Мәтіндік құжатты пішімдеу
Сабақ тақырыбы: Мәтіндік құжатты пішімдеу
Мақсаты: Оқушыларды мәтінді форматтаудың негізгі әдістерімен таныстыру;
Ms Word мәтіндік процессорында мәтін енгізу ережелерін, мәтін франменттерін ерекшелеу әдістерін, мәтін фрагменттерін көшіру, қию, қою әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, жеке жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: слайд «Форматтау», тест.
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру.
- Өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстыру
Сіздер пішімдеу дегенді қалай түсінесіздер? Бұл сөзді қандай пәндерде кездестірдіңіздер? Олай болса, пішімдеу тек қана еңбек сабағында емес, сонымен қатар информатика сабағында да қолданылады.
- Жаңа тақырыпты меңгерту
Мәтінді форматтау – мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою.
МӘТІНДІ ФОРМАТТАУҒА:
- әр түрлі қаріптерді пайдалану;
- құжат өрісінің шекараларын өзгерту: сол жақ, оң жақ, жоғарғы, төменгі өрісін айқындау;
- мәтінді бағандарға бөлу;
- символдың, абзацтың, беттің сипатын тағайындауға;
- беттегі мәтінді туралауға;
- жоларалық интервалды орнатуға және өзгерту;
- мәтінді жиектеудің әр түрлі типтерін қолдануға;
- мәтінді рәсімдеумен байланысты басқа да мүмкіндіктерді (тізім, құйма, т.б) қолдануға болады.
Қаріп параметрлерін өзгерту.
Құжат мәтіні үнсіз келісім бойынша қойылған қаріппен теріледі. Символдардың параметрлерін өзгерту үшін Қаріп(Шрифт) терезесін ашатын Формат àҚаріп командасы қолданылады.
3 қосымша:
- Қаріп қосымшасы қаріптердің параметрін енгізу үшін қолданылады.
Қаріп өрісінде қаріп типтері таңдалынады. ( Times New Roman, Arial, Courier).
Сызылым(Начертание) өрісінде қаріптің төменде берілген сызылымы таңдалады:
- обычный – қалыпты сызылым;
- курсив – курсив сызылымы;
- полужирный – жартылай қарайтылған сызылым;
- полужирный курсив – жартылай қарайтылған
курсив сызылым.
Өлшем(Размер) өрісінде қаріптің өлшемі таңдалады;
Астын сызу(Подчеркивание) өрісінде – “асты сызылған” сызықтарының типтері;
Түс(Цвет) өрісінде символдардың түстері берілген.
Көрінуін өзгерту (Видоизменение) төртбұрыштарында мынадай жалаушаларды қоюға болады:
Параметрлері берілген Интервал(Аралық) қосымшасы:
- интервал – арақашықтықты пунктпен көрсетуге мүмкіндік береді: қалыпты, ашылған, қысылған;
- ығысу(смешение) – белгіленген бөлікті негізгі сызықтан жоғары немесе төмен ығыстыру;
- кернинг – символ арасындағы интервалды автоматты түрде таңдауға қызмет етеді.
Анимация(әсерлеу) қосымшасы –белгіленген бөліктен анимация типтерінің тізімін таңдауға мүмкіндік береді.
- Жаңа тақырыпты бекіту.
Тышқаннаң қызметі не? (проблемалық сұрақ)
Текстпен жұмыс жасау
Жайдары жазда Жания, Жазира жүзім жапырақтарын жалықпай, жымиып жүріп жинады. Жан-жағындағысын да, жүзім жасырған жалпақ жапырақтарды да, жердегісін де жинады. Жиналғасын жүзімнің жүзі жарқырады. Жания, Жазира жұмыстарын жалғастырды.
Тест жұмысы
- Үйге тапсырма:
9.1-тақырып
Жеке ізденіс
- Бағалау
Балл бойынша жүзеге асады.