Кестелер. Кесте құру

Сабақтың тақырыбы: Кестелер. Кесте құру

Сабақтың мақсаты:

білімділік: Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға, біріктіруге және бөліктерге бөлуге үйрету

дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту,  пәнге деген қызығушылығын арттыру

тәрбиелік: Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау

Сабақтың  көрнекілігі: ДК, интерактивті тақта, үлестірме парақшалары, бағалау парағы

Пәнаралық байланыс: математика, қазақ тілі, география

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру  бөлімі.

  1. Оқушылармен амандасу;
  2. Оқушыларды түгендеу;
  3. Сынып тазалығына көңіл бөлу;
  4. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Техника қауіпсіздік ережесін қайталау

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІҮ. Жаңа сабақ

Ү. Практикалық жұмыс

ҮІ. Сабақты бекіту

ҮІІ. Үйге тапсырма

ІХ. Бағалау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

І. Ұйымдастыру  бөлімі.

Сәлеметсіңдер ме? Отырыңдар.

Бүгін біз мәтіндік процессорында жұмысымызды жалғастырамыз.

ІІ. Техника қауіпсіздік ережесін қайталау

Сабағымызды бастамас бұрын қауіпсіздік техника ережесін қайталап өтейікші. Әрқайсымыз бір ережеден айтайық.

Жауап жоспарының үлгісі:

  1. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге болмайды;
  2. Тағайындалған орынға отыру керек;
  3. ДК-дің мониторын қолмен ұстауға болмайды;
  4. Компьютерде жұмыс істеу тек мұғалімнің рұқсатымен;
  5. ДК ақау байқалса, жұмысты дереу тоқтату керек;
  6. Көз бен экранның арақашықтығы 60-70 см болу керек, т.с.с.
  • Жарайсыңдар!

 

 

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Microsoft Word — бұл . . .                                                                             

А) Графикалық редактор          

Ә) Мәтіндік редактор    

Б) Кестелер редакторы   

  1. Құжатты бірінші рет сақтау үшін қандай командаларды орындаймыз?

А) Файл – Сохранить как

Ә) Файл – Сохранить

Б) Правка – Сохранить как

  1. 3. — бұл қандай белгі?

А) Аралық интервал

Ә) Мәтінді туралау

Б) Сурет пішімдеу

  1. WordPad – ғы меню қатары

А) Главная, Вид

Ә) Вставка, Вид

Б) Файл, Главная

  1. 5. Меңзер дегеніміз не?

А) компьютердің миы

Ә) микросхемалар жиынтығы

Б) экранда жыпылықтап тұратын символ

  1. 6. Қандай элемент?

А) Меню жолы

Ә) Тақырып жолы

Б)  Жұмыс аймағы

Тақырып жолы    

Меню қатары                                                сызғыш

MS Word Office терезе элементтері

 

 

 

                                                                                 

 

 

 

 

         Жұмыс аймағы                                                        Сырғытпа

Айналдыру жолағы

 

 

«Ребус» шешу  (кесте сөзі шығады)

ІІІ. Жаңа сабақ. (Жаңа материалды түсіндіру және қабылдау кезеңі)

Ал енді жұмыс дәптерін ашамыз.

Бүгінгі күн жадын және сабағымыздың тақырыбын жазамыз. Бұл сабақта  кесте құру әдістерін, сондай-ақ кесте безендіруді үйренулеріміз керек.

Біздің өмірімізде мәтінді безендіру немесе құжатты кесте түрінде дайындау жиі кездеседі. Оларға: мектеп журналдары, үлгерім табелі және сіздердің күнделік парақтарың.

            Сонымен кесте дегеніміз – жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Кесте жолдар мен бағандардың қандай да б

ір санынан тұруы мүмкін. Жолдар мен бағандар қиылысып  ұяшық құрайды.

            Мәтіндік редакторында кестелерді 3 түрлі әдіспен құруға болады.

1-әдіс: Бос кестені орналастыру үшін меңзерді қажет жерге апарып

                                           

 Қою – Кесте – Кесте қосу (Вставка – Таблица – Вставить таблицу) командасын орындау арқылы кесте құра аламыз. Экранда Кестені қою (Вставка таблицы) диалогтік терезесі пайда болады. Онда өзімізге қажет бағандар мен жолдар санын қоя аламыз.  Мысалы: 5 баған, 2 жолдан  тұратын кестені салайық.

     
     

2-әдіс:  Қою – Кесте – Кесте қосу (Вставка – Таблица – Вставить таблицу) батырмасын шерту арқылы кесте құра аламыз. Мұнда ашылған  терезеде керекті ұяшық  сандарын тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйінде жылжыта отырып таңдаймыз. Мысалы: 6 баған, 3 жолдан тұратын кестені салайық.

      
      
      

 

3-әдіс: Қою – Кесте – Кесте салу  (Вставка – Таблица – Нарисовать таблицу) командасын орындау арқылы кестені қарындашты пайдаланып, қолдан сыза аламыз. Мысалы: 5 баған, 4 жолдан  тұратын кестені салайық.

     
     
     
     

 

Міне, біздер кесте салуды үйрендік.

            Енді, кестеміздің бірнеше ұяшығын бір ұяшыққа біріктіруді және бір ұяшықты бірнеше ұяшыққа бөлуді үйренейік.

Бірінші жағдайда ұяшықтарды белгілеп алып, Кесте – Ұяшықтарды біріктіру (Таблица – Объединить ячейки) командасын орындаймыз немесе Кесте және шекара (Таблицы и границы) тақтасындағы батырманы шертеміз.

Ал, екінші жағдайда Кесте – Ұяшықтарды бөлу (Таблица – Разбить ячейки) командасын орындаймыз немесе батырмасын шертеміз. Осы кезде Ұяшықтарды бөлу диалогтік терезесі ашылады. Онда бағандар мен жолдар саны мәндерін енгіземіз де, Ок батырмасын шертеміз.

                                               

Мысалы:

  1. Соңғы кестеміздің бірінші жолындағы ұяшықтарды біріктірейік.
 
     
     
     
     
  1. Осы жолды 4 баған, 2 жолға бөлейік.
    
    
     
     
     

 

Кестеге элементтер (жол, баған, ұяшық) қосу үшін кез келген ұяшыққа  тышқан нұсқағышын апарып, оң жақ батырмасын шертіп, динамикалық мәзірді шақырамыз. Онда бағанның сол жағы, бағанның оң жағы, бір жол жоғары, бір жол төмен ұяшықтар пункттерінен керегін таңдаймыз.

Кесте элементтерін өшіру үшін оларды белгілеп, Макет – Өшіру командасын орындап, кесте, баған, жол, ұяшық пункттерінен керегін таңдаймыз немесе пернелер көмегімен немесе пернелер көмегімен   орындалады.  

 

  1. Практикалық жұмыс. Деңгейлік тапсырмаларды орындау. (Жаңа сабақты бекіту мақсатында)

I.Үлгерімі төмен оқушылармен  жұмыс

1) Қою – Кесте – Кесте қосу (Вставка – Таблица – Вставить таблицу) командасын орындау арқылы кесте құрыңыз;

2)Тапсырма: 3 оқушы туралы мәліметпен кестені толықтыру.

Р/с   Оқушының аты жөні  МатематикаИнформатика
1Оразов Арман44
2   
3   

     

II.Екпінді оқушылармен жұмыс

  • Қою – Кесте – Кесте қосу батырмасын шерту арқылы кесте құрыңыз;
  • Тапсырма: Бейнеудегі мектептер туралы мәліметтер жазу.
Р/сБейнеудегі мектеп атауларыМекен жайыТелефоны
1   
2   
3   
4   

     

III.Дарынды оқушылармен жұмыс

  • Кестені қолдан сызып шығу: Қою – Кесте – Кесте салу (Вставка-Таблица-Нарисовать таблицу) командасын орындау арқылы кесте құрыңыз;
  • Тапсырма: Қазақстандық ақындар жайлы мағлұмат беру..
АқындарӨмір сүрген жылдары Жазған өлеңдері
1   
2   
3   
4   

                               

Кімнің сұрағы бар, қолдарыңды көтеріңдер.

Сонымен, жұмысты аяқтаймыз. Практикалық жұмысты көрсетіп болғандар компьютерді дұрыс өшіріңдер.

Жарайсыңдар, барлықтарың жұмысты дұрыс орындадыңдар.

  1. «Ақпараттық диктант»(Қортындылау мақсатында)
1Кестені даярлау үшін Кесте – Кесте қосу
2Ұяшықтарды біріктіру үшін Кесте – Ұяшықтарды біріктіру
3Кесте қай қатарда орналасқан? Меню қатарында
4Ұяшық дегеніміз не? Бағандар мен жолдардың қиылысы
5Кесте құрудың неше әдісі бар? 3 әдісі
6Ұяшықтарды бөлу үшін Кесте – Ұяшықтарды бөлу
7Кесте дегеніміз Жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат

 

VI.Оқушылардың  білімін  бағалау .         

Бағалау парағына  қарап , белсенді  қатысқан оқушыларды  бағалаймын.         

VII. Үйге тапсырма.                                                                                                        

  1. Тақырыпты оқып, мазмұндау
  2. Шығармашылық тапсырма: «Менің жанұям» тақырыбында кесте құрып келу.

Осымен біздің сабағымыз аяқталды. Сабаққа қатысқандарыңызға рақмет!