« Жұлдызды сәт» интеллектуалдық ойыны
« Жұлдызды сәт» интеллектуалдық ойыны
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың информатика және математика пәндерінен
алған білімдерін жинақтау, олардыңбілімгедеген
құштарлығын арттыру, қызықтыруарқылыбілімін
тереңдету, интелллектуалдыққабілетіндамыту.
Жүргізуші:Саламатсыздарма, құрметтіұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар!
“Таланттылартерінтөгіп, толғансын,
Тұлпарлары топ жарысында, жүлдеалсын”, – депбүгінгі “Жұлдыздысәт” аттыинтеллектуалдықойынымызғақош келдіңіздер! Сіздерменбірлесе отырып «Жұлдыздысәт» аттыинтеллектуалдыойынымыздыбастаймыз.
Ойын-толқын, айналғанқаттыағысқа,
Табылғандайтаным да, жат дауыс та.
Біреуозыпкеледіқатарынан,
Біреумініпжатқандааптығыста.
Ойын-толқын, жатқандайасып, тасып,
Біреумығым, біреулершалысбасып.
Бұлойыннанөтедіғұламаойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалмажасып.
Алдарыңыздаөзбілімімен, ақыл-ойыменерекшеленген әртоптыңоқушылары. Еңалдыменсіздерге осы ойындаәділбағасынберерәділ-қазыларалқасыментаныстырыпөтейін.Ендігікезекоқушыларда. (Әр топ өзаты мен ұраныментаныстырады).
І – топ: “Болашақ”
Ұраны: Болашақтыңұрпағымызбілімді,
Сайыстакөрсетпекпізмектепте алған білімді.
ІІ – топ: “Тапқырлар”
Ұраны: Тапқырлықтанытумақсатымыз,
Білімменшықсын тек жақсыатымыз.
Жүргізуші:
Жарысқақатысыпотырғаноқушыларғасәтсапартілей отырып, шыңдарғабиікқонғайсыңдемекпіз. Еңалдыменбүгінгіойынымыздыңөтілубарысыментанысболайық. Бүгінгіойынымыз5 бөлімннен тұрады:
І -бөлім «Таныстыру»
ІІ- бөлім «Бәйге»
ІІІ- бөлім «Тіл-өнер»
ІV — бөлім «Ғажайып алаңы»
V -бөлім «Қиын қия»
І- бөлім «Таныстыру»
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз – деп алғашқы “Бәйге” бөлімін бастаймыз.
ІІ– бөлім «Бәйге»
Бұл кезең бойынша сіздерге информатика және математика пәндерінен 17 сұрақ беріледі. Сол сұрақарға алғыр да тапқырлықпен жауап беру керек.. Әр дұрыс жауапқа үшін топқа 10 ұпайдан қосылады.
1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі. (бит)
2. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс. (интернет)
3. Суретсалуға арналған программа. (пайнт)
4. Компьютердің “ақыл-ойы”, еңбастыбөлігі. (процессор)
5. Компьютер ауруы. (вирус)
6. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші. (сканер)
7. Қағазғабасыпшығаруқұрылғысы. (принтер)
8. Белгілібіратпенжазылған мәліметтер. (файл)
9. Ақпараттыенгізуге арналған құрылғы. (пернетақта)
10. Жалпы желігеқосылу үшін қажетті құрылғы. (модем)
11. Компьтержанынақойылатынөсімдік. (кактус)
12.Санның жүзден бір бөлігі ( процент)
13. Екіге қалдықсыз бөлінетін сандар ( жұп сандар)
- Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жататын қабырғасының аты. (гипотенуза)
15. Жазықтықтағы қандай түзулер ешқашан қиылыспайды? (параллель)
16.Қандай санға бөлуге болмайды?( 0-ге)
17.Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы ( 1800)
“Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте”, – деп Қадыр Мырзалиев ағамыз айтқандай, жас қырандардың тіл білімін тамашалайық.
ІІ – бөлім «Тіл – өнер»
Бұл бөлімде сіздерге сұрақ қойылады. Қойылған сұрақтың жауабын үш тілде айту керек: қазақ, орыс, ағылшын тілінде Әр дұрыс жауапқа үшін топқа 15 ұпайдан қосылады.
1.Компьютермен жұмыс жасауды жеңілдететін қосымша құрылғы (тышқан, мышка, mouse)
2.Қоршаған орта және онда жүріп жатқан процестер туралы мәліметтер (ақпарат, информация, information)
3.Бір-бірімен жарысқан,
Төрт аю, бір арыстан
Екі қой мен бір түлкі,
Бәрі нешеу кім білді? (сегіз – восемь – eight)
4.Өнер алды – қызыл … (тіл – язык – language)
5.Жақтаулармен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ. (терезе – окно – window)
6.Өшірілген файлдар қайда сақталады? (себет – корзина – basket)
7.Сабыр түбі – сары … (алтын – золото – gold)
8.Артық ғылым …
Ерінбей оқып көруге. (кітапта – книга – book)
9.Қандай команданың көмегімен құжаттардың көшірмесін даярлаймыз? (көшіру – копировать – copy)
10.Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді. (өшіру – удалить – delete)
Мәңгі бақи есте қалар
Ғажайып бір кеш болсын
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын. – деп келесі бөліміз“Ғажайып алаңы”.
ІІІ – бөлім «Ғажайып алаңы»
Бұл бөлімде сұрақтар сандар арқылы ұяшықтарда көрсетіледі
«Информатика» бойынша сұрақтар
10 — Бірінші электронды машина (ENIAC)
20 – Стандартты бағдарламалар (Блокнот, Калькулятор, Word Pad, Paint)
30 – ОЖ дегеніміз не және оның түрлері қандай?
(Адам мен компьютер арасындағыбайланыстықамтамасызететінжүйелік программа. ОЖ компьютер жұмысын басқарады. MsDos, Windows 95/98, Windows2000/XP, Windows NT, Windows UNIX)
40 – 19 жасындадүниежүзіндебіріншірет қосу машинасынжасапшығарғанғалым?(Блез Паскаль)
«Математика» бойыншасұрақтар
10 — 5-6 сыныптардағы математика оқулығының авторы. (Т.М. Алдамұратова)
20 — Қыры 5 болатын кубтың көлемі нешеге тең? (125)
30- Шеңбер диаметрі 32см, радиусы нешеге тең? (16 см)
40— 5 түйме 20 теңге тұрады. Осындай 7 түймеге неше теңге төлейсің? (28тг)
Айналайын алға ұмтылған дарныдар!
Айналайын жеңіс құшқан қырандар,
Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,
Сұрап қоймай шешу жолын табыңдар.
V-бөлімі «Қиын қия»
Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ,ал біліктілік-сол білімді іске асыра білу дағдысы- деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне суйене отырып, «Қиын қия» сайысымызға өтеміз. 2 топқа ортақ тапсырма.
Шарты:Электронды кестедегі берілген «Информатика» сөзінің ұяшық адресін табу керек .Әр дұрыс жауапқа үшін топқа 30 ұпайдан қосылады
A | B | C | D | E | F | |
1 | И | Ж | Щ | Ұ | У | О |
2 | Ң | А | Ы | Г | З | Ц |
3 | П | Ь | Ю | Б | Н | Қ |
4 | Х | В | М | Ө | Ә | Д |
5 | Л | Е | Й | Ү | І | Р |
6 | Ч | Ф | Һ | Э | С | Щ |
7 | К | Я | Ғ | У | Т | Ё |
A1.E3.B6.F1.F5.C4.B2.E7.A1.A7.B2
Информатика және математика болашаққа бастайды
Келешекке білім қуған жастарды
Қадам басып 21-ші ғасырға
Барлық әлем жаңалығын тастайды – дей отырып сөз кезегін әділқазыларға берейік.
Бүгінгі көріп тамашалаған интелектуалды ойын “Жұлдызды сәт” ойыны өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!