Мәтінге сурет кірістіру. Құжат бөліктерін көшіру және жылжыту

Cабақтың тақырыбы:      Мәтінге сурет кірістіру. Құжат бөліктерін көшіру және жылжыту

Сабақтың мақсаты:          1. Білімділік: Оқушыларға Word-тың графикалық мүмкіндіктерін көрсету. Оларды мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіруді үйрету, басқа программалардан, сканерден, файлдардан сурет алып мәтінге кірістіру жолдарын түсіндіру, құжат бөліктерін көшіру мен жылжытуға үйрету.

  1. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютерлік жұмыс істеу шеберлігін  одан әрі шыңдау және  оны  өмірде қолдана  білуге  ықпал  жасау, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
  2. Тәрбиелік: Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға, компьютерлік сауаттылыққа, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі:                   жаңа оқу материалын игерту.

Сабақтың түрі:                   Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдер:                      Практикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілікті. Зертханалық жұмыс.

Сабақта қолданылатын

көрнекі құралдар:              ДК, Microsoft Office Word 2003, 2007 бағдарламасы, интерактивті тақтада  дайындалған слайдтар, Activpen қаламы, Activslate құрылғысы, телеграфтық лента, аналогтық сағат, деңгейлік тапсырмалар, оқулық, жұмыс дәптері, оқушылардың бағалау және эмоционалдық  жағдайын анықтау парағы.

 

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

ә) сабақтың мақсаты мен шартын жариялау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

      Қорытындылау

ІҮ. Жаңа тақырып.

Ү. Практикалық жұмыс.

ҮІ. Сабақты бекіту

ҮІІ. Үйге тапсырма

ҮІІ. Бағалау.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Отырыңдар!

Бүгін біз MS Word мәтіндік процессорында жұмысымызды жалғастырамыз.

  1. Сабақты бастамас бұрын қауіпсіздік техника ережесін айтып шығамыз. Әрқайсысың бір ережеден айтып кетесіңдер, қайталанбауы тиіс.
  2. Үй тапсырмасын өтілген тақырып бойынша сұрақ алу.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  • МS Word қандай редактор?
  • Іске қосу реті қандай?
  • Мәзір жолында не орналасқан?
  • Мәтінді терудің қандай ережелері бар?

 

Үй тапсырмасын қорытындылау: /тест/

1./Құжатты пішімдеу, редакциялау/ Бос жолды жою үшін….. пернесін басу керек

А/ DELETE*

В/ INSERT

С/ ESC

2./MS WORD/ Мәтіндегі сөзді ерекшелеу үшін мыналар қажет

А/ Түзету-Ерекшелеу-Сөз командасын беру

В/ сөзге оң батырманы түрту және Ерекшелеу командасын таңдау

С/ сөзді екі рет түрту*

3.WordArt объектісі мыналар үшін арналған

А/ мәтінді пішімдеу

В/ объектілерді ендіру

С/ мәтінді рәсімдеу*

  1. Графиктік редакторды көрсет.

А) MS WORD

В) PAINT

С) MS EXCEL.

  1. Компьютер жүрмей қалғанда қай әрекетті  жасаған  тиімді?

А)  CTRL + ALT + DELETE;

В) ALT+SHIFT;

С) ALT+PRINT

6.  Құжаттың басына шығу үшін

А) CTRL+ Ш

В) CTRL+ HOME

С) CTRL+ END

  1.  батырмасының міндеті қандай?

А) Жаңа құжат құру;              б) Құжатты сақтау;

ә) Құжат ашу;                          в) баспаға шығару.

  1. батырмасының міндеті қандай?

А) Жаңа құжат құру;              б) Құжатты сақтау;

ә) Құжат ашу;                          в) баспаға шығару.

  1. батырмасының міндеті қандай?

А) Жаңа құжат құру;              б) Құжатты сақтау;

ә) Құжат ашу;                          в) баспаға шығару.

  1. батырмасының міндеті қандай?

А) Жаңа құжат құру;              б) Құжатты сақтау;

ә) Құжат ашу;                          в) баспаға шығару.

  1. қандай қатар?

А) Мәзір қатары;                                 б) маркерлер;

ә) құрал-сайман тақтасы;       в) қалып-күй қатары.

  1. Солдан оңға қарай қай перне көмегімен өшіруге болады?

А) Shift             б)Backspace

ә)Delеte                         в)Alt

  1. Оңнан солға қарай қай перне көмегімен өшіруге болады?

А) Shift                        б)Backspace

ә)Del                             в)Alt

  1. Бас әріппен жазуға арналған перне.

А) Shift                        б)Backspace

ә)Del                             в)Alt

 

ІҮ. Жаңа сабақ

Ал енді жұмыс дәптерін ашамыз.

Бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын жазамыз. «Мәтінге сурет кірістіру. Құжат бөліктерін көшіру және жылжыту». Бұл сабақта біз:

—  Word мәтіндік процессорының графикалық мүмкіндіктерін;

—  мәтіндік құжатқа суретті қалай кірістіруді;

—  автофигуралардың көмегімен бейне жасауды біліп;

—  құжат бөліктерін көшіру мен жылжыту тәсілдерін меңгеруіміз керек.

Сонымен, Word-тың графикалық мүмкіндіктері:

  1. Графикалық редактордан кірістіру.
  2. Сурет салу панелін қолданып графикалық бейне жасау.
  3. Дайын суреттер кітапханасынан алынған суреттерді кірістіру
  4. Фигуралық мәтін кірістіру.

 

Көптеген құжаттарда  әртүрлі  иллюстрация түріндегі  объектілер бар.

Word  редакторында  мәтіндік құжат  ішіне  алдын ала  басқа программаларда  дайындалған фирмалық таңбалар, диаграммалар,графиктер,суреттер және дыбыстық  объектілерді еңгізуге болады.

Құжат ішінде  отырып  , оны белгілеп алып  кез келген өңдеу командаларын  орындауға болады . Бұл обьект  құрылған программаны іске қосу үшін  обьектіні  белгілеген соң тышқанды екі рет  шертеміз.

 

 

Кірістіру       → Сурет  ( Вставка   →    Рисунок)  командасын орындай отырып,мәтінге:

 

                   

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А)Картинкаларды (ClipArt   программасының обьектілерінен)

ә) Басқа файлдағы  обьектілерді

б) Автофигураны

в) WordArt  обьектісін.

г) Сканерден

д) Диаграмма ( Excеl  электрондық  кестесінде  құрылған диаграмма ларды)

енгізу мүмкіндіктері бар

 

  1. Мәтінге Clip Gallery программасының обьектілерін енгізу

 Сурет → Картинкалар  командасын  орындағаннан кейін , экранға әр түрлі  графикалық  қосуға мүмкіндік беретін  терезе ашылады.

Бұл терезе  графика ,суреттер,дыбыстар ,видео астарлы беттерінен тұрады.

Графика  -бұл астарлы  беті ашқанда  Clip Gallery кітапханасынның бөлімдері мен ондағы суреттер шығады. ClipArt программасының терезесі жиыны көрсетіледі

 

 

Қажетті суретті ерекшелеп , оң жақтағы  кірістіру  батырмасында курсорды  шерту арқылы курсор тұрған жерге сол суретті енгіземіз.

 

  1. Файлдан объект енгізу

Объектілерді  алдын ала құрып ,файлға сақтап қойып,кейін оны ішіне байланысқан объект ретінде енгізуімізге болады.

Кірістіру→ Сурет → файлдан  крмандасын орындаймыз.

Сурет енгізу   сұхбат терезесінде  енгізілген  объекті орналасқан  файл атын көрсетеміз

 

  1. Сканерден объект енгізу

 

 Егер , қағаздағы  құжаттың  , суреттің көшірмесін  компьютер  экранына  шығару мүмкіндігін беретін  сканер құрылғысы болса , оны компьютерге қосамыз.

  1. Сканерден көшірме қойылатын  орынға  курсорды  орналастырамыз.
  2. Кірістіру→ Сурет → сканерден командасын орындаймыз

 

 

  1. WordArt  объектілерін енгізу

  Фигуралық мәтінді  жазу үшін  арнайы WordArt   программасын  қолданылады.

 Сурет салу  саймандар тақтасындағы WordArt   объектісн қосу 

                                                                                                                    батырмасы

      немесе   Кірістіру → Сурет → WordArt      командасын    пайдаланамыз

  Мәтінді әртүрлі  тәсілмен  бейнелеп жазу ,оған көлеңке салу , қисайту , айналдыру ,созу ,    үлкейту , қысқарту мүмкіндік  береді

«WordArt  объектісінің жиынтық»  терезесі

  1. Тышқан курсорын мәтін  қойылатын  орынға  орналастыру
  2. Кірістіру → Сурет → WordArt орындаймыз
  3. Ашылған терезеде мәтінді жазу стилінің өзімізге ұнаған  біреуін  таңдап аламыз  да, ОК  батырмасын басамыз.
  4. Объектіде тышқанды екі рет шертсек , Мәтін өзгерту  терезесі ашылады.

 

6 . Автофигуралар объектісін енгізу

Бұл менюдің құрамында   сызықтан басқа негізгі  фигуралар , фигуралық бағыттаушы , блок-схемалар, жұлдызшалар,ленталар, түсіндірмелер  деген әрқайсысы  бірнеше  саймандардан тұратын  командалық жолдар.

 

  1. Кірістіру → Сурет →Автофигуралар

 

  

 

 

  • Бекіту

 

 Тапсырмаларды орындау  (Мұғаліммен  бірге орындау)

 

    Тапсырма  №1

  1. Жаңа құжат құрыңыз . Clip Gallery программасының Білім бөліміндегі  өзіңізге ұнаған   объектіні   мәтін ішіне енгізіңіз.
  2. Осы объектінің астына .  Ы.Алтынсариннің   мына  нақыл сөзін теріп   жазыңыз «Мұғалім- мектеп жүрегі»

 

 Тапсырма №2

  1. Жаңа құжат ашыңыз , WordArt жиынтығынан   біреуін таңдап  ,  «информатика»   сөзін  жазып  шығыңыз.
  2. Информатика сөзін әр түрлі бағытта бұрып  отырып , өзіңізге ұнаған  күйде  қалдырыңыз.

 

Көзді талдыртпау және шаршатпау жаттығулары:

 

Бірнеше ондаған минут қозғалмай  отырып компьютермен ұзақ уақыт бірсарынды  жұмыс істеген кезде жағымсыз сезім, дене ұйығандай болып, шаршау пайда болады, көз талады. Осыларды болдырмау үшін  сабақ барысында  1-2 рет  келесі жаттығуларды орындау керек.

Көздің талуын болдырмау жаттығулары:

  1. Қарау бағытын өзгерту: алысқа-мұрын ұшына, солға –оңға, төмен-жоғары.
  2. сағат тілі бағытымен және қарсы бағытта көзді айналдыра  бұрып қарау.
  3. Көзді жұмып, қолмен жауып, 1-1,5 минут отыру.

Шаршауды болдырмау жаттығулары:

  1. Сағат тілі бағытымен және қарсы бағытта басты айналдыра бұру.
  2. Басты кезекпен екі жаққа бұру.
  3. Саусақтарды жұмырыққа жұму, қолдың ұшын босаңсыту.
  4. Оңға-солға бұрылып, қолды сермеп, керіліп-созылу.

 

І. Графикалық редактордан кірістіру алгоритмі:

  1. Графикалық редакторында сурет салу
  2. Суретті ерекшелеп алып, алмасу буферіне енгізу
  3. Суретті алмасу буферінен алып, құжатқа кірістіру.

  4. Мәтіндік құжатты ашу және меңзерді сурет кірістірілетін жерге апару.

 

 

 

ІІ. «Сурет салу» (Рисование) панелін қолданып графикалық бейне жасау

  1. Аспаптар панелінен Автофигуралар командасынан қажетті фигураны таңдау.
  2. Суретті ерекшелеп алып, сызықтың түсін, типін өз қалауыңша ауыстырасың.
  3. Суретті белгілеп алып, құю командасын орындай отырып бояйсың.
  4. Салынған сурет еркін бағытта жылжу үшін оны белгілеп алып, аспаптар панелінен Обтекание қосымшасынан вокруг рамки және т.б.таңдап, ОК шерту.

 

 

 

ІІІ. Дайын суреттер кітапханасынан алынған суреттерді кірістіру

A
A1
B
C
D
D1
C1
X
Y
Z
  • Сурет қойылатын жерге курсорды орналастыру қажет
  1. Қою – Сурет – Картина (Вставка-Рисунок-Картина) командасын таңдау керек.
  2. Пайда болған терезеде Word-тың деңгейіне байланысты әр түрлі суреттердің тізімі ұсынылады
  3. Суреті бар файлдардың атын таңдап, ОК батырмасын шерту керек.
  4. Таңдалынған сурет құжатқа орналастырылады.

 

 

ІҮ. Фигуралық мәтін кірістіру.

  1. Курсорды мәтіннің басына орнатыңдар.
  2. Вставка – Рисунок – Объект WordArt командасын орындаңдар.
  3. Коллекция WordArt диалогтық терезесінде ұнаған қаріп стилін таңдап, ОК шерту.
  4. Изменение текста WordArt диалогтық терезесі пайда болады ондағы Текст надписи өрісіне өздеріңнің мәтіндеріңді енгізіп, ОК шерту.
  5. Мауспен фигуралық жазбаны орнатыңдар.

 

Тапсырма: Төменде берілген мәтінді теру.  Достық деген атаумен сақтау.

Дос табу оңай емес…

«Бір дос бар қолыңдағы мал шашқанша, бір дос бар маңдайынан тер шыққанша, бір

дос бар көкірегінен жан шыққанша» — деген нақыл сөздер әртүрлі достарға арналған. «Бірлесіп көтерген жүк жеңіл» дегендей, қиындықта да, қуанышта да қасыңда досың болса, бірлесе бірлік арта түскендей сезіледі. Өмірдің шырғалаң бұрылыстарында жол табуға көмектесетін де нағыз достар.

Тапсырма:

 

 

Сол достармен қатынаспай, көңілді кештерден құр қалсаңыз, өздеріңіздің сәтті кездеріңізден айырыласыз.

 

Ү. Практикалық жұмыстар:

  • Үлгідегідей салыңдар:

№1 жұмыс міндетті деңгей Paint-та салу.

№2 жұмыс лайықты деңгей Word-та дайын сурет кірістіру.

№3 жұмыс күрделі деңгей Автофигураның көмегімен салу.

 

Ары қарай

 

Автофигураны белгілеп алып, қажетті түстерді пайдалана отырып, сызықтың түсін ауыстырып, түс құйыңыз.

Сәлем!!!

Мен «Автофигурамен»

салындым

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                  ҮІ. Сабақты бекіту

  1. Microsoft Word суреті қалай қойылады?
  2. Суреттің өлшемін қалай өзгертеміз?
  3. Word құжатында сурет қалай өшіріледі?

 

 

Бақылау сұрақтары:

  1. Word  мәтіндік редакторына  объектілерді еңгізуге бола ма?
  2. Объект файлдан қалай енгізіледі?
  3. Объект сканерден  қалай енгізіледі?
  4. Бұрын енгізіліп қойған объектіні өзгертуге бола ма.
  5.  Автофигуралық объектіні енгізуге бола ма?
  6. Автофигуралардың  көлемін өзгертуге болама?

 

 

Ақпарат қоғам  өмірінің  барлық салаларын қамтиды. Қазіргі компьютерлердің ерекшелігі ақпаратты алуан түрде өндеу үшін қолданылатынында. Бұл – мәтін өндеу, графикалық жұмыс орындау, әр түрлі  дерек жинау  мен оны жедел  шығарып беру,   компьютермен  оқыту процесінде  ақпаратты  программалық  түрде ұсыну, білім сапасын автоматтандырылған  түрде бақылау және т.б.

 

  1. Үйге тапсырма беру:

* Үйге бүгінгі өткен тақырыпты оқулықтан оқып келу және  өткен тақырыптарға байланысты ребус құрап келу.

 

* Қазақ зиялылардың   суретін  компьютерге енгізіп файл арқылы   Word мәтіндік редакторына  енгізу  және  эссе   жазу.

 

  1. Бағалау.
  • Бағалау парағы бойынша бағаларын қою.

 

Тексерген: _______________