Ақпарат тасымалдаушылар.
7б класс 21.11.2012ж
Сабақтың тақырыбы: Ақпарат тасымалдаушылар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ақпаратты жазу мен оқу, қатқыл диск, иілгіш және компакт дискілер, Flesh-жадының жұмыстарымен таныстыру;
Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік білімдерін көтеру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті қүралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері,
кеспе қағаздары, флипчарт.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру
- Жолбастар (Үйге берілген тапсырманы тексеру)
- Жолсапар (Жаңа тақырыпты түсіндіру)
- Сергіту кезеңі
- Аялдама (Тапсырмаларды орындау)
- Жолбекет (Сабақты бекіту)
- Үйге тапсырма
- Бағалау
1.Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру, кезекші міндетін қадағалау.
Сабағымызды бағалау үшін дұрыс жауапқа, тапсырмаға 1 смайликтен беріп турамын.
2.Жолбастар (Үйге берілген тапсырманы тексеру)
Интерактифті тақтада құрылғылар суреті беріледі атын жазып анықтама береді.
3.Жолсапар (Жаңа тақырыпты түсіндіру)
Ақпарат тасымалдаушылар
Компьютерде жұмыс жасауда қолданылатын барлық ақпарат файл түрінде сақталады. Файл — бүл жадтағы орын, оған әдетте бірегей атау беріледі. Файлдар машинаның жедел немесе сыртқы жадында орналасады. Сыртқы жад — бұл, біріншіден, винчестер, ал екіншіден, иілгіш жөне компакт-диск. Сондықтан ақпаратты жазу мен оқу туралы айтпай тұрып, ақпарат тасуыштар деген не екенін анықтауымыз қажет.
Ақпарат тасуыш ақпарат сақтау ортасы болып табылады. Олар сыртқы түрі бойынша не дискілік, не таспалық, жадтау принципі бойынша — магнитті, магнитті-оптикалық, оптикалық болады. Соңғы уақытта ІВМ типті Реntium ДК-де қолданылатын ақпарат тасуыштар дискілік, магнитті, магнитті-оптикалық және оптикалық жазу-оқу әдістерін қолданады. Дискілік тасуыштың қатқыл немесе иілгіш негізі болады. Оларға винчестерге (хард-диск) кіретін қаткыл магнитті дискілерді, иілгіш дискілерді немесе флоппи дискілерді, компакт-дискілерді жатқызуға болады.
Сыртқы жад — бұл компьютерді өшіріеннен кейін де енгізілген ақпаратты сақтайтын жад.
Иілгіш диск (дискет) — табақша пішінді, бетінде қабыршық түрінде магниттік қоспа жағылған иілгіш диск. Дискеттің пластмассадан жасалған қапшығында оған мәлімет жаздырмауға болатын кішкене тік төртбұрышты ойық бар және мәлімет жазу — оқу кезінде дискінің бетімен байланыс жасайтын магниттік бас тиектің жылжитын орны пластмасса қабықша ашық болады. Дискеттің негізгі параметрі — оның диаметрі, қазіргі шығарылатын дискеттер үшін бір ғана стандарт бар — ол диаметрі 3,5 дюймдік дискеттер, яғни дискеттің диаметрі 89 мм болады.
Иілгіш дискідегі (дискеттегі) жинақтауыштар бір компьютерден екінші компьютерге мәлімет алмастыру үшін, қазір жұмысқа қажет емес ақпаратты сақтап қою үшін катты дискідегі мәліметтердің архивтік (тығыздалған) көшірмесін алу үшін керек. 3,5 дискетте 1,44 Мб көлемде мәліметтер жазылады. Мәлімет жазылатын дискеттінен жақ шетінде кішкене төртбұрышты қосымша ойық болады. Дискеттер қатты пластмас корапта орналасады, сол себепті олар әрі үзақ, әрі сыйымдығы сенімді қызмет атқарады, Соңғы шығын жатқан дискіқозғағыштарда 3,5 дюймдық дискеттер ғана қолданынады.
3,5 дюймдық дискеттерде ойықтың үстінде жылжымалы ілгек бар. Оны жоғары-төмен қозғай отырып мәлімет жазуға немесе жаздырмауға болады.
Дискетті форматтау (белгі салу). Дискетті алғашқы рет пайдалану алдында оны әртүрлі тәсілмен тармақтайды, яғни беттеріне белгі салады. Форматтау операциялык жүйе командасымен жүргізіледі.
ҚАТТЫ ДИСК — (винчестер) деректер мен бағдарламаларды ұзақ уакыт сактау үшін қолданылады. Негізінен ол бір оське орналасқан дискілер тобынан тұрады. магниттік қабатпен жабылып, жоғары жылдамдықпен айналым жасайды. Сондықтан оның құрамы 2 п беттен түрады. Мұндағы п — топқа кіретін дискілер саны.
Қатты дискідегі мәлімет жинақтаушылар (винчестер) ақпаратты тұрақта сактауға арналған. РС- де қатқыл дискінің мәлімет сыйымдылығы 20-40Гбайт , Реntium -10-80 Гб дейін болады.
Қатты диск орнынан алынбайды, корпуста жүйелік блокта орналасады. Ол екі жағына да мәлімет жазылатын бір дискіге біріктірілген бірнеше дискілерден тұрады, иілгіш алмалы-салмалы дискетке қарағанда винчестерге өте көп мәлімет көлемі сияды, сондықтан ла оны пайдалану өте ыңғайлы.
Компакт-диск — бұл металмен қапталган оптикалық диск, оның салмағы небәрі 15 грамм және диаметрі 12 см. Оған шамамен 640 Мб ақпарат жазуға болады. Дискінің жұмыс бетін зақымданудан сақтайтын арнайы қабығы жоқ. Компакт-дискілер арнайы орауышта сақталады.
Flesh-жадының — 64Мб – 64Гб Механикалық зақым, вирус, соққылар,т.б. Өзге компьютерге ақпарат тасымалдау, программалар мен ақпараттардың кітапханасы
Оптикалық диск
Компакт дискілерге CD-R, CD-RW, DVD-R, DVD-RW жатады. Компакт дискілерге арналған дискіжетектер ішкі және сыртқы болады. Дискіжетектің жылдамдығын белгілеу үшін, әдетте дискіжетек дискіні аудиокомпакт дискілерге арналған дискіжетектен қанша есе жылдам айналдыратынын нұсқайды. Мысалы, дара жылдамдықты дискіжетектер 150Кб/с оқу жылдамдығын, ал екі еселік жылдамдықты дискіжетек-300Кб/с, төрт еселік жылдамдықты-600Кб/с жуық жылдамдықты қамтамасыз етеді. Компакт дискідегі ақпаратқа қатынау уақыты 0,6-0,1 с дейін, әдетте ол 0,2-0,3 с болады. Лазерлік дискілерді қолдану – ол ең алдымен ақпаратты берудің жаңа жолын табу, әсіресе бұл әр түрлі анықтамаларға, сөздіктерге энциклопедияларға қатысты. Компакт дискілерді лазердің көмегімен ойнатуға болады.
Енді балалар, адамның және компьютердің сыртқы жады туралы айтып өтейік.
1. Адам ақпаратты қайда сақтайды? (Миында), иә аса қажетті ақпараттарды адам миында сақтайды, ал компьютер? (қатқыл дискіге).
2. Адам аса қажет емес ақпараттарды қайда сақтайды? (қағазға жазыу арқылы), иә, дұрыс, ал компьютер? (флоппи, компакт, флешкада).
4.Сергіту кезеңі
Видио ролик беріледі. Оқушылар жаттығулар жасайды.
5.Аялдама (Тапсырмаларды орындау)
5.1. Ой сергіту
Терезені басқару батырмаларына байланысты мынадай бір ертегі жұмбақ.
Үш отау ауылдың шетінде орналасқан, олар ауылдың шетінде болғанымен сол ауылды басқарады. Бірінші отаудың есігін барып қақсаң ауыл тастай болып жиналып қалады. Екінші отаудың есігін қақсаң ауыл жайылып сала береді. Сол есікті қайта қақсаң ауыл бұрынғы қалпына келеді. Ал үшінші отаудың есігін барып қақсаң ауыл түгелімен жоқ болып көшіп кетеді. Мен сіздерге не туралы айтып отырмын?(закрыть, свернуть, развернуть, воостоновить).
5.2. Компьютерде жұмыс
Flesh-жадымен жұмыс
Бәріміз қолымызға Flesh-жадыны аламыз.
Flesh-жадыны компьютерге қосу үшін жүйелік блоктың алдынғы жағында орналасқан орнына орналастырамыз.
Flesh-жадыны көру үшін Мой компьютер бумасын ашамыз.
Flesh-жадыңыздың атауы Съемный диск F, D, J т.б аттармен сақталуы мүмкін.
Flesh-жадыңыздың атын өзгерту үшін Flesh-жадының үстіне тышқанның бірінші сол жағын содан соң оң жағын басамыз. Ашылған мәзірден Переименовать командасын таңдаймыз. Съемный диск атын өшіріп қалауыңызша ат жазамыз.
Flesh-жадыңыздың сипатын (Свойства) білілу үшін Flesh-жадының үстіне тышқанның бірінші сол жағын содан соң оң жағын басамыз. Ашылған мәзірден Свойства командасын таңдаймыз. Свойства терезесі ашылады, терезеден бос емес (Занято) орынды және бос орынды (Свободно) көруімізге болады.
Flesh-жадыңыздың тазарту үшін (форматтау) Flesh-жадының үстіне тышқанның бірінші сол жағын содан соң оң жағын басамыз. Ашылған мәзірден Форматировать командасын таңдаймыз. Формат терезесі ашылады, терезедегі Быстрое (очистка оглавления) командасын таңдаймыз. Flesh-жадыңыз тазарады.
6.Жолбекет (Сабақты бекіту)
Excel – бағдарламасында дайындалған тест. Тестті компьютер бағалайды.
7.Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу. Тақырып бойынша сөзжұмбақ, ребус құрастыру.
- Бағалау: Оқушылар смайликтерін санап күнделікке бағасын қояды, мұғалім бекітеді.