Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері. Пернетақта
Өткізілетін күні: 9.10.2013ж №140 қазақ орта мектебі Сыныбы: 7 «Ә»
Пәні: Информатика
Пән мұғалімі: Жүсіпова Мирамкүл.
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері. Пернетақта
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың компьютердің негізгі құрылғылары жөнінде білімін қалыптастыру
Дамытушылық: Тақырып бойынша бекіту тапсырмалары арқылы оқушылардың білімін меңгерту, дамыту.
Тәрбиелік: Компьютер құрылысын білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Әдіс-тәсілдері: жұппен жұмыс, сұрақ-жауап
Сабақтың типі: жаңа білімді игерту сабағы
Қолданылатын құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер : компьютер, электрондық оқулық, таратпа,
интерактивті тақта, Power Point- та жасалған слайдтар.
Пәнаралық байланыс: математика
І. Ұйымдастыру кезеңі: а) ұжымдық әрекет;
б) техника қауіпсіздік ережелерді сақтау әрекеті;
в) оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Ой қозғау сұрақтары : а) Информатика деген не ? ә) Компьютер деген не?;
Үй тапсырмасын сұрақтар түрінде шолу :
- ХV ғ. Пайда болған санау құралы? (Есепшот (абак))
- ХVІІ ғ.басында Дж. Непердің есептеу таяқшалары? (логарифм )
- Алғашқы арифмометрді құрастырушы? (1673ж. Г.В.Лейбниц)
- ЭЕМ-нің даму кезеңдері (буындары) нешеге бөлінеді? (5 буынға бөлінеді)
- Компьютердің барлық жұмысын басқаратын құрылғы қалай аталады?
- Жедел жад қандай қызмет атқарады?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Электронды оқулық пайдаланады.
Компьютер – есептеуіш. Дербес компьютер – бір-ақ адам жұмыс жасауға арналған. Компьютердің ең негізгі құрылғысы: жүйелік блок, монитор, пернетақта. Блок ішінде барлық ақпараттарды еске сақтап тұратын құрылғы – процессор орналасқан. Ол – «компьютердің миы» ең көп тараған процессордың түрі ПЕНТИУМ деп аталады.
Жүйелік блокқа дербес компьютердің негізгі құрылғылары жинақталған, олар деректерді өңдеуді, электр тогының қосылуын қамтамасыз етеді.
Жүйелік блок- алдыңғы тақтасында: компьютерді қосу/өшіру батырмасы, компакт-дискіден CD-ROM оқитын орналастырылған.
Монитор – ақпаратты компьютер экранына шығаратын құрылғы.
Монитор экранындағы кескінді құрайтын кішкене нүктелер пиксельдер деп аталады.
Пернетақта – компьютерге әріптік және сандық ақпаратты енгізетін құрылғы Тышқан – ақпаратты енгізу құрылғысының бірі. Қос батырмалы. Сол жақ батырма – негізгі,
оң жақ батырма- қосымша батырмалар деп аталады.
Колонка – дыбыс шығару құрылғысы.
Сканер – қағаздағы кескіннің немесе мәтіннің көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы. Текстік және бейнелік ақпараттарды компьютерге енгізетін құрылғы.
Принтер –ақпаратты қағаз бетіне басып шығаратын құрылғы.Түрлері: матрицалық,түрлі-түсті, лазерлік.
Енгізу құрылғылары : пернетақта , тышқан , сканер
Шығару құрылғылары : монитор, принтер, колонка
Сергіту. Көз жаттығулары
ІV. Тапсырмалар. 1. Техникалық диктант Әрбір дұрыс жауапқа (+) қойылады.
- Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы . . . . . . . . . . . . . деп аталады.
- Компьютердің сыртқы жадына . . . . . . . . . . . , . . . . . . . . . ., . . . . . . . . . жатады.
- Қағаздағы кескінді дисплей экранына шығаратын құрылғы . . . . . . . . . . деп аталады.
- Компьютердің негізі құрамына кіретін құрылғылар…..
- Қазіргі кезде ең көп тараған процессор . . . . . . . . . . . деп аталады.
- Басу сапасы мен конструкциясы бойынша ең қарапайым басып шығарғыш . . . . . . . . . . . . . . . деп атайды.
(сканер, дискеттер, пентиум, басып шығарғыш, матрицалық, жүйелік блок, пернетақта,манитор, маус, флеш диск, дискет)
2-тапсырма Компьютер құрылғыларына ертегі құрастыру.
3-тапсырма Жұмбақ шешу
- 1. Бар нәрсеге жетік
Миы күшті тетік
Ол арқылы сөйлесіп
Кетесің шетелге де өтіп / компьютер /
- Әдетте үнсіз тұрамын
Белгі берсең ұғамын
Жазуы бар қағаздың
Құралы боп шығамын / принтер /
- Компьютердің айнасы
Бағдарыңды таңдашы
Сурет, сөзін көрсетіп
Тиер саған пайдасы / монитор /
4.Жануарға ұқсас атым бар
Бағдар көрсетер затым бар
Кілемше үстінде тұрамын
Ең қажетті құралмын
Білсеңдер қане айтыңдар / тышқан/
5.Саусақтарды билететін,
экранға мәтінді сый ететін,
жоқ деп мүлде айта алмайтын,
иә-ні қолдап қайталайтын береген / пернетақта/
4-тапсырма Процессорға қатысты «ДҰРЫС» тұжырымдамасы
Бұл компьютердің ең басты бөлігі | |
Бұл компьютердің қосымша құрылғыларынығ бірі | |
Бұл компьютердің «миы» | |
Компьютердің барлық жұмысын басқарады | |
Мәліметтер мен программаларды ұзақ уақыт сақтайды | |
Аналық тақша орналасқан | |
Компьютерге контроллер арқылы қосылады | |
Компьютердің кез-келген әрекетіне қатысады | |
Ол- негізгі микросхема | |
Шапшаң әрекетімен сипатталады | |
Көптеген сымдардан тұрады |
- Сәйкестендіру Сәйкестендіру арқылы сабақты бекіту
1 | Бас әріпті салу пернесі |
2 | Компьютердің ең басты бөлігі |
3 | 8 биттен тұратын код |
4 | Кез – келген бағытта сканерлеуге арналған сканерлер қалай аталады? |
5 | Ақпаратты енгізу құрылғысы |
6 | Жүйелік блоктың бір бөлігі |
7 | Басып шығару сапасы жақсы әрі тез принтер |
8 | Экрандағы ұсақ нүктелер |
9 | Кеңейтілген форматта басып шығару құрылғысы |
10 | Ақпаратты қағаз бетіне басып шығаруға арналған құрылғы |
С | Байт |
К | Плоттер |
Б | Аналық тақша |
А | Принтер |
И | Пиксель |
Л | Лазерлік |
Е | Процессор |
П | Қолмен басқарылатын |
У | Маус |
Р | Caps Lock |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Р | Е | С | П | У | Б | Л | И | К | А |
Біздің республикамызға байланысты сұрақтар қойылады.
- Қазақстан қандай мемлекет?
- Республика күні қашан?
- ҚР-сының гимнінің авторы кімдер?
Таратпаларды толтыру және жауап беру
VІІ. Қорытынды: Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келсек,оқушылардың компьютер құрылғылары туралы білімдерін жүйелеу және кеңейту, комьютер құрылғылары бойынша алған білім, білік, дағдаларын бақылау, пәнге деген қызығушылығын арттыру, алған білімдерін жинақтау, ой — өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Бағалау: Енді сабағымызға белсенді қатысып, өзінің білімін, біліктілігін көрсете білген оқушыларды бағалаймын.
VІ .Үйге тапсырма:
Компьютердің негізгі құрылғылары бойынша анықтамаларды жаттап келу;