Word –тың графикалық мүмкіндіктері
Сабақтың тақырыбы: Word –тың графикалық мүмкіндіктері
Сабақтың мақсаты:
- Word – тың графикалық мүмкіндіктерін аша білу;
- Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын жетілдіру;
- Оқушылардың ойлау дағдыларын дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа ұғымды бекіту
Оқыту әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ – жауап
Көрнекілігі: Дербес компьютер, кеспе қағаз, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, қазақ тілі
Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру Оқушыларды түгелдеу, дайындығын бақылау, қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
Ә) Ой шақыру
- Word мәтіндік редакторын іске қосу
- Терезе элементтерін ата
- Пішімдеу қатарындағы аспаптар қызметі
- Құралдар қатарындағы құралдардың қызметі
- Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу командалары
- Бетті нөмірлеу командасы
- Құжатты баспаға жіберу командасы
- Кесте құру командасы
- Кестені жиектеу
- Кестені пішімдеу
Б) Ой қозғау
Не үйрендім? | Не білгім келеді? |
1) Графиктік объектіні енгізу
Төмендегі формальды алгоритмді орындаңдар:
- Файлдарыңды ашыңдар, мәтіннің суретті кірістіретін жерлеріңе меңзерді қой
- Вставка Рисунок Картинки командасын орында
- Microsoft Clip Gallery диалогтық терезесінде Картинки қосымшасын және Рисунок категориясын таңда
- Таңдаған суретіңде маусты шерт
- Вставить батырмасын шерт
2) Фигуралық мәтін енгізу
Төмендегі формальды алгоритмді орындаңдар:
- Меңзерді қажетті жерге қой
- Вставка Рисунок Word Art командасын орындаңдар
- Коллекция Word Art диалогтік терезесіне қажетті қаріп стиліне шерт
- Изменение текста Word Art диалогтық терезесіне текст надписи өшіріп, атыңды жаз
- ОК шерт
В) Ой қорыту
- Өзіндік жұмыс «Жазғы ауыл» деген тақырыпта суреттерді құрастырып,
фигуралық мәтін арқылы тақырып жазыңдар.
- «Топтастыру»
Г) Бағалау. Диаграмма арқылы бағалау.
Д) Үйге тапсырма
Word –тың графикалық мүмкіндіктері тақырыбының мазмұнын айту, «Мен жазды қалай өткіздім» ойтолғау жазу. Мәтінді Word мәтіндік редакторында теріп, пішімдеу, графиктік объектілер енгізу, мәтін тақырыбын фигуралық мәтін арқылы жазу.