Мәтінді редакциялау және пішімдеу
Сабақтың тақырыбы: Мәтінді редакциялау және пішімдеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға мәтін жазу ережелерін, мәтінді редакциялауды және мәтінді пішімдеуді тәсілдерін үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділіктерін дамыту, өзара көмектесу, жекелей жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа баулу, ақпараттық мәдениетке, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: түсіндірме-көрнекілік, практикалық жұмыс, баяндау, сұрақ-жауап, тестілеу.
Сабақтың көрнекілігі: дербес компьютер, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі
Қолданылған әдебиеттер: Информатика 5 сынып, интернет материалдары
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу, сабаққа зейінін аудару.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
- Тұтас жолды ерекшелеу үшін қандай әрекеттерді орындаймыз?
- Тұтас абзацты ерекшелеу үшін не істейміз?
- Мәтінді тұтас ерекшелеу үшін қандай әркеттер қолданылады?
- Мәтіннің ерекшеленген бөлігін қалай жылжытуға болады?
- Көшіру амалы қалай орындалады?
ІІІ. Білімдерін жан-жақты жетілдіру.
Тақырып жолы | 1
|
Мәзір жолы | 2
|
Құрал саймандар тақтасы | 3 |
Пішімдеу тақтасы | 4
|
Сызғыш | 5
|
Қалып-күй жолы | 6
|
Жұмыс аймағы | 7
|
Семантикалық карта
Кірістіру | ||||||||||
Құру | ||||||||||
Көшіру | ||||||||||
Басу | ||||||||||
Ашу | ||||||||||
Болдырмау | ||||||||||
Қиып алу | ||||||||||
Сақтау | ||||||||||
Алдын ала қарау | ||||||||||
Қайтару |
ІҮ. Жаңа сабаққа даярлық
Сонымен балалар осы уақытқа дейін қандай тақырыппен танысып жатырмыз. Дұрыс айтасыңдар. Олай болса мына төмендегі сұрақтарға «Иә» немесе «Жоқ» деп қысқаша жауап беріп кетейікші:
- WordPad қарапайым мәтіндік редактор тобына жатқызуға бола ма?
- WordPad редакторды іске қосу үшін: Пуск-Все программы-Стандартные – WordPad Тізбегін орындау керек пе?
- WordPad терезесінде тақырып жолы бола ма?
- WordPad терезесінде «Пішімдеу» құралдар үстелі бола ма?
Дұрыс айтасыңдар балалар «Пішімдеу» тақтасы болады. Олай болса бүгінгі жаңа сабағымыз: «Мәтінді редакциялау және пішімдеу» деп аталады. Дәптерді ашып бүгінгі күнді жазып, жаңа тақырыпты дәптерімізге түсіріп аламыз.
Ү. Жаңа сабақ.
Мәтінді пішімдеу — бұл символдардың әлпеттерін, әр түрлі қаріптерді таңдаумен беттердің шетіне туралау.
Пішімдеу тақтасы арқылы мәтіндерді пішімдеу
| |||||||||||
| |||||||||||
| |||||||||||
Мәзір жолағы арқылы мәтіндерді пішімдеу
ФОРМАТ ҚАРІП ФОРМАТ АБЗАЦ
Шегіністер
Мәтіннің фрагменттерін дәл көрсетілген жерге орналастыруға мүмкіндік беретін құралдардың бірі- Табуляция.
Редакциялау дегеніміз — өңдеу, енгізу, өшіру, орын ауыстыру немесе құжаттың мазмұнын түзету.
Мәтінді редакциялау кезінде төмендегі пернелерді қолданамыз:
Enter – пернесі жаңа жолға көшу, абзац соңында немесе мәтінде бос жол жасау
Shift –пернесін басып тұрып, бас әріптерді теру
Caps Lock – бас әріптер режиміне ауысу
Backspace – меңзердің сол жағындағы символарды өшіру
Delete — меңзердің оң жағында орналасқан символды өшіру
Компьютерде пратикалық жұмыс
- WordPad программасын іске қос
- Мәтінді теріңдер.
Кодтау
Ақпарат алмасқанда ақпарат шығу көзінен байланыс арнасы арқылы қабылдағышқа жөнелтіледі.
- Төменде көрсетілім бойынша пішімдейміз.
- Мәтінді «Кодтау» деген атаумен сақтаңдар.
ҮІ. Жаңа сабақты бекіту.
“Кім жылдам” ойыны
- Келесі жолға өту батырмасы?
- Біріңғай бас әріптерге немесе кіші әріптерге ауыстыратын батырма?
- Бас әріппен жазу үшін қай батырманы басу керек?
- Мәтіндегі символды өшіру үшін қолданатын батырмаларды тап?
ҮІІ. Үйге тапсырма беру.
- “Мәтінді редакциялау және пішімдеу” тақырыбын оқулықтан оқу.
- Оқулықтан 178-179бетте “Өзіңді тексер” тест тапсырмасына жауап беру.
ҮІІІ. БІЛІМДЕРІН БАҒАЛАУ