Компьютер және оның негізгі құрылғылары
Сабақтың тақырыбы: Компьютер және оның негізгі құрылғылары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың компьютердің негізгі құрылғылары жөнінде білімін қалыптастыру
Дамытушылық: Тақырып бойынша бекіту тапсырмалары арқылы оқушылардың білімін меңгерту, дамыту.
Тәрбиелік: Компьютер құрылысын білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Әдіс-тәсілдері: жұппен жұмыс, сұрақ-жауап
Сабақтың типі: жаңа білімді игерту сабағы
Қолданылатын құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер : компьютер, электрондық оқулық, таратпа,
интерактивті тақта, Power Point- та жасалған слайдтар.
Пәнаралық байланыс: математика
І. Ұйымдастыру кезеңі: а) ұжымдық әрекет;
б) техника қауіпсіздік ережелерді сақтау әрекеті;
в) оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Ой қозғау сұрақтары : а) Информатика деген не ? ә) Компьютер деген не?;
Үй тапсырмасын сұрақтар түрінде шолу :
- ХV ғ. Пайда болған санау құралы? (Есепшот (абак))
- ХVІІ ғ.басында Дж. Непердің есептеу таяқшалары? (логарифм )
- Алғашқы арифмометрді құрастырушы? (1673ж. Г.В.Лейбниц)
- ЭЕМ-нің даму кезеңдері (буындары) нешеге бөлінеді? (5 буынға бөлінеді)
- V буындағы элементтік база? (Лазерлік сәуле, жасанды интелект)
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Компьютер – есептеуіш. Дербес компьютер – бір-ақ адам жұмыс жасауға арналған. Компьютердің ең негізгі құрылғысы: жүйелік блок, монитор, пернетақта. Блок ішінде барлық ақпараттарды еске сақтап тұратын құрылғы – процессор орналасқан. Ол – «компьютердің миы» ең көп тараған процессордың түрі ПЕНТИУМ деп аталады.
Монитор – ақпаратты компьютер экранына шығаратын құрылғы. Монитор экранындағы кескінді құрайтын кішкене нүктелер пиксельдер деп аталады.
Пернетақта – компьютерге әріптік және сандық ақпаратты енгізетін құрылғы.
Тышқан – ақпаратты енгізу құрылғысының бірі. Қос батырмалы. Сол жақ батырма – негізгі,
оң жақ батырма- қосымша батырмалар деп аталады.
Колонка – дыбыс шығару құрылғысы.
Сканер – қағаздағы кескіннің немесе мәтіннің көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы. Текстік және бейнелік ақпараттарды компьютерге енгізетін құрылғы.
Принтер –ақпаратты қағаз бетіне басып шығаратын құрылғы.Түрлері: матрицалық,түрлі-түсті, лазерлік.
Енгізу құрылғылары : пернетақта , тышқан , сканер
Шығару құрылғылары : монитор, принтер, колонка
ІV. Тапсырмалар. 1. Таратпалар :
Таратпаларды толтыру және жауап беру
- Жұмбақтар 1. Бар нәрсеге жетік
Миы күшті тетік
Ол арқылы сөйлесіп
Кетесің шетелге де өтіп / компьютер /
- Әдетте үнсіз тұрамын
Белгі берсең ұғамын
Жазуы бар қағаздың
Құралы боп шығамын / принтер /
- Компьютердің айнасы
Бағдарыңды таңдашы
Сурет, сөзін көрсетіп
Тиер саған пайдасы / монитор /
- Не қайда орналасқан ? / интерактивті тақтада /
- Сөзжұмбақ / интерактивті тақтада /
- Үй тапсырмасын беру:
А) Компьютердің негізгі құрылғылары бойынша анықтамаларды жаттап келу;
VІ. Қортындылау, бағалау:Оқушыларды өзін — өзі бағалау парағы бойынша бағалау, қортындылау