Код редакторы. TextBox, Label, CommandButton компоненттері

Сабақтың  тақырыбы:   Код редакторы. TextBox, Label, CommandButton   компоненттері

Сабақтың  мақсаты:

       А)  Білімділігі:  TextBox, Label, CommandButton компоненттері, олардың қасиетері мен оқиғаларымен таныстыру, білімділікке,  сауаттылыққа,  ойлау  ұшқырлығын  дамыту

       ә)  Тәрбиелігі:  икемділік  қасиетімен  шабытты  болуға  қалыптастыру

б)  Дамытушылығы:  оқушылардың  ойлау  қабілетімен  қызығушылығын  арттыру

Сабақтың  түрі:  Аралас  сабақ

Сабақтың  көрнекілігі: компьютерлер,  топтамалар, тест  сұрақтары  т.б.

Сабақтың  барысы: 

 І.  Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгелдеу. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру. Назарын сабаққа аудару

ІІ. Өткен тақырыпты сұрау

  1. VisualBasic  программасын іске қосу жолы қандай?
  2. Жаңа қосымша жасау  жолы?
  3. Терезе элементтерін ата?
  4. Экранда қасиеттер панелі көрінбесе қалай қосамыз?
  5. Қандай компоненттер білесіздер?
  6. Форма деген не?
  7. Оның қандай қасиеттері бар?
  8. Оқиға деген не?

ІІІ. Жаңа  сабақ

ТехtВох – қосымшаға әртүрлі информация енгізу және шығару үшін қолданылатын компонент. Қосымша орындалғанда пайдаланушы бұл объектіде жазылған жазуды редакциялауына болады. Негізгі оқиғасы –Сһаnqe. ТехtВох объектісінің негізгі қасиеттері:

Name – объектіге ат беру.

Техt – алаңға текст енгізу, тексті тікелей қасиеттер терезесінде немесе программалық кодта төмендегідей  меншіктеу операторының көмегімен енгізуге болады:

Техt 1.Техt=””                    // текстік аланды тазарту

Техt 2.Техt= Техt1. Техt

Текстік объектінің мәнін төмендегідей анықтауға болады:

Х= Техt 1.Техt

Lосked – құлып, алаңға текст енгізу мүмкіндігін алып тастайтын немесе орнататын бульдік шама. Егер қасиеттің мәнін Тrue етіп орнатса, онда объекті тек көру режимінде ғана шығады, курсор көрініп тұрады, ал тексті өшіруге немесе жаңа текст жазуға болмайды.

МultiLine – енгізу алаңын көп қатарлы ететін бульдік шама, текст алаңын көп қатарлы ету үшін бұл шамаға «Тrue» орнатып, текст алаңын программалық кодта төмендегі мысалдағыдай толтыруға болады. Программалық кодта тексті бөліп жазу үшін + не & символдары қолданылады.

Аlіqnment – тексті сол жақтаумен, оң жақтаумен немесе ортамен түзету.

ВоІderStyle – жақтау орнататын бульдік шама.

Ғоnt – шрифт орнату.

FоrеСоІоr – шрифт түстерін орнату.

ВасkСоІоr – текст қорабын бояу.

ЕnаbledVіsіble – қосымша орындалғанда объектіні өшіру/қосуды және объектіні көзге көрінбейтін/көрінетін етуді орнататын бульдік шамалар(мәндері Тrue/Fаlse)

Lаbel компоненті информацияны шығару үшін қолданылатын компонент. Көптеген қасиеттері ТехtВох компонентінің қасиеттеріне ұқсайды. Негізгі оқиғасы – СІіск.

Lаbel компонентінің өзіне тән қасиеттері:

Сарtіоn – жазу орнату. Егер бұл қасиетке мән беру барысында кез-келген бір әріптің алдына «&» (амперсенд) белгісін қойып кетсе, онда сол әріптің асты сызылып тұрады.

АutoSіze – объектінің шекара өлшемдерін жазудың ұзындығына байланысты горизонталь бағытта автоматты түрде соза алатын бульдік шама.

.

ВоІderStуle – жазу шығатын алаңнын түрін өзгерту, бұл қасиеттің мәнін 1-FiхеdSіnqle  шамасына орнатқанда жазу алаңы  ТехtВох секілді өзгереді, бірақ ондағы жазу редакциялауға келмейді.

СоmmandВutton  компоненті  батырма жасау үшін қолданылатын кеңінен қолданылатын пайдалы объектілердің бірі болып табылады. Негізгі оқиғасы – СІісk.

СоmmandВutton  компоненті  негізгі қасиеттері:

Сарtion – батырманың бетіне жазу орнатады.

ВасkСоІоr – батырманың түсін орнату.

Рісture – батырма бетіне сурет қою.

Visual  Basic-те басқарудың құрасдас элементтерінің көлемді жиынтығы бар. Пішін сияқты басқару элементтері де объект болып табылады. Сондықтан кез-келген объектіге тән, олардың өзіндік қаситтері, әдістері және оқиғалары бар. Басқару элементтері инструменттер панелі арқылы жасалады. Басқару элементінің немесе пішіннің қасиеттерін орнатқан соң олармен байланысты кодты жазуға кіріседі. Кодта оқиғаларды өңдеу процедуралары ерекше орын алады. Код терезесін жоба терезесінде ViewCode батырмасын басып та шауға болады.

IV.Сабақты бекіту

Практикалық жұмыс №3

Тақырыбы:  Visual Basic ортасымен танысу. «Сәлем Visual Basic» программасын құру

Жұмыстың мақсаты: Visual Basiс ортасының элементтерімен таныстыру. Visual Basiс ортасында программа (қосымша) құрудың негізгі кезеңдерімен таныстыру.

Жұмысты орындау реті:

  1. Visual Basic ортасын іске қосыңдар.
  2. Пішінге екі басқару элементін орналастырыңдар. Бірінші басқару элементі – TextBox мәтіндік өрісін, екінші — CommandButton басқару батырмасын орнатыңдар.
  3. Осы басқару элементтерінің келесі қасиеттерін орнатыңдар:
ОбъектОбъект атыҚасиетіОрнату
ПішінForm1CaptionСәлем Visual Basic
Мәтін өрісіText1Text(бос)
Басқару батырмасыCommand1CaptionОК
  1. Command1 басқару элементі үшін Click процедурасын таңдап (Command1 басқару элементін екі рет тышқанмен шертеміз), келесі программалық кодты жазамыз:

Text1.Text= “Сәлем Visual Basic”

  1. Қосымшаны іске қосып (F5 басамыз), ОК батырмасын басыңдар. Мәтін өрісінде “Сәлем Visual Basic” хабарламасы шығуы керек.

 

 

  1. Жобаны сақтап қойыңдар.

 

 

V.Үйге тапсырма: TextBox, Label, CommandButton компоненттері

Сабақты қорытындылау:

   Жаңа  материалды  пысықтау,  оқушылардың  меңгерген  білімдерін  талдау, бағалау.