Тақырыптық – күнтізбелік жоспар 7 сынып Информатика
Тақырыптық – күнтізбелік жоспар 7 сынып Информатика
ТҮСІНІК ХАТ
«Информатика» пәні «Математика және информатика» білім беру аумағына кіреді. «Информатика» қоршаған ортаны талдаудың жүйелік-ақпараттық тәсілін қалыптастыратын; ақпараттық процестерді, ақпаратты алу, өңдеу, тасымалдау, сақтау және қолдану әдістері мен құралдарын үйрететін ақпараттық технологияларды қолдануға байланысты адамның практикалық іс-әрекеті аумағын тұрақты түрде дамытып және оны үнемі жетілдіріп отыратын білімнің іргелі ғылыми салаларының бірі болып табылады.
Оқу пәнінің жалпы мақсаты – оқушылардың ақпаратты алу, өңдеу, тасымалдау, сақтау және қолдану процестері туралы іргелі білімді жан-жақты, әрі саналы түрде меңгеруін қамтамасыз ету және соның негізінде оқушыларға қазіргі кездегі әлемнің ғылыми бейнесін қалыптастырудағы ақпараттық процестердің мәнін және ақпараттық қоғам дамуындағы АКТ-ның ролін ашу.
«Информатика» оқу пәнінің міндеттері:
- информатика саласы бойынша негізгі ұғымдар мен білімдерді қалыптастыру;
- информатика саласы бойынша біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру;
- ақпараттық қоғамда өмір сүретін өскелең ұрпақтың адамгершілік және құқықтық негіздерінің қалыптасуын анықтау.
Информатиканы оқыту мазмұны оқушылардың осы пән бойынша білімдерінің қажетті деңгейіне жетуіне бағытталуы тиіс, сонымен қатар ақпараттық технологиялардың нақты құралдарына сәйкес инвариантты болуы керек.
Курс мазмұнының жүйеқұраушы ұғымы «ақпараттық процесс», ал іргеліұғымы – «ақпарат» болып табылады. Құрылымдауға бірегей әдісті қолдану курстың мазмұнын нормативтік құжаттардағыдай жеке-жеке дидактикалық бірліктер жиыны емес, жалпы мәдени сипатта дамушы, әрі біртұтас іргелі пән ретінде көрсетуге мүмкіндік береді.
Курстың мазмұнына адамның жалпы мәдениеті, сонымен қатар білімін әрі қарай жалғастыруы үшін неғұрлым іргелі, әрі маңызды болып табылатын қоршаған шынайы өмір жайлы қазіргі заманғы ғылыми түсініктерге сәйкес келетін фактілер, теориялар, қағидалар мен тәсілдер енгізілуі қажет. Сонымен қатар, бағдарламада қоғамды ғаламдық ақпараттандыру жағдайында өмір сүретін әрбір сауатты адамға қажетті информатиканы оқытудың инвариантты бөлігінің құраушылары болып табылатын ұғымдар мен дидактикалық элементтер сипатталуы тиіс.
Информатика курсының ұғымдарын іріктеу негізіне жүйелілік, тұтастық, пәндік аумақтың толықтығы, логикалық қайшылықтың болмауы, минималды жеткіліктілік, сабақтастық, әдістемелік мақсатқа сәйкестілік, иерархиялық, аксиоматикалық, көзжетерлік, ашықтық талаптары қойылған.
Информатика курсы ұғымдарының қалыптасуының бірізділігі оқыту материалының тұтас ұғымдық құрылымын теориялық жағынан кеңейтіп, реттей отырып, ұғымдарды біртіндеп дамыту, курстың себеп-салдар байланысын ескере отырып, түрлі табиғат жүйелеріндегі ақпараттық процестердің бірлігін және оқу материалын теориялық жағынан жалпылауға мүмкіндік беруі керек.
Оқыту барысында жүйеқұраушы «ақпараттық процестер» ұғымы қалыптасуы, дамуы және жалпылануы қажет. Сонымен, ақпараттық процесс түрлерін оқыту ақпаратты сақтау, тасымалдау және өңдеу сияқты табиғи ақпараттық процестер ретінде қарастырылады. Ол компьютердің функционалдық құрылғыларын оқытуда өте қажет. Ақпараттық процестерді автоматтандыру мүмкіндіктері үшін (табиғи ақпарттық процестерден жасанды процестерге өту) ақпаратты бірегей түрге (санау жүйелері) келтіру, ақпаратты компьютермен өңдеудің бірізділігі (логика негіздері), ақпаратпен жұмыс жасаудың күрделі іс-әрекеттері: алгоритмдеу және модельдеу процестері қарастырылады. «Ақпараттық процесс» ұғымының дамуы ақпараттың графикалық, мәтіндік, сандық, дыбыстық түрлерін сақтау, тасымалдау және өңдеу ерекшеліктерін, сонымен қатар ақпараттық, телекоммуникациялық және мультимедиялық технологиялардың жабдықтарын үйрету барысында іске асырылады. Нәтижесінде ақпараттық процестердің әлеуметтік аспектілері қарастырылады.
Анықталған жетекші ұғымдар материалды ғылыми, біртұтас және белгілі фактілерді жалпы көзқарас тұрғысынан қайта түсінуге, бүкіл білім жүйесінің негізін салуға, іргелі ұғымдардың ішкі байланыстары мен қатынастарын ашуға, оларды нақты фактілерде және шынайы құбылыстарда көрсетуге мүмкіндік береді.
Бағдарлама мазмұны келесі аспектілерде қарастырылады:
1) мектеп курсында информатиканың іргелі ғылым ретінде қазіргі жағдайға сәйкес бейнеленуі;
2) «ақпараттық процесс» ұғымы аясында оқыту мазмұнын сабақтастыру негізінде информатика курсының тұтастығын көрсету;
3) оқу материалын гуманитарлық құраушыларымен, эмоциональдық-бағалық және адамгершілік қарым-қатынастармен толықтыру;
4) оқушылардың ойлауын қалыптастыру және дамыту, шектен тыс ақпараттар бермеу;
5) ақпараттармен тиімді жұмыс істеу әдістеріне үйрету;
6) информатика курсының пәнішілік және пәнаралық байланыстарын белсенді түрде қолдану;
7) практикада қалыптастырылған білім мен біліктіліктерді жалпылай қолдану тәсілдеріне үйрету.
Пән бойынша оқу жүктемесі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес 7-9 сыныптарындағы «Информатика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
7 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат
ІІ. ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
7-сынып (34 сағат)
Ақпаратты бейнелеу және ақпараттық процестер (4 сағат)
Ақпарат, оның мазмұны, түрі және қасиеттері. Ақпарат көлемі және оның өлшем бірліктері. Әр түрлі табиғат жүйесіндегі ақпараттық процестер.
Компьютер (12 сағат)
Қауіпсіздік техникасы және жұмыс орнын ұйымдастыру. Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі санитарлық және гигиеналық нормалар. Сандық, символдық, графикалық және дыбыстық ақпараттарды кодтау. Компьютер – әмбебап есептеуіш машина. Компьютердің негізгі құрылғыларының қызметі мен мүмкіндіктері. Компьютер жадысының түрлері. Ақпараттық тасымалдауыштар. Программалық жабдықтаудың топтамасы мен жалпы сипаттамасы. Операциялық жүйе: мәні және оның негізгі қызметтері. Терезе және оның элементтері мен құрылымы. Файлдар, бумалар мен жарлықтар. Бумаларды, жарлықтарды құру және оның атын өзгерту. Бумалар иерархиясы. Нысандарды көшіру. Қоржын. Нысандарды өшіру. Өшірілген файлдар мен бумаларды қалпына келтіру. Нысандарды іздеу. Сілтеуіш. Анықтама. Ақпараттарды жазу және оқу. Стандартты программалар.
Ақпараттық технология (14 сағат)
Ақпараттық технология құралдары және олардың даму эволюциясы. Мәтіндік ақпараттарды өңдеу. Мәтіндік редактор. Компьютерде графикалық ақпаратты өңдеу. Графикалық редактор. Сандық ақпараттарды өңдеу. Калькулятор. Дыбыстық ақпараттарды өңдеу. Фонограф.
Әлеуметтік информатика (2 сағат)
Ақпараттық технологияның қоғамдағы ролі.
Телекоммуникация (2 сағат)
Электрондық пошта. Электрондық хабарламаларды қабылдау және жөнелту. Интернет мүмкіндіктері. Интернет желісінде ақпаратты іздеу.
III. СЫНЫП БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІ, БІЛІГІ ЖӘНЕ ДАҒДЫСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
7-сынып оқушылары:
Нені білу керек:
- адамның іс-әрекетінде, табиғатта, қоғамда, техникада ақпаратты тасымалдау, сақтау және өңдеуге өмірдегі қарапайым мысалдар келтіру;
- ақпаратты өлшеу бірліктерін;
- ақпаратты кодтау әдістерін;
- компьютер негізгі құрығыларының мәнін;
- программалық жабдықтың топтамасы мен сипаттамасын;
- операциялық жүйенің мәнін және қызметін;
- программаларды іске қосуды;
- файл мен файлдық жүйенің мәнін;
- файлдарды ашу және сақтау тәсілдерін;
- стандарттық программалардың мәнін;
- мәтіндік және графикалық редакторлардың тағайындалуы және қызметтерін;
- мәтіндік редакторлардың мүмкіндіктерін;
- электрондық пошта ұғымын;
- Интернет мүмкіндіктерін.
Нені меңгеру керек:
- ақпаратты өлшеуді;
- ақпаратты әр түрлі тәсілдермен кодтауды;
- компьютердің негізгі құралдарын қолдануды;
- файлдармен жұмыс істеуді;
- файлдарды құру, сақтау, көшіру, атын ауыстыру, іздеу, жоюды;
- компьютердің стандартты графикалық интерфейсін қолдануды;
- терезелердің өлшемдерін өзгерту, орындарын ауыстыру, сұхбат терезелеріне көңіл аударуды;
- графикалық редакторларды сурет салу мен өңдеу үшін қолдануды;
- мәтіндік ақпаратты өңдеу мен пішімдеуді;
- мәтінге әр түрлі нысандарды енгізуді;
- дыбысты, бейнені, анимацияны орындай алатын программаларды қолдануды;
- Интернет желісінен ақпаратты іздеуді;
- электронды пошта арқылы ақпараттарды жіберу және қабылдауды.
Сабақ реті | Сабақтақырыбы | С/с
| Мерзімі
| Сабақтың мақсаты | Сабақтүрі. | Көрнекілік | Үй тап- сырмасы |
Ақпараттыбейнелеужәнеақпараттықүрдістер | |||||||
1 | Ақпарат және білім . | 1 |
| Ақпарат деген сөздің мағынасын түсіндіру. | Түсіндіру, әңгімелесу |
Кестелер, презентациялар, компьютер, жұмыс дәптері | §1 |
2 | Ақпаратты қабылдау және көрсету.
| 1
| Сәйкестендіру кестесімен берілген сөздерді кодтап үйрету
| Жаңалықты қолдану Жазбаша сұрау, | §2
| ||
3 | Ақпараттық үрдістер. Пернетақта тренажерымен жұмыс | 1 | Ақпараттың өлшеу бірліктерімен таныстыру. Ақпараттың көлемін өлшеуге ұйрету | Зерттеу сабағы, практикум | §3
| ||
4 | Ақпаратты өлшеу.
| 1 | Комп-ң ақпаратпен жұмыс жасау кезеңдерін таныстыру | Әңгіме сабақ | §4
| ||
Компьютер (12 сағат) | |||||||
5 | Қауіпсіз. техник. ережесі.Көзге жаттығы нұсқаулары. | 1 |
| ЕТ-пен жұмысістеукезіндегі ҚТЕ ережесіменгтаныстыру | Практикум элементі бар түсіндірмелікөрнекілікті | Кестелер, презентациялар, компьютер, жұмыс дәптері | §5
|
6 | Компьютердегі негізгі құрылғылардың қолда-нылуымен мүмкіндіктері | 1 | ДК – мен, оның негізгі блоктарымен, және олардың міндеттерімен таныстыру. ЭЕМ мүмкіндіктерін көрсету. | Аралас сабақ | §6
| ||
7 | Компьютер жадының түрлері | 1 | Ішкі және сыртқы жадқа жататын құрылқылар-дың мысалдарын келтіру | Аралас сабақ | §7
| ||
8 | Дербес компьютердің құрылымы | 1 | Жүйелік блоктың ішіндегі құрылғыларымен және олардың міндетімен таныстыру. | Аралас зерттеу сабағы | Кестелер, презентациялар, компьютер, жұмыс дәптері, тестер жинағы | §8
| |
9 | Дербес компьютердің негізгі сипаттамалары | 1 | Компьютердің негізгі құрылғысы процессормен, ЖЖҚ – мен ТЖҚ – мен таныстыру. | Зерттеу сабағы | §9
| ||
10 | Бағдарламалық қамтамасыздандырудың жалпы сипаттамасы ж/е классификациясы | 1 | Бағдарлама және бағдар-ламалық түсініктерімен таныстыру.Бағдарлама-лық жабдықтама мысалдарын келтіру | Аралас сабақ | §10
| ||
11 | Жүйелік БҚ ж/е бағдарламау жүйелері туралы | 1 | БҚ компьютердің өзінеқызмет көрсетуге, оның құрылғыларының жұмысын басқаруүшін қажет екенін түсіндіру | Практикум элементі бар түсіндірмелі көрнекілікті | §11
| ||
12 | Файлдар мен файылдық құрылымдар | 1 | «Файл», «файл атауы», «файл түрі», «файл құрылымы ағашы», «каталог», «файлға жол» түсініктермен танысу | Практикум элементі бар түсіндірмелі көрнекілікті | §12
| ||
13 | Қолданушы интерфейсі | 1 | Пайдаланушы мен бағдарламаның өзара байланыс амалдарын көрсету | §13 | |||
14 | Информатика тарихының бастауы | 1 | Пән тарихымен таныстыру | Әңгімесабақ | §14
| ||
15 | Электронды — есептеуіш техникасының даму тарихы. | 1 | ЭЕМ-нің даму тарихымен таныстыру. ЭЕМ буында-рының айырмашылықта-рын түсіндіру | Әңгімесабақ | §15
| ||
16 | Тестілеу | 1 | Оқушылардың білімдерін тексеру | Бақылау сабағы | қайталау | ||
Ақпараттық технологиялар (14 сағат) | |||||||
17 | Ақпараттық техноло-гиялардың құралдары және даму тарихы. | 1 | Оқушыларды компьютердің символдықәліпбиімен таныстыру. | Кестелер, презентациялар, компьютер, жұмыс дәптері, кеспе қағаздар | §16
| ||
18 | Мәтіндік ақпаратты өңдеу және басып шығару | 1 | Мәтіндік ақпаратты өңдеуге арналған бағдарламамен, кодтау кестелерімен танысу | Практикум элементі бар түсіндірмелі көрнекілікті | §17
| ||
19-20 | Мәтіндік редакторлары | 2 | Файлдарды сақтау, мәтінді енгізу және редакторлаудың негізгі тәсілдерін қарастыру | Практикум | §18
| ||
21-22 | Мәтіндік редактормен жұмыс істеу | 2 | Мәтінді аудару, түзету, орфографиялық тексеру, шрифтермен жұмыс жүргізу. | Практикум | Кестелер, презентациялар, компьютер, жұмыс дәптері, тестер жинағы | §19
| |
23-24 | Графикалық ақпаратты компьютерге өңдеу | 2 | Компьютерлік графиканың қолдану аймағымен, суретті бейнелеудің екі принциптарымен танысу. | Практикум элементі бар түсіндірмелі көрнекілікті | §20
| ||
25 | Компьютерлік графиканың техникалық құралдары | 1 | Растрлық дисплейдің, сұйықкристалды монитордың жұмыс істеу принциптері түсіндіру. | Практикум элементі бар түсіндірмелі көрнекілікті | §21
| ||
26-27 | Суреттерді кодтау | 2 | Пиксель түсінің экранда қалыптасу принципіпімен танысу. | Практикум элементі бар түсіндірмелі көрнекілікті | §22 | ||
28 | Нуктелік (растрлы) және векторлық графика | 1 | Растрлы және граикалық редактормен жұмыс істеуді түсіндіру. | Практикум элементі бар түсіндірмелі көрнекілікті | §23
| ||
29 | Растрлы түрдегі графикалық редакторлар | 1 | Сурет салуда шеңбер, тіктөртбұрыш, сызықтарды пайдалануды үйрету. | Практикум элементі бар түсіндірмелі көрнекілікті | §24
| ||
30 | Тестілеу | 1 | Оқушылардың білімдерін тексеру | Бақылау сабағы | қайталау | ||
Әлеуметтік информатика (2 сағат) | |||||||
31 | Қазіргі қоғамның ақпараттық ресурстары | 1 | Ұлттық ақпараттық ресурстар, ақпараттандыру міндеттері туралы түсіндіру | Аралас сабақ, сұрақ- жауап | Кестелер, презентациялар, компьютер, жұмыс дәптері | §25
| |
32 | Ақпараттық қоғам ж/е ақпараттық қауіпсіздік | 1 | §26
| ||||
Компьютерлік телекоммуникациялар (2 сағат) | |||||||
33 | Компьютерлік желілер. Электрондық пошта.Тестілеу | 1 | Оқушылардың Интернет желісінен ақпарат алу, электрондық поштамен жұмыс істеу мүмкіндіктерін қалыптастыру | Практикум элементі бар түсіндірмелі көрнекілікті | Кестелер, презентация—лар, компьютер, жұмыс дәптері | §27, §28
| |
34 | Интернет ж/е ғаламтор. Интернет желісінде ақпарат іздеу. | 1 |