Тақырыбы: Жұлдызды сағат

Тақырыбы: Жұлдызды сағат

Білімділік: Оқушылардың білімі мен тапқырлығын, өнері мен ұшқырлығын, ақылдылығы мен жылдамдылығын, көптің ортасында салып, ұстазымен бірге бақтарын сынату, сөздік қорын, тіл байлығын,дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке  тәрбиелеу,

Дамытушылық: Оқушыларды сайысқа қатыстыра отырып, баланың оқығанын, естігенін, көргенін есте сақгау қабілетін қалыптастыру, нығайту, білімге құштарлығын арттыру.

Көрнекіліктері: Интерактив тақта, презентация,  Ғалымдардың портреттері, өлшеуіш құралдар. Өлшем бірліктер жазылған плакаттар.

Жүру барысы:

І-жүргізуші:

Сәлем бердік, құрметті ұстаздар, әділқазылар мен оқушылар қош келдіңіздер!   «Жұлдызды сағат» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

ІІ-жүргізуші:

Бүгін  біз әр уақытта білімділігі мен тапқырлығы және алғырлығымен танылған оқушыларды ортаға шақырамыз

І-жүргізуші:

Ең алдымен сіздерге осы кештегі әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырайық

Әділ халқым берерсің әділ баға

Өнері мен өрісін салыстырып

ІІ-жүргізуші:

Төрағасы, төре билер, жюрилер

Әділетпен кеңес құра білер –дей отырып сайысымыздың 1-турын бастаймыз.

І-жүргізуші

Бұл турда жарыс сұрақтары қойылып, жоғарғы балл алған оқушылар ІІ-турға қабылданады. Төменгі бал алған екі оқушы ойыннан шығады.

ІІ-жүргізуші:

Тақтада Физика және Информатика  саласына зор үлес қосқан ғалымдардың портреттері ілулі тұр. Төменгі жағында аты-жөні жазылған және олар рет саны бойынша нөмірленген

1-бөлім Физика саласында

  1. М. В. Ломоносов
  2. Блез Паскаль
  3. Архимед
  4. Торричелли
  5. Галилей

Қойылатын сұрақтар

1.Кері итеруші күшті анықтаған ғалым Жауап: Архимд

  1. Денелердің еркін түсуін, инерция құбылысын ашқан ғалым. Жауап: Галилей

3.Атмосфералық қысымның ауа райына байланысты өзгеретінін анықтаған ғалым  Жауап: Торричелли

4.Заттың молекула-кинетикалық теориясының негізін салушы Жауап: М. В. Ломоносов

5.Сұйықтар мен газдардың қысымды барлық жаққа бірдей жеткізетіндігін дәлелдеген ғалым Жауап: Блез Паскаль

2-бөлім Информатика саласында

  1. Джон Нейман
  2. Чарльз Беббидж
  3. С.А. Лебедев
  4. Ада Лавлейс
  5. Билл Гейтс

Қойылатын сұрақтар

1.Ол Windows-бағдарламасымен бүкіл әлемге компьютердің жаңа қызметін ашып берді. Жауап: Билл Гейтс

2.Ол ең алғашқы программашы ғалым  Жауап: Ада Лавлейс

3.Ол ХІХ ғасырдағы ең бірінші есептейтін программаларды құрды.  Жауап: Чарльз Беббидж

4.Ол ең алғашқы элктронды есептеуіш машинаны шығарды.  Жауап: Джон Нейман

  1. Бірінші советтңк ЭЕМ-ға 1950 жылдары басшылық жасаған академик ғалым Жауап: С. А. Лебедев

І-жүргізуші:

Ойынымыздың шарты бойынша ұпай  саны аз оқушылар ойыннан шығады.

ІІ-жүргізуші

Жан достарым

Мұны жақсы ұғайық

Информатика құрметтеуге лайық

І-жүргізуші

Тартысайық сайыста күш жігермен

Тартысайық қимас біз дос көңілмен-дей келе ІІ-турды бастаймыз.

Физика және информатика пәндерінің өлшем бірліктеріне арналған

1-бөлім Информатика саласында

  1. 1Байт
  2. 1Мегабайт
  3. 1Гигабайт
  4. 1Килобайт
  5. 1Бит

Қойылатын сұрақтар

Мына ақпараттың өлшем бірліктерін 10 секунд ішінде «тізбек» өсуі ретімен дұрыс шығатындай етіп бірліктерді орналастыру керек.

Жауабы:

  1. 1Бит
  2. 1Байт
  3. 1Килобайт
  4. 1Мегабайт
  5. 1Гигабайт

2-бөлім Физика саласында

  1. Ньютон
  2. Паскаль
  3. Ватт
  4. Кельин
  5. Грамм

Қойылатын сұрақтар:

1.Ол физикалық өлшемнің қызметі дененің массасын  көрсетеді                 Жауабы: Грамм

2.Ол физикалық өлшемдік тартылыс заңын ашқан ғалым атымен аталады Жауабы: Ньютон

3.Ол физикалық өлшемнің қызметін қысымды анықтайды әрі программалау ретінде таныс  Жауабы: Паскаль

4.Ол физикалық өлшем бірлік қуатты анықтайды  Жауабы: Ватт

5.Ол физикалық өлшем бірліктің қызметі температураны көрсетеді       Жауап Кельвин

ІІ-жүргізуші:

Ең қиынын жарыстың

Жеңіп алып жарыссын-дей келе ІІІ-турымызды бастаймыз

Бұл тур Физика және компьютер құрылғыларының атқаратын қызметтерін  білуге арналады

1-бөлім Физика саласында

  1. Динамометр
  2. Барометр
  3. Манометр
  4. Электроскоп
  5. Вольтметр

Қойылатын сұрақтар:

1.Гректің сөзінен аударғанда сирек тығыз емес деген ұғымды білдіріп қысымды өлшейтін құрылғы

Жауап: Манометр

2.Тоқ көзіндегі кернеуді өлшейтін құрылғы                                                                 Жауап: Вольтметр

3.Дененің электрленгенін анықтайтын құрылғы                                                      Жауап: Электроскоп

4.Гректің сөзінен аударғанда ауырлық деген ұғымды білдіріп атмосфералық қысымды өлшейтін құрылғы

Жауап:Барометр

5.Күшті өлшейтін құрылғы                                                                                     Жауап: Динамометр

2-бөлім Информатика саласында

  1. Монитор
  2. Пернеліктақта
  3. Принтер
  4. Джойстик
  5. Тышқан

Қойылатын сұрақтар:

1.Ақпаратты адамнан ЭЕМ-ға беруге арналған құрылғы?                                                Жауап: Пернетақта

2.Ақпаратты адамнан ЭЕМ-ға беруге арналған кішкентай қорапша құрал?                    Жауап: Тышқан

3.Ақпаратты (мәтіндер мен бейнелерді) ЭЕМ-дан адамға беруге арналған құрылғы?  Жауап Монитор

4.Ақпаратты адамға қағазға басылған мәтіндер мен бейнелер түрінде беруге арналған құрылғы?  Жауап: Плринтер

5.Компьютерлік ойындарда экрандағы жылжитын обьектілерді басқаруға арналған құрылғы?   Жауап: Джойстик

І-жүргізуші:

«Дүние де өзі,  мал да өзі ғылымға көңіл бөлсеңіз»-деп Абай ақынымыз айтқан екен.

«Жұлдызды сағат» кешіміздің соңғы ІҮ-турын бастаймыз.

Жеңімпаз екі оқушыға берілетін тапсырма:

«Ақпараттану»   деген сөзден басқа сөздер құрап шығару.

ІІ-жүргізуші:

Ойынымыздың шешуші сәті-төрешілер өздеріңізде Жеңімпазды анықтап, марапаттау

Осымен  бұл ойынды тамамдасақ

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы

Тағы да үйренеміз аман болсақ!

Бүгінгі көріп тамашалаған «Жұлдызды сағат» ойыны өз мәресіне жетті.