MS Excel-де диаграмма құру
Сабақтың тақырыбы: MS Excel-де диаграмма құру
Сабақтың мақсаты:
а) бiлiмдiлік: MS Excel-дің графиктік мүмкіндіктері туралы оқушыларға түсінік беріп, Диаграмма шеберінің көмегімен диаграммалар тұрғызуды және әртүрлі типті диаграммалар құруды үйрету;
ә) дамытушылық: оқушылардың MS Excel программасы мүмкіндіктерін пайдалана отырып диаграмма тұрғызу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және олардың компьютерлік сауаттылықтарын даыту ;
б) тәрбиелiк: оқушыларды ұқыптылық пен тиянақтылыққа баулу және алда келе жатқан Наурыз мейрамын сезіндіру
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың түрі: теориялық, практикалық
Сабақтың әдісі:түсіндірмелі,зерттеушілік,практикалық
Пәнаралық байланыс: геометрия,сызу,
Сабақта қолданылатын техникалық құрал: интерактивті
тақта,электронды оқулық
Сабақтың көрнекiлiгi: диаграмма шеберіның терезесі , үлестірмелі қағаздар
- Ұйымдастыру
- Оқушылармен амандасу;
- Оқушыларды түгендеу;
- Олардың құрал-жабдықтарын түгендеу.
- Үй тапсырмасын сұрау:
MS Excel бағдарламасы. Excel –ге берілгендерді және формулаларды енгізу.
Оқушыларды түрлі-түсті жетондар арқылы бағаланады.
Қызыл түс -5
Сары түс -4
Көк түс -3
- Электронды оқулықтағы тапсырмаларды оқушыларды тақтаға шығарып, орындату.
- Семантикалық карта
Жолдар | Бағандар | Ұяшық | Ұяшық аумағы | Формула ұяшыққа қалай енгізіледі | |
= | |||||
Латын әріптерімен | |||||
Сандармен | |||||
В13:С19 | |||||
Жол мен бағанның қиылысуы |
- Үйге берілген тапсырманы қорытындылап, жаңа сабақпен байланыстыру:
Электронды кестегге әр түрлі мәліметтерді енгізіп, формуламен жұмыс жасау тәсілдерін үйрендік. Енді бүгінгі сабақта сол енгізілген мәліметтерді көрнекі түрде яғни графикалық түрде шығаруды үйренеміз.
- Жаңа сабақ: Диаграмма –сандық мәліметтердің өзгеруін айқындап көрсетуге мүмкіндік береді. Диаграмма –бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі.
Excel диаграмманы гистограмма, пирамида, дөңгелек, биржалық т.б түрлері бар /оқушылардың алдына диаграмманың барлық түрлерін таратылып беріледі/
Диаграмманы құру үшін: Электронды кестеге диаграмма құратын мәліметтерді енгізу, сол жазылған мәліметтерді жұмыс парағында ерекшелеп алу, Кірістіру мәзіріндегі Диаграмма командасын немесе Стандарт аспаптар тақтасындағы белгіні басу. Сол кезде экранға Диаграмма шебері сұхбат терезесі ашылады. Сұхбат терезе бойынша негізінен 4 қадамнан өту керек. Бірақ кез-келген қадамда диаграмманы құру үшін Готово яғни Дайын батырмасын шертуге болады, сонда Диаграмма шебері диаграмма құруды аяқтайды.
1-қадам Диаграмма типін таңдау келесі қадамға көшу үшін «Далее» яғни Жалағстыру батырмасын басу керек,
2-қадам Таңдалған диаграмма қалай көрінетіні шығады;
3-қадам Диаграмма параметрін орнату яғни аңыз пішімін, диаграмма тақырыбын енгізуге болады.
4- қадам Диаграмманың орналасуын көрсету яғни кестенің жанына немес кестеден бөлек жерге орналастыру түрін таңдау.
Егер диаграмма дұрыс құрылса, оның қандай мақсатта құрылғанын анықтау оңай болады. Ал диаграмма жақсы құрылу үшін, оған берілген, енгізілген ақпараттар анық әрі түсінікті болу керек.
Дайын диаграмманың негізігі мынадай элементтері болады: тақырыбы, тор, аңыз. Аңыз дегеніміз диаграммада берілген деректердің қатарларын ажыратады.
Дайын диаграмманың өлшемін, түрін, түсін өзгертуге және жоюға болады.
- Практикалық жұмыс: Оқушылар ертең қандай мереке /амал мерекесі/
Біз бұл мерекеде қандай ас дайындаймыз /наурыз көже/ Олай болса Наурыз көженің құрамына кіретін тағамдарды және олардың мөлшерін диаграмма түрінде көрсету.
Әр оқушы компьютерде диаграмма құрады және диаграмманың қандай түрі екенін айтады.
- Сергіту сәті: Оқушылар компьютермен жұмыс жасадық енді орнымыздан тұрып, көзге жаттығу жасайық. Интерактивті тақтаға назар аударйық /Тақтада көзге арналған жаттығуды видеоролик арқылы орындаймыз/
- Дискуссиялық карта:
Жаңа түсініктер бойынша сұрақтар беріледі, әр оқушы өз көзқарасын жазады 1-иә, 0-жоқ
- МS Excel электрондық кесте -1
- Диаграмма құру үшін функция шеберін пайдаланамыз-1
- Әрбір ұяшықтың жол нөмірінен және баған атынан құрылған мекенжайы болады-1
- MS Excel дің файлдық кеңейтілімі xls-1
- 4В , 7С ұяшықтың мекенжайы бола алама?-0
- F7 ұяшықтың мекенжайы болама?-1
- Кез-келген электронды кестенің ұяшығына сан, формула, мәтіндік ақпараттарды енгізуге болады?-1
- Белсенді ұяшыққа мәлімет енгізуге болады-1
- Диаграмманың өлшемін өзгертуге болмайды-0
- Диаграмма-мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі-1
- Құрылған диаграмманың түрін басқа түрге өзгертуге болады -1
Сұрақ№ | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Жауап Иә/жоқ (1/0) | 1 | 1 | 1 | 1 | 0 | 1 | 1 | 1 | 0 | 1 | 1 |
Цифрлық диктанттың жауабын дұрыс тұжырымдаған болсаңыз
/111 1011 1011/ екілік санды ондық санау жүйесіне айналдырғанда Excel бағдарламасының қай жылы шыққанын көрсетеді. Екілік санды ондық санға айналдыру үшін Инженерлік калькуляторды пайдаланайық. Пуск-Программы-Стандарты-Калькулятор-Инженерлік командасын орындаймыз. Мұнда Bin /екілік жүйе/ белгісін таңдап, санды енгізіп, Dec /ондық/ жүйе белгішесін басамыз. Сол кезде индикаторға ондық сан шығады /1979/
- Қорытындылау.
а)Үй тапсырмасын беру;
б) Оқушыларды бағалау, мадақтау