Power Point – қа графикалық файлдарды енгізу
Сабақтың тақырыбы: Power Point – қа графикалық файлдарды енгізу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Power Point редакторына әртүрлі графикалық суреттерді , диаграммаларды , жазулар мен сызбаларды орнату жолдарын үйрету;
Тәрбиелік: Компьютермен жұмыс кезінде ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және техника қауіпсіздік ережесін дұрыс сақтай білуге үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін жан – жақты дамыту;
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді игерту сабағы.
Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдері: түсіндірмелі, практикалық, деңгейлік тапсырмалар — СДО
Қолданылатын құрал –жабдықтар мен көрнекіліктер: компьютерлер, бейнепроектор,электрондық оқулықтар
Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі: 1. «Информатика негіздері» журналы
- « Практикум» оқулығы
3.С.Т.Мухамеджанова «Ms Office бағдарламасы»
Сабақтың барысы:
І . Ұйымдыстыру кезеңі:
- Ұжымдық әрекет;
- Санитарлық – гигиеналық ережелерді сақтау әрекеті;
- Техника қауіпсіздік ережелерді сақтау әрекеті;
- Оқушылардың назарларын сабаққа аудару;
ІІ . Үй тапсырмасын сұрау:
І – кезең :«Бағдаршам» ( Сабақты сұрай кезінде оқушы өзінің қандай дайындықта екенін білдіру мақсатында картоннан жасалған ұзын таяқшасын көрсетеді. Таяқшаның бір жағы қызыл, екінші жағы жасыл болады. )
- Презентация ұғымы не деген мағына береді?
- Power Point бағдарламасын қалай іске қосамыз?
- Қандай терезе элменттерден тұрады?
- Power Point – та неше бейнелеу режимі бар? Қандай?
- Слайда орындалатын объектілер қандай?
- Жаңа презентация жасаудың неше әдісі бар?
- Power Point – та үлгітүрдің неше түрі бар?
ІІІ . Жаңа тақырыпты түсіндіру:
А) 1-3 деңгей тапсырмаларына мұғалімнің қысқаша түсініктемесі.
ә) Компьютерде өз бетінше деңгейлік жұмыстарды орындау.
Деңгейлік тапсырмаларды орындау.
І – деңгей:
- Power Point бағдарламасын ашыңыз.
- Формат – фон командасын орындаңыз.
- Исключить фон образца пунктінде жалаушаны алыңыз және оң жақтағы үшбұрышты тышқанмен шертіңіз.
ІІ – деңгей:
- Способы заливки ді таңдаңыз. Рисунок жапсырмасын таңдаңыз
- Бір суретті таңдап ОК батрмасын басыңыз.
- Екінші бос бет құрыңыз. Беті Другие цвета бөлімі арқылы фон құрыңыз.
ІІІ – деңгей:
- Заголовок слайда өрісін өшіріп, І – оқу тоқсанының қорытындысы деп жазыңыз.
- Заголовок и объект бөлімінен диаграмманы таңдаңыз.
- Диаграмма өрісін толтырыңыз. «10 – сынып» деп сақтаңыз»
Сабақты қорытындылау:
Сұрақтар мен тапсырмалар арқылы сабақты бекіту.
Бағалау:
Үйге тапсырма беру: Графикалық файлдарды ендіру.
Жақсылықова Жаңагүл
Арал ауданы, №82 орта мектептің
ІІ санатты информатика пәні мұғалімі.