Windows 2000 қосымшаларындағы берілгендердің алмасуы. Windows 2000 орнатылуы

Сабақтың тақырыбы:  Windows 2000 қосымшаларындағы берілгендердің алмасуы.  Windows 2000 орнатылуы

  1. Сабақтың мақсаты:

         Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында  білімдерін арттыру.

Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа  тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктріп,

пәнге деген қызығушылығын арттыру.

        III. Сабақтың түрі:     аралас сабақ

  1. Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
  2. Сабақтың көрнекілігі: копьютер, топтама, тест сұрақтары т.б.
  3. VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық

        VII.  Пайдаланған әдебиеттер: Н.Ермеков, М.Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.

VIII.  Сабақтың барысы:

А) ұйымдастыру кезеңі

Б)  сабақ сұрау

В) Бағалау

Г) Жаңа сабақ

Д) Бекіту

Е) Үйге тапсырма

Ж) Қорытынды

Балалар біз өткен сабақта Операциялық жүйелер және олардың дамуы.

                 Windows 2000 операциялық жүйесі. Бағдарламалау жүйелері

деп аталатын жаңа тақырып өткен болатынбыз. Өткен сабақтар бойынша кім үйге берілген сабақты айтады деп? Деп бірнеше оқушыдан үй тапсырмасын сұраймын.

Жаңа сабақ

Пайдаланушы бастапқыда DOS ОЖ-де жұмыс істей отырып мәтіндік және графикалық редакторларды жеке пайдаланады, содан соң оларды біріктіріп тұтас басып шығарады. Бұл бірқатар ыңғайсыздықтар туғызады:деректерді әр түрлі файлдарда сақтауға тура келеді, бұл жағдайда құжатты қабылдау өзінің тұтастығынан айырылады, беттерді нөмірлеуде және басқа да қиындықтар туады.

  1. Қосымша-тұпнұсқада деректер үзіндісін ерекшелеу керек.
  2. Алмасу буферінде ерекшеленген үзіндіні Правка-Копировать немесе Правка-Вырезать(Еdit-Сору немесе Еdit-Сui) командасымен көшірмелеу керек.
  3. Қосымша-қабылдаушыға көшіп, меңзерді (курсор) буфердегі деректерді қою қажет болатын жерге орналастырып, Правка-Вставить командасын орындау керек. Алмасу буфері арқылы деректерді алмасудың артықшылығы әр түрлі қосымшалармен жасалған(құрымды құжаттар) бір құжатта объектілердің ұштасуы болып табылады. Мұндай алмасудың кемшіліктері:

Аралық сақтау буферінде деректерді жинақтау мүмкіндігінің болмауы. СІірboardқа жаңа үзіндіні орналастырған кезде ескісі өздігінен жойылады. Сондықтан, мысалы, бір құжаттың әр түрлі жерінен екінші құжатқа бірнеше үзіндіні көшірмелеген кезде пайдаланушыға қосымша-түпнұсқа мен қосымша қабылдағыш  арасында талай рет қайталап қосылып отыруына тура келеді.

Сіірboard арқылы берілетін ақпарат көлемінің шектелуі;

Ауыстыру буфері арқылы құжат-қабылдағышқа кірістірілген деректер оларды құжат көзінде өзгерткенде жаңармайды.

OLE-де байланыстыру кезінде:

  • объектінің екінші көшірмесін жасау қажеттігі болмайды, мұның өзі дискілік кеңістікті қажетті қысқартуға мүмкіндік береді;
  • байланысқан объектіге өзгерістер енгізу объект байланысқан құжаттардың бәрінде олардың қосарлануын қамтамасыз етеді;
  • түпнұсқаға баратын жол есте қалады, сондықтан басқа компьютерге көшірген кезде осы құжатқа енгізілген объектілер мазмұндалатын барлық файлдарды қайта жазу керек.

OLE-ге енгізу кезінде :

  • қойылған объектіні өзгерту түпнұсқада көрінбейді;
  • барлық ақпарат бір файлда сақталады және басқа компьютерге көшірген кезде ешқандай проблема туындамайды.

Мicrosoft  2000  Рrofessional күрделі жүйе болғанымен оған көшу аса айтарлықтай оңай, себебі орнатудың бұл түрі көбіне автоматтандырылған. Ең оңайы толық модернизация жүргізу, бұл кезде Windows 2000 бұрынғы (алдындағы) ОС-ті «өшіріп» тастайды, алайда машинада Windows 95, Windows 98, немесе Windows NТ қалдырып, «таза» инсталяцияны жүргізу де қиынға соқпайды. Егер Сіз өзіңіздің барлық документтеріңізді(тексті, процессор файлдары) қатқыл дисктің айрықша бөліміне орналастырсаңыз, ескі жүйеге оралу оңайға түседі. Осы жағдайда Сіздің файлдарыңызға басқа бөлімдерді жою, переформатирование немесе қалпына келтіру ешқандай зиянын тигізбейді. Айрықша бөлімге қолданбалы программаларды да орнатуға болады. СD-ROM драйверімен салынатын Windows дискісін дайындау да артық болмайды.

Автоматты жалғасу. Процедура мүлдем автоматты болады, алайда бір немесе одан көп уақытты қажет етеді. Орнату бағдарламасы компьютерді бірнеше рет өшіріп-қосады, барлық керекті файлдардың  көшірмесін жасап, ертеректе қойылған Windows-тағы настройкалар мен бағдарламаларды Windows 2000-ға көшіреді. Ұзақ кезендер (5-10 мин) бойы машина (қатқыл дискті қосып отырып) істемей, өшіп қалғандай тұрады. Қобалжымаңыз:бұл процесс жүріп жатыр деген сөз.

Соңғы қадамдар. Windows 2000-ды бірінші рет қосқан кезде ол жүйеге кіру үшін пароль сұрайды, тек содан кейін ғана жұмыс бастауға болады. Windows 2000-ға кірген соң ең алдымен танысып, дұрыс істеп жатқандығын тексеріңіз. Проблемалар туындаса, Интернетке www.microsoft.com/ windows2000/рrofessional  адресі бойынша Мicrosoft Windows 2000 жетекші аймағына жүгіну қажет.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Алмасу буфері арқылы мәліметтер алмасу қалай жүзеге асырылады?
  2. Windows-те мәліметтер алмасудың қандай технологиясы бар?

Жаңа сабақты бекіту

  IX .Үйге тапсырма

                  Windows 2000 қосымшаларындағы берілгендердің алмасуы.

                                                Windows 2000 орнатылуы

  X . Сабақты қорытындылау

  Жаңа материалды пысықтау,оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,бағалау.

 XI . Бағалау.