Жетті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі ілім біл
Тақырыбы: «Жетті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі ілім біл» ойын сабағы»Сөз мерген» 5- сынып арасындағы ойын сабақ. Жүргізуші: Алтынбек Құрметті ұстаздар мен оқушылар. «Жетті жұрттың тілін біл,Жеті түрлі ілім біл» ойын сабағы қош келдіңіздер. Бұл сайысымызға 5-сынып оқушылары қатысады. 2- топқа бөлінеді, әр топқа 3 оқушыдан қатысады, сайсымыз 3 турдан тұрады. Сайысымызды бастамас бұрын әділ – қазылар алқасын сайлап алайық.
І тур: Мына сөздерден мағыналы сөздер құра. Жезқазған, Талдықорған
ІІ тур: Әр топ таңдап алған әріптерімен сұрақтарға жауап беруі тиіс. І топ 1. Мектеп саған не береді? 2. Тіл не үшін керек? 3. Кітап саған не береді? 4. Құлақ неге екеу? 5. Бақшада не өседі? 6. Сөйлей-сөйлей кім боласың? 7. Ұл бала қандай? 8. Сен кімсің? 9. Кімге сенбейсің? 10. Кім сұлу?
ІІ топ 1. Сіз үшін достық деген не? 2. Анаң саған не береді? 3. Қазақ тілі қандай тіл? 4. Көре-көре кім боласың? 5. Көз неге екеу? 6. Базарда не бар? 7. Сен үшін байлық не ? 8. Өмірлік мақсатын не? 9. Қазақстан қандай? 10. Не іздеп жүрсің?
ІІІ тур: Мақал-мәтелді жалғастырыңдар. І топ. 1. Піл көтермегенді, _______________ 2. Басқа пәле — ____________________ 3. Тіл тас жарады,_________________ 4. Тілсіз жерде ___________________ 5. Жаман көлдің суы ащы __________
ІІ топ. 1. Балаға өз тіліңмен сөйлеме,_______________ 2. Тіл сүйексіз болса да, ___________________ 3. Жеті жұрттың тілін біл __________________ 4. Адамға келген он бәленің тоғызы — __________ 5. Тіл — __________________
Әділ – қазылар ұпайсанын санағанша Шагирова Арайлым «Тілім – менің тірегім» атты өлеңін оқиды.
Ана тілім – ұраным Ана тілім – құралым Ана тілім болмаса, Болмас еді жыр-әнім
Ана тілім – елдігім Ана тілім – ерлігім Ана тілім болмаса Бүтінделмес кедігім
Ана тілін ақтандар Ана тілін сақтандар Ана тілмен безеніп Ата берсін ақ таңдар.
Әділ – қазылар алқасына сөз берейік. Келіп көңіл тыңдағандарыңызға көптен – көп рахмет.
|