Paint графикалық редакторы. Түзу сызық, тіктөртбұрыш, эллипс, бұрыштары дөңгеленген тіктөртбұрыш, құю құраладарын пайдаланып сурет салу

Сабақтың тақырыбы:  Paint графикалық редакторы. Түзу сызық, тіктөртбұрыш, эллипс, бұрыштары дөңгеленген тіктөртбұрыш, құю құраладарын пайдаланып сурет салу

Сабақ мақсаттары:

Білімділік: оқушыларды Paint графикалық редакторымен және  оның құралдарымен таныстыру

Дамытушылық: деңгейлік тапсырмаларды қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: топтық жұмыс арқылы сыныптағы өзара ынтымақтастық қарым-қатынасты қалыптастыру

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Құралдар: интербелсенді тақта, стикер, карточкалар, флипчарт бету, түрлі-түсті маркер

Әдіс-тәсілдер: диалогтік оқыту, жұптық, топтық жұмыс

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, ағылшын тілі

Сілтеме: «Информатика», Алматы-«Атамұра» 2012 жыл, §22-23, 117-128 беттер

 

 

Сабақ кезеңдері

 

Уақыт

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

 

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі2 мин

ОжОЖТ

Сыныпты түгендеу

 

 

Амандасу

Өзге ұлт өкілдерінің  тілінде амандасу

Салом! – қырғыз, өзбек,тәджік

Guten Tag! –неміс

Good mooning!- ағылшын

Bonjour! –француз

Buon giorno! -Бон джорно! – итальян

你好 nǐhǎo-ни-хао!- қытайлық

 

Психологиялық ахуалды қалыптастыру

Шаттық шеңберіне тұрып, өз есімдерін айту, есімінің бас әрпіне сәйкес өз бойындағы қасиетін  айту

Мысалы,

Асем-ақылды, Жанар-жайдары

 

Топтастыру

Сурет қиындыларын жинастыру арқылы

 

Сынып старостасы сыныпты тізім бойынша түгендейді.

 

Амандасу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шаттық шеңберіне тұрып

 

 

 

 

Білу

 

3 мин

ТжДБО

ОжОЖТ

СТОҮ

Сөзжұмбақ арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу

(Пәнаралық байланыс)

Берілген сұрақтарға қазақша-орысша-ағылшынша жауап беріп, ағылшынша  жауабын жазу

1. Дыбыс жазуға арналған құрал (микрофон-микрофон-microphone)

2. Компьютердің енгізу құрылғысы (пернетақта-клавиатура-keyboard)

3. Қазіргі уақыттағы жыл мезгілі (қыс-зима-winter)

4. Оқушының құралы  (дәптер-тетрадь-notebook)

5. . . .  сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарын білдіреді (ақпарат-информация -information)

Сонымен, сабағымыздың тақырыбы қандай екен?

Paint деген сөз қандай мағынаны береді?

Paint не үшін арналған бағдарлама?

Яғни, біз бүгін сабақта не істеуіміз керек? Алдымызға қандай мақсат қоямыз?

 

Оқушылар берілген сұрақтарға қазақша-орысша-ағылшынша жауап бере отырып, ағылшынша жауабын жазады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Paint

 

Ағылшын тілінен аударғанда «Бояу» деген сөз

Сурет салу үшін

Paint сурет салу бағдарламасымен жұмыс жасау, компьютерде сурет салуды үйренуіміз керек

Түсіну8 мин

ОЖТ

Топтық жұмыс

Екі топқа жаңа сабақтың материалдары бар парақшаларды тарату.

1-топ: » Paint графикалық редакторы» мәні, мәзірі, жаңа құжат құру, суретті сақтау, бағдарламадан шығу

 

2-топ: «Paint графикалық редакторының құралдары» түзу сызық, тіктөртбұрыш, эллипс, бұрыштары дөңгеленген тіктөртбұрыштар, құю

 

Берілген материалдарды оқып, топта талқылап, түсінгендерінді флипчарт бетіне түсіру

Топ алдында қорғау

 

 

 

 

Екі топ берілген материалдарды оқиды, топта талдайды, флипчарт бетіне түсіреді

 

Әрбір топ өз жұмысын қорғайды

Қолдану

 

18 мин

ОЖТ

ДжТБО

АКТ

І-деңгей( 2 мин)

 

Жасыл түсті карточка

(берілген тапсырманы орындау үшін жұмыс алгоритмі беріледі)

 

 

 

ІІ-деңгей (6 мин)

 

Сары түсті карточка

(тапсырманы орындау үшін пайдалануға қажетті құрал-саймандар атауы және тақырыбы беріледі)

 

 

ІІІ-деңгей (10 мин)

 

Қызыл түсті карточка

(тапсырманың тек тақырыбы ғана беріледі)

 

 

 

Жасыл түсті карточкаларды пайдаланып деңгейлік тапсырмалар орындайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сары түсті

карточкаларды пайдаланып деңгейлік тапсырмалар орындайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызыл түсті карточкаларды пайдаланып деңгейлік тапсырмалар орындайды

 

 

Сергіту сәті

 

3 мин

ОмОЖТ

ЖЕСО

«Эделвейс» жаттығуын орындауОқушылар орындарынан тұрып «Эделвейс» жаттығуын орындайды
Талдау3 мин

СТО

«FISHBONE»

Балықтың үстіңгі қабырғаларына Paint туралы осы сабаққа дейін  не білгендеріңді жазасыңдар, ал төменгі қабырғаларына  Paint туралы осы сабақта алған мағлұматтарынды жазып, балықтың құйрығына жалпы қорытындыларынды жазу

 

Балықтың үстіңгі қабырғаларына Paint туралы осы сабаққа дейін  не білгендеріңді жазады, ал төменгі қабырғаларына  Paint туралы осы сабақта алған мағлұматтарынды жазып, балықтың құйрығына жалпы қорытындыларын жасап, әрбір топ өз қорытындыларын қорғайды

Синтездеу5 мин

СТОҮ

Екі топқа флипчарт беті және «Балық», «Spang BOB»  суреттері бар жабсырғыш  стикерлер таратылады, оқушыларға сабақтың басында және соңында қандай күйде болғандарын және сабақты сурет арқылы көрсету ұсынылады

 

Екі топ флипчарт бетіне «Балық», «Spang BOB»  суреттері бар жабсырғыш  стикерлер көмегімен сабақтың басында және соңында қандай күйде болғандарын және сабақтан алған әсерлерін көрсетеді

 

Бағалау 2 мин

ОүБжОБ

Бағалау парағына сүйене отырып, өзін, жұбын, тобын бағалайды.Бағалау парағына сүйене отырып өзін, тобын бағалайды.

 

Оқушының өзін-өзі  бағалау парағы:

 

Сабақтың кезеңіБағалау критерийі

(ұпай)

Оқушының өзін-өзі бағалауы
ҰйымдастыруОқулық  бар – 1 ұп, жоқ -0

Дәптер   бар – 1 ұп, жоқ -0

Қалам    бар – 1 ұп, жоқ -0

Үй жұмысыжоқ  —  0

Бар, бірақ  жартылай дұрыс — 1

толық дұрыс —  2

Сынып жұмысы

Топтық жұмыс (топбасшы бағалайды)

Жасыл карточка

Сары карточка

Қызыл карточка

Шығармашылық тапсырма

 

Қанағат-1, жақсы -2, өте жақсы-3

 

Толық емес-1, жартылый -2, толық-3

Толық емес-1, жартылый -2, толық-3 Толық емес-1, жартылый -2, толық-3

5 ұпай

белсенділік

тәртіп-мәдениеттілік

2 ұпай /мұғалім қояды/

2 ұпай /мұғалім қояды/

Жалпы жинаған ұпайы 
Бағасы 

20 -26 ұпай — «5»

13-19 ұпай — «4»

6-12 ұпай — «3»

1-5 ұпай — «2»