Алгоритмдер және оны орындаушылар
Сабақтың тақырыбы: Алгоритмдер және оны орындаушылар.
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға алгоритмдер және оны орындаушылар жайлы мағлұмат беру.
Міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға тақырып бойынша түсінік бере отырып, алгоритм құру
жолдарын үйрету.
Дамытушылық:оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру, уақытты тиімді пайдалану, білімге деген құштарлығын арттыруға ықпал ету.
Тәрбиелігі: оушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, шағын топта жұмыс істеуге дағдыландыру, өзін-өзі бағалауға ықпал жасау.
Сабақтың түрі:білім, іскерліктерді тәжірибеде қолдану
Сабақтың типі:жаңа сабақ
Сабақтың қолданылатын әдісі мен тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау, өзін-өзі бағалау тест.
Құралдар — жабдықтар: ДК, проектор, слайд,үлестірмелі материал.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Сиқырлы бумалар. Экрандағы бумалардың реттік номері бойынша оқушы өз таңдауымен сұрақ таңдап, жауап береді.
ІІІ. Жаңа сабақ.Сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашу.
Анықтама.
Алгортим- берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру.
Алгоритмдегі кез-келген әрекет бұйрық деп аталады.
Алгоритм құруға мысалдар: шай қайнату, сөз жазу алгоритмдерін құру.
Алгоритмді жүзеге асырушыны орындаушы деп атайды.
Кез – келген алгоритм «Соңы» деген бұйрықпен аяқталады.
Сабақты бекіту: Практикалық жұмысты орындайды және оны тексеру арқылы жүзеге асады.
- Кітапппен жұмыс. 57 бет, 4 жұмысты дәптерге орындау.
- Компьютермен жұмыс.
Word Pad қосымшасында жұмыс жасау.
- Компьютер қосу алгоритмін құру.
- Ағаш отырғызу алгоритмін құру.
- Үй тапсырмасын орындау алгоритмін құру.
Сергіту сәті. Оқушылар көзге және қолға арналған жаттығулар орындайды.
(музыка ырғағымен)
Оқушылар білімін бағалау:
Сабақ соңында әр оқушы өзінің білім-білік көрсеткіштеріне, материалдарды игеру дәрежесіне қарай өз білімдерін бағалайды. Оны іске асыру бағалау мониторнигі арқылы іске асырылады.
Үйге тапсырма: 55 бет, § 8 Алгоритмдер және оны орындаушылар, тест жұмысы.
Сабақты қорытындылау.
Сөзжұмбақ арқылы жүзеге асады.Сөзжұмбақты шеше отырып, оқушылар жаңа ақпарат алып кетеді.
Рефлексия.Оқушылар өз көңіл-күйлерін смайликтер арқылы көрсетеді, өз ұсыныстарын сол смайлик артына жазып іледі.