ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР – ӘЛЕМІ
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР – ӘЛЕМІ
Шараның мақсаты: Жаңа технологиялардың қарқынды даму жолдарын түсіндіру. Әрбір салада жаңа технологиялардың мүмкіншіліктері, атқаратын қызметтеріне көңіл аудару.
Жүргізуші:Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
«Жаңа технологиялар – әлемі» сайысына қош келдіңіздер!
«Жас достарым !
Мұны дұрыс ұғайық,
Компьютер ол құрметтеуге лайық.
Ғылымдардың жаңасы,
Дегенмен бала — данасы,
ЖТ жайында
Сайысымызды бастайық!» Бүгін, біз әр уақытта білімділігі мен тапқырлығы, алғырлығымен танылған оқушыларды ортаға шақырамыз.Әр топтың оқушыларының қатысуымен өткізілетін»Жаңа технологиялар — әлемі»атты сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!
Сайыс барысымен таныстырамыз.
Қатысушылар:5 адамнан тұратын 2 топ қатысады.
Ойын 6 бөлімнен тұрады.
I.бөлім:—«Танысайық»—команда атауы,Эмблемасы.(Әр топ өздерін таныстыра отырып, өздерінің эмблемаларын қорғайды).
— Слайд шоу. -«Жаңа технологиялар -әлемі»
II.бөлім: -«Алға басар»(Капитандар сайысы).
III.бөлім -«Сиқырлы суреттер» (экранда сурет беріледі).
IV.бөлім: -«Сөзді тап»(сөзжұмбағын шешу).
- бөлім: -«Кім жылдам?»(сөзжұмбақта белгіленген әріптерден сөз құрастыру).
VI.бөлім: -«Айтатыным бар»(технологиялардың пайдасы мен зияны туралы).
Жүргізуші:Командаларға белгілі шарт бойынша дұрыс жауапқа фишкалар беріліп отырады, белсенділік танытқан оқушылар мен жеңімпаз команда арнайы сыйлықтарман марапатталады.
Жүргізуші: Жербе тастау. Топтардың нөмірлерін анықтау. Топтар әзірленіп отырсын.
————
Ал ендеше барлықтарыңа сәттілік тілей отырып,
Сайысымызды бастаймыз.
I.бөлім: . «Танысайық» команда атауы, Эмблемасы.
1.ТОП: ИС-31 «——————»
2.ТОП:АСУ-33 «——————»
— Слайд шоу . «Жаңа технологиялар — әлемі»
II.бөлім: -«Алға басар» Капитандар сайысы.
2 топ капитандарына қойылатын сұрақтар, (командалар көмегімен).
С ұ р а қ т а р ы :
1.топ:
1.Дыбыс толқындарынтехникалыққабылдағышқалайдепаталады ? /микрофон/.
2.Ең бірінішіесептейтінпрограммалардықұрғанкімжәнеқайғасырда?
/1645 жылыматематикалықмашинаны Паскаль ойлаптапты)
3.Телефон желісіарқылыбасқакомпьютерлергемәліметалмасуға қажетті құрылғы ? / Модем /
- Текстік және графикалық информацияны компьютерге енгізу құрылғысы /сканер/
- телефонғасымсыз жалғанатын қондырғы қалай аталады? /блютуз/
2.топ:
- цифрлық суретке түсіруге және өшіруге арналған құрал? /фотоаппарат/
- көзді көруін жақсартатып, қалпына келтіретін құрал? /амблиокор/
3.Компьютерлік ойындарда қоданылатын қолмен басқарылатын тетік — (джойстик)
- Microsoftфирмасының авторы/ Билл Гейтс /
5.«Компьютердің атасы » кімді атаған ? / Ч. Бэббидж /
III.бөлім -«Сиқырлы суреттер» карточкада сөз беріледі.
Алдарыңыздағы карточкаларды біртіндеп алып, карточкадағы сұрақтарға жауап беріңіздер.
№1 –сурет. Электронды оқулықтар
№2 –сурет. Пароварка
№3 –сурет. Блютуз-наушник
№4 –сурет. Робот-хирург
№5 –сурет. Электір-велосипед
2.топ:
№1 –сурет. Холодильник
№2 –сурет. Болашақ автобустары
№3 –сурет. робот-жинағыш
№4 –сурет. Электрлі плиталюкс
№5 –сурет. брелок бейнекамерамен
IV.бөлім: -«Сөзді тап» сөзжұмбағын шешу:
- бөлім: -«Кім жылдам?»«Құрастырайық» «——-» сөзжұмбақта белгіленген әріптерден сөз құрастыру.
1.топ:
2.топ:
Жүргізуші: «Тез жауап бер ойланып тұрып қалма
Мәреге таяп қалды бұл жарыста»-келесі бөліміміз.
VI.бөлім: -«айтатыным бар» — жаңа технологиялардың пайдасы мен зияны туралы.
1 — топ: жаңа технологиялардың пайдасы
2 — топ: жаңа технологиялардың зиянды жақтары
Қорытынды. Марапаттау.
Оқушылардың алған фишкаларын есептей келе қорытынды бағасы шығарылып, білімдері бағаланады.
Жүргізуші: Жетілдіріп, кеңейтіп бұл асылды
Жаңа технология озады бар ғасырды.
Ой түйіндеп, жетелейді адамды
Әлі ашылар құпиялар сан қырлы – дей отыра бүгінгі информатика пәні бойынша өткізілген сайысымызды осымен тамамдаймыз.
Құрметті ұстаздар, оқушылар ынта қойып тыңдағандарыңызға рахмет!