Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар
Сабақ 3- сабақ | Сабақ өтілетін күн: 25.09.2014 Орны: информатика кабинеті | Барлық оқушы саны: 10 Қатысқаны: 9 | ||
Сілтеме | Оқу жоспары, оқулық, күнтізбелік жоспар. | |||
Сабақ тақырыбы | Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар | |||
Жалпы мақсаттар | Вирусқа қарсы программалармен танысып, ақпаратты қорғауға үйренеді. Ұшқырлыққа, ойын тез жинақтауға, топта жұмыс істеуге дағдыланады | |||
Түйінді идеялар | Вирус, антивирус дегеніміз не, компьютердің вирус жұқтыру белгілері, антивирустық қауіпсіздік белгілері | |||
Әдіс-тәсілдер | Топпен, жекелей, миға шабуыл, сұрақты қағып ал, сиқырлы конверт, ойлан жауап бер, 10 сұрақ, өзін-өзі бағалау, кері байланыс | |||
Көрнекіліктер | Үлестірмелі тапсырма мен конверттер, проектілі тақта, постерлер | |||
Дереккөз дер | Оқулық, дидактикалық материалдар | |||
Оқыту нәтижелері | · Вирус, антивирус дегеніміз не, компьютердің вирус жұқтыру белгілерін, антивирустық қауіпсіздік ережелерін оқып үйренеді.
| |||
Сабақ барысы | Уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |
Сабақ кезеңдері
1-кезең. Қызығушылықты ояту:
| 3 мин
5 мин
2 мин
2 мин | Шаттық шеңберіне шығару Тілек жазылған кәмпиттер беріп оқыту, кәмпиттің түсіне қарай топқа бөлу
Топ басшысын Баяндамашы Хатшы Таймспикер тағайындау
Топ ережесін еске түсіру. Сабақ барысынды бағынуға шақыру.
1- тапсырма. «Сұрақты қағып ал» ойыны. Мұғалім доп лақтырып сұрақ қояды. Жауап бере алмаса топ мүшелері көмектесе алады. 1) Ақпараттың қасиеттерін ата 2) Ақпаратты беру үдерісіне мысал келтір. 3) Ақпараттық үдерістерге нелер жатады? 4) Графикалық редактор қалай аталады? 5) Адам ақпаратты қалай сақтайды? 6) Принтер қандай құрылғы? 7) «Факс қабылданып жатыр» сөйлемінде қандай ақпараттық үдеріс келтірілген?
2. Сиқырлы конверт. Әр топқа тапсырма салынған конверт ұсынылады. Әр топ мүшесі дәптерге орындауы керек.
1) Ақпараттың шындық қасиетіне мысал келтіріңдер. 2) Ақпараттың толықтық қасиетіне мысал келтіріңдер. 3) Ақпараттың құндылық қасиетіне мысал келтіріңдер 3. Жасырын сөзді тап. Топпен бірлесіп интерактивті тақтадағы ребусті шешеді | Оқушылар сабақ басталар алдында бір-біріне тілек айтып көңілдері көтеріледіі. Кәмпиттің түсі бойынша топқа бөлінеді
Әр топ бірлесіп, топ басшы, баяндамашы, хатшы, таймспикер тағайындайды.
Ережені тақтадан оқып, естеріне түсіреді
Сұраққа жауап береді. Топпен ақылдасуға мүмкіндігі болады.
Әр оқушы сұраққа жазбаша жауап береді
Топпен ребусті шешеді | |
2-кезең. Мағынаны ажырату:
|
20 мин
5 мин | 4. Жаңа сабақтың мақсаты. Оқушыларға «Вирус дегеніміз не, вирустан қалай қорғануымыз керек?» деген сұрақтар қояды.
5. Жаңа тақырып. Әр топқа тақырыпты оқып, түсініп, топ ішінде пікір алмасу үшін бөлініп беріледі. Постер құру ұсынылады.
6. Ойлан, жауап бер. Әр топқа стикерлер ұсынылады. Стикерге сұрақ құрып жазу тапсырмасы беріледі.
7. Сергіту сәті. «Физминутка» би билету | Оқушылар сұраққа жауап бере отырып, жаңа сабақты оқып, үйренуге өз мақсаттарын қояды.
Әркім жекелей тақырыпты меңгеріп, бірлесіп шешім қабылдайды. Постер қорғайды. Топ ішінде пікір алмасады.
Әр топ бірлесіп жаңа тақырып бойынша стикерге 2 сұрақ құрап жазады. Келесі топтағы оқушылырдың арқасына жабыстырады. Сол оқушы топпен ойланып өзі жауап береді.
Жаттығуды орындап көңілдері көтеріледі. | |
3-кезең. Ой- толғаныс:
| 5 мин | 8. «Он сұрақ» ойыны. Оқушының маңдайына сөз жазылған стикер жабыстырады. Оқушылардан сөзді атамай, сипаттай отырып көмек беру тапсырмасын береді. — вирус — антивирус — тінтуір | Оқушылар сөздің өзін атамай, анықтама бере отырып көмек көрсетеді. | |
Келесі оқуға арналған тапсырмалар. | 1 мин | 4 – тақырып, бақылау сұрақтарына жауап беру | ||
Бағалау | 2 мин | Бағалау парақшасы арқылы бағалау, сабақтан алған әсерлерін және ұсыныстарын стикерге жазып тақтаға іледі, алған формативті бағалары бойынша жиынтық бағалау | Өзін-өзі бағалайды. Сабақтан алған әсерлерін және ұсыныстарын стикерге жазып тақтаға іледі. | |