Пернетақта. Пернетақтамен танысу

Сабақтың тақырыбы: Пернетақта. Пернетақтамен танысу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды дербес компьютердің негізгі құрылғыларымен таныстыру.

Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін, жылдамдыққа, жаңа құрылғылармен таныстыру арқылы ғылыми көзқарасын дамыту;

Тәрбиелілік: сабырлылыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: баяндау, көрсету, практикум.

Сабақтың көрнекілігі: Дербес компьютер құрылғылары, пернетақта суреті, электронды оқулық, Paint  графикалық редакторы, проектор.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ. «Пернетақта. Пернетақтамен танысу».

  1. Практикалық жұмыс.
  2. Сабақты қорытындылау.
  3. Бағалау.

VII. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген тапсырма: «Дербес компьютер. Компьютердің құрылысы».

  1. Үй тапсырмасы бір оқушыдан сұралады.
  2. Жүйелік блоктың алдыңғы, артқы тақтасының құрылысын түсіндіру.
  3. Құрылғылардың жүйелік блокта орналасу сәйкестігін анықта.Бұл тапсырманы орындау үшін Paint графикалық редакторындағы «Құю» құралы пайдаланылады.

 

Құрылғылар                                 Орналасуы
Жүйелік блоктың алдыңғы тақтасындаЖүйелік блоктың ішіндеЖүйелік блоктың артқы тақтасында
Монитор порты
Қатқыл диск
Компьютердің қосу/өшіру батырмасы
Аналық тақша
Дискжетек
Процессор
Электрмен қоректендіргіш сымның кірісі.
CD-ROM
Модем мен сканерге арналған порттар
Компьютерді қайта жүктеубатырмасы
Принтер порты
Жедел жады

 

  1. Үй тапсырмасын қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ. Пернетақта. Пернетақтамен танысу.

Пернетақта-компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Пернетақтаның көмегімен альфавитті-цифрлық деректерді енгізеді және компьютердің жұмысын басқарады.

 

Пернетақтаның негізгі блоктары:

  1. Функционалдық пернелер (F1-F12)- күрделі операцияларды орындауға арналған, символдық пернелердің үстіңгі жолында орналасқан. Олар латынның F(F1, F2,..F12) әрпімен белгіленген.
  2. Цифрлық пернелер- цифрлық ақпаратты енгізуге және меңзерді басқаруға арналған. Цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта, олар 10 пернеден тұрады. Пернетақтада оң жақта орналасқан. Егер «NumLock» пернесі қосылмаса, онда бұл пернелер меңзерді басқару қызметін атқарады.
  3. Символдық пернелер- алфавитті-цифрлық ақпаратты енгізуге арналған. Бұл пернелер пернетақтаның ортасында орналасқан негізгі бөлігі болып табылады. Пернетақтаның бұл бөлігінде латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілер және әр түрлі шартты белгілері бар пернелерден тұрады.
  4. Меңзерді басқару пернелері. Меңзер дегеніміз-экранда жыпылықтап тұратын символ. Бұл пернелер меңзерді экранда жылжытуға арналған.

Осы бөліктерден басқа пернетақтада тағы бірнеше арнайы пернелер бар. Оларды басқарушы пернелер деп атайды.

  1. Enter немесе енгізу пернесі- мәтінмен жұмыс істеу кезінде жолды енгізуді аяқтауға арналған, нысандармен жұмыс істеу кезінде тінтіуірдің сол жақ батырмасын екі рет шерткенмен бірдей қызмет атқарады.
  2. Бос орын пернесі- ол пернетақтаның төменгі жағындағы еш жазуы жоқ, сөздер арасында бос орын қалдыру қызметін атқарады.
  3. «Backpase» пернесі-бұл перне меңзердің алдында тұрған символды өшіреді.
  4. «Delete» пернесі-меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді.
  5. «CapsLoсk» пернесі-ұзақ уақыт бойы бас әріппен жазу пернесі.
  6. «Shift» пернесі- бұл пернені басып тұрып бас әріппен жазуға арналған перне.

Кейбір амалдарды орындау үшін, пернелер комбинацияларын пайдалануға болады. Ол үшін екі Ctrl, Alt пернелері бар. Мысалы пернетақтаның регистрін ағылшын алфавитінен орыс алфавитіне ауыстыру үшін Alt+Shift пернелерін қатар басады, яғни алдымен Alt пернесін басып тұрып, содан кейін Shift пернесін басады да, содан кейін екеуін де босатады.

 

  1. Практикалық жұмыс.

Электронды оқулықтағы тапсырманы пернетақтаны пайдаланып орындау. Берілген сөздерді құралдарға сәйкестендіріп жазу.

 

 

 

 

  1. Сабақты қорытындылау.

 

Электрондық оқулықты пайдаланып компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғыларды табыңыз.

10 – тапсырма.

  1. Пернетақтаның сандық бөлігін жұмысқа қосатын перне.
  2. Үлкен-кіші әріптерді ұзақ уақытқа ауыстырып қосатын перне.
  3. Жазусыз көрсетілген ұзын перне-сөз арасында бос орынды енгізу үшін қолданылады.
  4. Әрекетті және амалдарды болдырмау үшін сұқбаттық немесе мәтіндік терезені жабуға арналған перне.
  5. Мәтінмен жұмыс істеу кезінде енгізуді аяқтауға арналған немесе нысандармен жұмыс істеу кезінде тінтіуірдің сол жақ батырмасын екі рет басу қызметін атқаратын перне.
  6. Бейнені бейне беттен аралық сақтағышқа көшіретін перне.
  7. Жүгіргіні жолдың басына ауыстыратын перне.
  8. Жүгіргінің бейне бетте орын ауыстыруын бұғаттау режиміне ауыстыратын перне.
  9. Жүгіргіні жолдың соңына ауыстыратын перне.

 

  1. Бағалау.

 

VII. Үйге тапсырма. Тақырыпты оқу.