейді. Компьютердің алдында үзіліссіз жұмыс істеу баланың қан қысымын көтереді, және миопия, (көз жанарының алыстан немесе жақыннан көру қабілетінің төмендеуі) құлақтың есту қабілетін төмендетеді, баланың ұйқысы бұзылып асқа тәбеті болмайды. Ал ұйқысы қанбаған баланың зейіні төмендейтіні белгілі. Сонымен қатар омыртқаға көп күш түсетіндіктен сколиоз (омыртқа буынының қисаюы) омыртқа ауруына шалдығуы мүмкін, бұған қоса электрленген сәулелер саусақ ұштарына әсер етіп , қолдың буындарына зақым келтіреді.
Осылайша жалғаса берсе баланың әдеби кітаптарға, ізгілік қасиеттілік ойындарға қызығушылығы төмендеп, компьютерге тәуелділікке әкеліп соғады. Сондықтан да жоғарыда айтылған жағдайларды ескере келіп, баланың денсаулығын сақтаймын десе ата-ана төмендегідей жағдайларды бұлжытпай орындағаны дұрыс.
— 1-4 сынып оқушылары тәулігіне 30-40 минут , 5-8 сынып оқушылары тәулігіне 40-50 минут, 9-11 сынып оқушылары 60 минуттан артық отырмауы керек.
— жұмыс орнын өзіңізге қолайлы етіп әзірлеңіз.
-бала монитордан 70 см қашықтықта жұмыс істегені жөн компьютер тұрған бөлме жарық болғаны дұрыс.
— компьютермен жұмыс істегенде реттелетін кресло немесе орындықты қолданыңыз.
— биiктiгі бойынша пернетақта сiздiң шынтақтарыңыздың деңгейінде болуы керек.
— егер компьютерде 2 сағаттан артық отыратын жағдай туындай қалса, арнайы көзәйнекті пайдаланыңыз.
— өз көздерiңізге демалыс беру үшін көз жаттығуларын жасаңыз.
— баланың үй тапсырмаларын орындамай тұрып компьютер пайдалануына шек қойыңыз.
Демек, кез-келген ата-ана балаларына компьютердің зияны туралы уақыт сайын ескертіп отырғаны дұрыс. Жалпы шамадан тыс компьютер алдында отыру баланың ғана емес ,үлкеннің де жүйкесін жұқартып, жоғарыдағы аталған дерттерге әкеліп соғатынын есте ұстаған дұрыс .