Құстардың туған жерге оралуы
Сабақтың тақырыбы: Құстардың туған жерге оралуы
Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға құстардың көктемде туған жерге оралуы туралы түсінік беру. ә) оқу жылдамдықтарын арттыру, сөйлеу тілдерін дамыту, сөздік қорларын молайту.
б) Қамқорлыққа, жанашырлыққа, үлкенді тыңдауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: құстардың суреттері
Сабақта пайдаланылатын әдіс-тәсіл: түсіндіру, сұрақ-жауап,әңгімелеу
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа дайындау.
І.Үй тапсырмасын тексеру:«Малды көктемде бағып күту» тақырыбы бойынша түсінгендерін сұрау.
ІІ.Білімді жан-жақты тексеру.Өткен тақырыптар бойынша сұрақ-жауап әдісін пайдаланып білімдерін жан-жақты тексеріп өту.
ІІІ.Білімді қабылдауға дайындау:Біз бүгін «Құстардың туған жерге оралуы» тақырыбы бойынша білетін боламыз.Құстар басқа жаққа неге кетеді, туған жерге қашан оралатыны туралы белтін боламыз.
ІҮ.Жаңа білімді меңгерту:Ал ендеше есімізге түсірейік:—қандай құстарды білесіңдер?—Қыстап қалатын қандай құстар бар?—Қыста құстар қалай тіршілік етеді, қысқа олар қалай дайындалады? (сұрақтарға жауап бер)—Біз өткен сабақтарда айтқан болатынбыз, құстардың кейбірі күзде күн суыта бастағанда жылы жаққа ұшып кетеді.Ал, олар кейін көктемде, күн жылына бастағанда туған жерлеріне оралады екен.Яғни, көктем-құстардың туған жерге оралатын мезгілі.Олар келе сала ұя жасайтын орын іздейді, ұя жасайды.Өз балапандарын шығарып, оларды қоректендіру үшін күндіз-түні дамыл таппайды.Яғни, біздің ата-аналарымыз сияқты өз балапандарын қорғайды.Тақырыпты оқып беру.Өздеріне оқытып шығу.Суреттерге қарата отырып, түсініктер беріп өту.Құс ұясын бұзбауды, балапандарды мысықтан және де тентек балалардан қорғап жүруді естеріне сақтату.Сергіту сәті«Ұшты-ұшты»
Ү.Білімді меңгергендерін тексеру:-Құстар қай жақтан оралып келеді?—Ол жаққа қашан , неліктен кеткен еді?—Көктемде құстарды қалай күтеміз, қорғаймыз?
VI.Білімді бекіту:Бүгін не білдіңдер? Не үйрендіңдер?(Оқушылардан сұрау)
VII. Үй тапсырмасын беру,бағалау.1Бақыла ( тапсырма оқулықтан) 2Тақырыпты оқу, әңгімелеуге даярлау Ұялардың суреттерін салу.3Оқушылардың білімдерін бағалау.