Слайд Презентацияны басқарудың жаңа мүмкіндіктерімен таныстырып, жұмыс істеу принципін түсіндіру
Сабақтың тақырыбы: Слайд.
Сабақтың тақырыптық мақсаты: Презентацияны басқарудың жаңа мүмкіндіктерімен таныстырып, жұмыс істеу принципін түсіндіру
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Жаңаша, шығармашылық тұрғыда
ойлай алатын, танымдық мәдениеті биік, дүниеге этикалық тұрғыдан жоғары жауапкершілікпен қарай білетін адамды қалыптастыру; іздендіру, танымдық біелсенділіктілерін арттыру, оқушылардың компьютермен жұмыс істеудегі жетістіктерін одан әрі арттыра түсіп, алған білімдерін басқа пәндер үшін, сабақтан тыс жұмыстар үшін және келешекте өздері үшін пайдалана білулеріне ықпал ету.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Еңбекке баулу, ұлттық салт-дәстүрге тәрбиелеу
Сабақтың типі: Білік пен дағдыны қалыптастыру.
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі , практикалық (берілетін теориялық білімнің мазмұны бойынша анықталады).
Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық.
Пәнаралық байланыс: Математика, қазақ тілі
Сабақтың көрнекілігі: Компьютерлер, слайдтар, принтер, проектор- экраны,
парақшалар. .
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі
- Бақылау сұрақтары
- Электрондық оқулықпен жұмыс
- Жасақтама және қалыптарды қолдану(тапсырмалар орындау)
5. Power Point бағдарламасында презентацияны басқарудың
қосымша мүмкіндіктері.
- Шығармашылық тапсырма
- Өзін -өзі тексеру (тест)
- Үйге тапсырма
- Бағалау,
(Келген қонақтармен амандастыра отырып балалардың назарын өзіме аудару).
Сабағымызды бастайық.
Бүгінгі сабақта оқушылар өздерінің еңбектерін демонстрациялап, ЭЕМ принциптерін дәлелдеп бермекші. «Машина атқарушы. Адам – ойлаушы». Олай болса, Адамзат ақылына барлық дүние тәуелді.
Пуск Программы Microsoft Office Microsoft Power Point
1- кезең. Бақылау сұрақтары
- Microsoft Power Point бағдарламасы қалай іске қосылады?
- Microsoft Power Point бағдарламасының қандай мүмкіндіктері бар?
- Автомазмұн шебері қалай қосылады?
- Презентация дегеніміз не?
- Бос презентация қалай құрылады?
- Слайдпен жұмыс істеудің қандай режимдері бар?
- Слайдтарды қалай баспаға береміз?
- Саймандар тақтасы не үшін қажет? Оларды көрсетпей экраннан алып тастауға бола ма?
- Презентация слайдтарын шаблон көмегімен қалай безендіруге болады?
- Слайд ауысуы қалай орындалады?
2- кезең. Электрондық оқулықпен жұмыс
3- кезең. Жасақтама және қалыптарды қолдану
№2 тапсырма №3 тапсырма
№ 4 тапсырма № 5 тапсырма
№ 6 тапсырма № 7 тапсырма
№ 8, 9, 10 тапсырмаларды орындау
4 кезең. Power Point бағдарламасында презентацияны
басқарудың қосымша мүмкіндіктері.
Бұған дейін біз сендермен презентацияны жасап ондағы объектілерге әртүрлі анимациялар қойып демонстрация режимінде слайдтардың орналасу ретімен толығынан тамашалайтынбыз. Ал бүгін сендермен жасаған презентацияларыңның кез келген слайдына ауыса қоятындай батырмалар жасап үйренеміз.
Ол үшін Power Point бағдарламасында пайдаланылатын барлық объектілерге суреттердің, автофигуралардың, WordArt объектілерінің біреуін белгілеп аламызда «Показ слайдов»\»Настройка действия» батырмасын басамыз. Ашылған «Настройка действия» терезесінде «Перейти по гиперссылке» опциясына белгі қоямыз. Осы опцияның таңдау батырмасын керекті жұмысты әлгі объектіге тапсырамыз. Кодоскопқа қараңдар. Мысалы слайд батырмасын таңдасақ осы презентациядағы барлық слайдтар тізіліп жазылған терезе шығады, бізге тек қана әлгі батырмаға тапсыратын жұмысымызды тапсыру ғана қалды. Осындай операцияларды орындағаннан кейін бірден презентацияны сақтап отыру керек. Біз бұған дейін сендермен жасаған презентациямызды басынан аяғына дейін тамашалап отыратын болсақ енді сол презентацияның керекті слайдына тез көше қою мүмкіндігіне ие болдық. Объектілерге осындай тапсырма бере алу мүмкіндігі презентацияның мүмкіндіктерін арттыра түседі.
5- кезең. Шығармашылық тапсырма
- «Абай – дана, Абай дара, қазақта».
- «Қарапайым қазақтың бір баласы
Қаныш ата адамзат ғұламасы»
Тақырыптарында презентациялар демонстрациялайды және сабақ соңында принтерге шығарады. Интернетті пайдалануға және суреттерді сканерлеуге болады.
- Тақырыбы
- Өмірбаяны мен шығармашылығы
- Шығарған өлеңдері
- жас ұрпақты тәрбиелеудегі тілектері
- Әндері
6- кезең. Өзін -өзі тексеру
Сабақты қорытындылау. Бүгін міне жаңа мүмкіндіктермен таныстық, олардың көмегімен презентацияны басқаруды үйрендік. Өмірде осы білімдеріңді қолдана аласыңдар ғой деп ойлаймын.
Бағалау.
Үйге тапсырма Қайталау . Power Point бағдарламасында презентацияны
басқарудың қосымша мүмкіндіктері.