Visual Basic программалау тіліндегі графика
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы
Малыбай жалпы орта білім беретін мектептің
ІІ санатты информатика пәнінің мұғалімі
Жумабекова Мадина Оразхановна
Пән: информатика
Сынып: 10
Сабақтың тақырыбы: «Visual Basic программалау тіліндегі графика»
Сабақтың мақсаты: Visual Basic бағдарламасының графикалық объектілерімен жұмыс жасауға үйрету
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Объектілі бағдарланған программалау бойынша алған білімдерін саралау.
Дамытушылық: Әр оқушының сабаққа деген ынта мен қабілетін біріктіріп, қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілік: Туған жерге, елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін ояту; шыдамдылыққа, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, тест, практикалық тапсырма, сәйкестендіру кестесі
Сабақтың құрал-жабдықтары: интерактивті тақта, постер, түрлі-түсті маркерлер, Visual Basic 6.0, компьютер, локальды желі
Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: постер жасау, тест, практикалық тапсырманы орындау, Ішіне-сыртына
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, алгебра, ағылшын тілі
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі (1 мин) /ЖЕСО модулі/
Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеп, олардың назарын сабаққа бұру
ІІ.Үй тапсырмасы (4 мин) /АКТ модулі/
1-флипчарт 2-флипчарт
Сурет-1. Оқушылар «Сәйкестендіру» тапсырмаларын орындауда
ІІІ.Білу және түсіну кезеңі. (ОЖТ модулі) (6 мин)
Жаңа сабақтың тақырыбын анықтау үшін интербелсенді тақтада графикалық объектілердің суреттерін көрсету.
- Бұл не? Не үшін арналған? Бұл фигуралар мен не жасауға болады? сияқты жетелеме сұрақтары арқылы жаңа сабақтың тақырыбына шығу.
Оқушылар жауабы: графикалық фигуралар, сурет салу үшін, графикалық объектілермен жұмыс жасау үшін арналған.
- Сабақтың тақырыбы мен мақсаты қандай деп ойлайсыздар?
Оқушылар жауабы: Visual Basic-те графикалық объектілермен жұмыс жасау және үйрену
Жаңа сабақты түсіну үшін оқушыларға теориялық материалдар таратылады. Оқушылар жаңа материалмен танысып, түсінгендерін постер бетіне түсіреді де, түсінгендерін талдайды.
Теориялық материал:
Visual Basic-те графикамен жұмыс жасау үшін — PictureBox, — Shape, — Line, Image элементтерінің көмегімен іске асырылады.
— PictureВox формаға графиктік өріс шығаратын компонент
— Shape формаға тіктөртбұрыш, эллипс, шеңбер, бұрыштары дөңгеленген тіктөртбұрыш фигураларын шығаратын компонент
Қасиеттер терезесіндегі Shape қасиеті: 0-прямоугольник, 1-квадрат, 2-овал, 3-круг, 4-скругленный прямоугольник, 5-скругленный квадрат
— Line формаға сызық шығаратын компонент
— Image формаға түрлі типті бейнелік файлдардан суреттер шығаратын компонент
Сурет-2. Топтық жұмыс
- IV. Қолдану және талдау кезеңі /АКТ және ТжДБО модульдері/
Практикалық жұмыс 1 деңгей (7 мин)
Тақырыбы: Графикалық объект құру
Жұмыстың мақсаты: Visual Basiс ортасында қарапайым графикалық объектілерді құруды үйрету.
Жұмысты орындау реті:
- Visual Basic ортасын іске қосыңдар. Жобаны сақтап қойыңдар.
- Пішінге келесі басқару элементтерін орнатып, олардың қасиеттерін сәйкесінше өзгертіңдер:
Объект | Қасиеттері | Формадағы сурет | |||
Shape | Backcolor | Backstyle | Caption | ||
Form1 | көгілдір | Астана — жас қала! | Бәйтерек | ||
Shape1 | 0-Прямоугольник | Ақ | 1-непрозрачно | ||
Shape2 | 3-Круг | сары | 1-непрозрачно | ||
Line1 | қара | ||||
Line2 | қара | ||||
Line3 | қара | ||||
Line4 | қара | ||||
Line5 | қара | ||||
Line6 | қара | ||||
Line7 | қара | ||||
Line8 | қара | ||||
Line9 | қара | ||||
Line10 | қара | ||||
Command1 | Шығу | ||||
Label1 | Жасай бер, Қазақстан! | ||||
Shape3 | 0-Прямоугольник | көк | 1-непрозрачно | Ту | |
Shape4 | 2-Эллипс | сары | 1-непрозрачно | ||
Line11 | қара |
- 3. Command1 батырмасына келесі процедураны жазамыз:
Private Sub Command1_Click()
End
End Sub
- Қосымшаны іске қосып, салған суретіңді көр, Шығу батырмасын басып, бағдарламадан шық.
- Файл — > Создать Проект1.exe командасын орындап, бағдарламанды жоба ретінде сақта.
Практикалық жұмыс 2 деңгей (8 мин)
Тақырыбы: Visual Basic-те анимация жасау
Жұмыстың мақсаты: Visual Basiс ортасында қарапайым анимацияларды құруды үйрету.
Жұмысты орындау реті:
- Visual Basic ортасын іске қосыңдар. Жобаны сақтап қойыңдар.
- Жұмыс үстеліндегі 10-сынып қапшығындағы “VB анимция” бейнесабағын ашу
- Бағдарламаның коды
Private Sub Timer1_Timer()
Image1.Visible = False
Image2.Visible = True
Timer1.Interval = 0
Timer2.Interval = 400
End Sub
Private Sub Timer2_Timer()
Image2.Visible = False
Image1.Visible = True
Timer2.Interval = 0
Timer1.Interval = 400
End Sub
Private Sub Command1_Click()
End
End Sub
- Қосымшаны іске қосып, нәтижені көр, Шығу батырмасын басып, бағдарламадан шық.
- Файл — > Создать Проект1.exe командасын орындап, бағдарламанды «Анимация» атты жоба ретінде сақта.
Сурет-3. Оқушылардың практикалық тапсырмаларды орындауы
Сергіту сәті.
- Оқушылармен көзге арналған жаттығулар жасау
1-жаттығу
-Көздеріңнің бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмыңдар.
-Көздеріңнің бұлшық етін босаңсытып, ашыңдар.
Бұл кезде бірқалыпты дем алыңдар. 4-5 рет қайталаңдар.
2-жаттығу
-Кеңсірікке қарап тұрып, 3 рет терең дем алыңдар.
Көздеріңді талдырмаңдар.
-Алысқа қадалып қараңдар.
3-жаттығу
— Бастарыңды бұрмй, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.
-Алысқа қадалып қараңдар.
4-жаттығу
-Бастарыңды бұрмай,СОЛҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.
-Алысқа қадалып қараңдар.
- Оқушылармен қол, білек, арқаға арналған жаттығулар жасау
Практикалық жұмыс 3 деңгей (10 мин)
Тақырыбы: Visual Basic тригонометриялық фунциялардың графиктерін салу
Жұмыстың мақсаты: Visual Basiс ортасында синус және косинус тригонометриялық
функцияларының графиктерін құруды үйрету.
Жұмысты орындау реті:
- Visual Basic ортасын іске қосыңдар.
- Формаға графикалық терезе (Picture1), батырма (Command1) және шығу батырмасын (Command2) орналастыру
- Қасиеттер терезесіндегі Command1 батырмасының Caption қасиетін «Sin графигі» атымен өзгерту
- Қасиеттер терезесіндегі Picture1 батырмасының Имя (Name) қасиетін » picGraph» атымен өзгерту
- Қасиеттер терезесіндегі Command2 батырмасының Caption қасиетін «Exit» атымен өзгерту
- Sin графигі батырмасына екі рет шертіп код терезесін ашамыз
- Ашылған код терезесіне келесі кодты терміз: Синусоида графигінің коды
Private Sub Command1_Click()
PicGraph1.Scale (-10, 2)-(10, -2)
For SngX = -10 To 10 Step 0.01
PicGraph1.PSet (SngX, Sin(SngX))
Next SngX
PicGraph1.Line (-10, 0)-(10, 0)
For bytI = -10 To 10
PicGraph1.PSet (bytI, 0)
PicGraph1.Print bytI
Next bytI
PicGraph1.Line (0, 2)-(0, -2)
For bytI = -2 To 2
PicGraph1.PSet (0, bytI)
PicGraph1.Print bytI
Next bytI
End Sub
- Exit батырмасына екі рет шертіп, бағдарламадан шығу командасының кодын жазамыз
Private Sub Command2_Click()
End
End Sub
- Қосымшаны іске қосып, салған суретіңді көр, Шығу батырмасын басып, бағдарламадан шық.
- Файл — > Создать Проект1.exe командасын орындап, бағдарламаңды «Синусоида» атты жоба ретінде сақта.
Сұрақ: y=cosx тригонометриялық функциясының графигін салу үшін
программада нені өзгерту керек?
Жауап: процедурадағы sin фунциясын cos функциясына ауыстырамыз
V.Жинақтау кезеңі /ОБ,ОҮБ модулі — тест жұмысы, ОЖТ модулі — жұптық жұмыс/
Тест тапсырмасы: (3 мин)
- Формаға түрлі типті бейнелік файлдардан суреттер шығаратын компонент
А) picture box Б) shape В) image
- Формаға графиктік өріс шығаратын компонент
А) picture box Б) shape В) image
- Формаға сызық салу үшін қолданылатын компонент
А) line Б) data В) shape
- Формаға түрлі геометриялық фигураларды шығаратын компонент
А)timer Б) shape В) OLE
- Қосымшаларды іске қосу үшін қолданылатын мәзір
А) Запуск программы Б) Файл В) Инструменты
- Формаға уақыт өлшеуіш шығаратын компонент
А) data Б) timer В) OLE
Тест жауабы:
- В
- А
- А
- Б
- А
- Б
VI.Оқушыларды бағалау кезеңі (2 мин)
Бағалау парағы
№ | Оқушының аты-жөні: | Үй тапсырмасы | Топта жұмыс жасау | Деңгейлік тапсырмалар І деңгей — «3» ІІ деңгей — «4» ІІІ деңгей -«5» | Тест 5-6 ұ — «5» 3-4 ұ — «4» 1-2 ұ — «3» | Қорытынды баға |
1 | Жеңісбек Базылхан | |||||
2 | Күлікбай Майжан | |||||
3 | Қалым Жібек | |||||
4 | Сапар Жанаргүл | |||||
5 | Шапайова Райгүл |
Оқушыларды бағалау тапсырмаларды орындау дәрежесіне сәйкес бағаланады.
VІІ.Қорытынды. (2 мин) /СТОҮ модулі — Ішіне-сыртына, шығу парағы/
Шығу парағы: (2 мин)
Шығу парағы Мен бүгін . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . білдім. Сабақтың. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . қызықты болды, ал . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . қиындық туғызды. Мен . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .тапсырмаларды орындадым. Өмір үшін бұл сабақ маған . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . берді. Енді мен . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . орындай аламын. | Шығу парағы Мен бүгін . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .білдім. Сабақтың. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . қызықты болды, ал . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . қиындық туғызды. Мен . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .тапсырмаларды орындадым. Өмір үшін бұл сабақ маған . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . берді. Енді мен . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . орындай аламын. |
VІІI.Үйге тапсырма. «Visual Basic бағдарламалау ортасы» тақырыбына сөзжұмбақ (кроссворд) құрастырып келу.