Word бағдарламасында, кестелерді құру және безендендіру
Сабақтың тақырыбы: Word бағдарламасында, кестелерді құру және безендендіру
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Көрнекіліктер: компьютер, интерактивті тақта, плакаттар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- Жалпы Microsoft Word бағдарламасы бойынша оқушылардың білімдерін тиянақтау, ой-өрісін кеңейтетін тұжырымдар жасату және пән бойынша білімдерін тереңдету.
- Оқушылардың информатика пәніне қызушылықтарын арттыру, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды бірлікке, адамгершілікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, бәсекелестік қабілетін, қжымдық сезімге тәрбиелеу. «Батылдық – балалық шақта шындалады» десек, баланы бала ететін тәрбие құрамының бірі ойын екендігі белгілі.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, өз ойларын айта білуге үйрету, шығармашылық қабілетін және ой ұшқырлығын дамыту.
Сабақтың барысы:
- Кіріспе.
«Алтын қақпа» атты сайыс сабақты өткізуді жөн кқрдім. Бұл сайысты өткізейін деп отырған басты мақсатым
І Кезең «Ағаш қақпа»
Оқушылырға 10 мынадай сұрақ беріледі.
- MS Word — та кестені құру әдістерін атаңыз?
А)Қою (вставка) – Кесте – Кестені қою
Б) Қою (вставка) – Кестені суретін салу
- Кесте дегеніміз не? (Кесте мәтіндері мен суреттері бар жолдар мен бағандардан, ұяшықтардан тұрады.
Кестелермен жұмыс істеу үшін Кесте (Таблица) менюі пайдаланылады. Кесте бойынша орын ауыстыру үшін ←, ↑, →, ↓ пернелері пайдаланылады. )
3.Кесте мен шекара тақтасы батырмаларының міндеті?( Кестелер мен шекаралар (Таблицы и Границы) тақтасы батырмаларының міндеті:
- Кестені құру (Создать таблицу) – кестенің немесе оның элементтерін (жолын, бағанын, ұяшығын) дайындауға арналған
- Өшіргіш (Ластик) – кесте шекарасының сызықтарын жояды
- Сызықтар типі (Тип линии) – кесте шекарасының типін тағайындайды
- Сызықтың қалыңдығы (Толщина линии) – кесте шекарасының қалыңдығын тағайындайды
- Шекараның түсі (Цвет границ) — кесте шекарасының түсін тағайындайды
- Шекара менюі (Меню Границы) – таңдалынған шекараларды ерекшелейді
- Кестені кірістіру менюі (Меню Вставить таблицу) — жаңа кестені немесе оның элементтерін кірістіреді
- Ұяшықтарды біріктіру (Объединить ячейки) –ерекшеленгендерді бір ұяшыққа біріктіреді
- Ұяшықтарды бөлу (Разбить ячейки) – ерекшеленген ұяшықты (ұяшықтарды) бірнеше ұяшыққа бөледі
- Теңестіру (Выравнивание) – ұяшықтардың ішінде мәтінді теңестіруді тағайындайды
- Жолдарды теңестіру (Выравнивание строк) – жолдарды биіктігі бойынша теңестіреді
- Бағандарды теңестіру (Выравнивание столбцов) – бағандарды ені бойынша теңестіреді
- Мәтіннің бағыты (Направление текста) – ұяшықтағы мәтіннің бағытын өзгертеді
- Кестені құру әрекеттері?
Кестені құру үшін келесі әрекеттерді орындау керек:
- Кесте (Таблица) менюінде Кірістіру (Вставить) командасын және содан кейін Кесте (Таблица) командасын орындау
- Кестені кірістіру (Вставка таблицы) терезесінде жолдар мен бағандардың санын көрсету
- ОК батырмасын басу
- Бірнеше ұяшықты бір ұяшыққа біріктіру үшін қандай амалдарды орындаймыз ? (бірнеше ұяшықтарды, бір ұяшыққа біріктіру үшін, біз жаңағы бірнеше ұяшықты ерекшелеп аламыз да, тышққанның оң жағын 1 рет шертеміз. Сонда бізге обеденит (біріктіру) деген мәлімет шығады. Соны басамыз. )
- (Направление текста) Мәтіннің бағыты ұяшықтағы мәтіннің бағытын қалай өзгертесің?
Ұяшыққа тінтуірді қоямыз да тышқанның оң жағын 1 рет шертеміз, сонда экран бетіне мәтіннің бағыты шығады, содан бізге керек бағытты таңдаймыз.
- Кесте құрғанда бізге төменнен 1 не 2 жол керек болса, оны қалай жасайсыз?
А)Кестенің оң жақ, төменгі шетіне тінтуірді қойамыз да, (интер)Enter батырмасын басамыз.
Б) контурға кіремін де, карындашты алып, керек төменнен 1 не 2 жолды сызып аламын.
- Кесте құрып, оның жоғарғы бөлігін көк түске қалай бояимыз?
Ол үшін керек ұяшықты ерекшелеп аламыз да конструктор, не пішімдеу құралдар
Үстелінен (заливка) түс беру не құйу шертеміз.
- Жол дегеніміз — Көршілес ұяшықтардың көлденең белгісі.
- Баған дегеніміз — Көршілес ұяшықтардың тік бірлестігі.
10.Word бағдарламасның негізгі қызметін айтыңыз?
ІІ Кезең «Темір қақпа»
-Ал, балалар біз ағаш қақпаны аштық. Енді ағаш қақапамыздың ішінде «Темір қақпа» тұр , соны ашу үшін сендерге кестеде жолдар мен бағанда суреттер бейнеленген . Соны айтыңдар
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
А | |||||
Б | |||||
В | |||||
Г | |||||
Д |
|
III кезең «Күміс қақпа»
Темір қақпаны аштық. Енді «Күміс қақпаны ашу үшін Word бағдарламасына байланысты (терминдер) сөздер жасырылған, соны 3 минут ішінде жылдам тауып, алдарындағы экранға жазыңдар.
Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
Кесте құру.
- Төменде берілген кестені мәліметтермен толықтырыңыз, кестедегі мәтін түсі көк, кесте ішін ашық жасыл және ол сияқты экранда берілген түспен бояу.
Дүйсенбі | Сейсенбі | Сәрсенбі | Бейсенбі | Жұма | Сенбі | |
1 | ||||||
2 | ||||||
3 | ||||||
4 | ||||||
5 | ||||||
6 | ||||||
7 | ||||||
- «Күміс қақпа»
Темір қақпаны аштық. Енді «Күміс қақпаны ашу үшін Word бағдарламасына байланысты (терминдер) сөздер жасырылған, соны 3 минут ішінде жылдам тауып, алдарындағы экранға жазыңдар.
Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
Ұ | Т | Ү | С | С | Е | Б | Е | Т | Ж |
Я | Ы | М | П | А | Ж | И | Е | К | О |
Ш | Ш | Ұ | Р | Қ | А | Р | І | П | Ю |
Ы | Қ | Р | И | Т | К | Е | С | Т | Е |
Қ | А | А | Н | А | Ө | Ң | Д | Е | У |
Т | Н | Ғ | Т | У | П | І | Ш | І | М |
Е | М | А | Е | К | Ө | Ш | І | Р | У |
Р | Ә | Т | Р | Қ | Б | А | Ғ | А | Н |
Е | Т | Т | Ж | И | Н | О | М | Е | Р |
З | І | А | О | Ю | І | З | Д | Е | У |
Е | Н | У | Л | С | Ы | З | Ғ | Ы | Ш |
А | Ш | У | Ж | И | Е | К | Т | Е | Р |
Жасырылған сөздер: ҰЯШЫҚ, ТЫШҚАН, ТҮС, СЕБЕТ, ЖОЮ, МҰРАҒАТТАУ, ПРИНТЕР, САҚТАУ, ЖИЕК, ҚАРІП, КЕСТЕ, ӨҢДЕУ, ПІШІМ, ӨШІРУ, БАҒАН, НОМЕР, МӘТІН, КӨШІРУ, ІЗДЕУ, ЖОЛ, СЫЗҒЫШ, ҚИЮ, ЖИЕКТЕР, АШУ, МӘТІН, ТЕРЕЗЕ
- Алтын қақпа.
Оны ашу үшін «Менің күнделігім» экран бетіне салыңдар 5 минут уақыт беріледі.
Күні | № | Пәндер | Үйге тапсырма | Бағасы |
27.04.09.2012 бейсенбі | 1 2 3 4 | Тарих География Математика Информатика |
Кестемен жұмыс |
5 |
Кімнің сұрағы бар, қолдарыңды көтеріңдер, мен сіздерге жақындаймын.
Әр дұрыс шешкен жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
- Қортынды:
Саяхат сабағымызды қортындылай отырып мынадай Word бағдарламасынан сұрақ:
Бос орынға тиісті, міндеттерін жазыңдар?
Сонымен, саяхат сабағымыз аяқтаймыз. Барлық қақпалардан жақсы өттік. компьютерді дұрыс өшіріп, орындарыңды ретке келтіріңдер.
Жарайсыңдар, барлықтарың жұмысты дұрыс жасадыңдар.
VІ. Бағалау:
Сабақ барысында әр оқушының орындаған жұмыстарының ұпай сандары бағалау парағында белгіленеді, сабақтың соңында нәтижесі есептелініп, өздерінің қаншалықты дәрежеде тақырыпты меңгергендігін анықтайды.
Бағалау | 1 ұпай | Ұпай жоқ | Өз ойларымен бөлісу |
Ағаш қақпа | |||
10 сұраққа жауап | |||
Темір қақпа | |||
Жол мен бағандағы суреттерді ретімен айт. | |||
Күміс қақпа | |||
Кесте құру | |||
Термин сөздерді тап (3 минут) | |||
Алтын қақпа Кесте құру | |||
Менің күнделігім | |||
Қортынды | |||
Бағалау | |||
Мен бүгінгі сабаққа өз үлесімді көбірек қостым. | |||
Мен басқалардың пікірін тыңдай аламын. | |||
Мен өз пікірімді ашық айта аламын. | |||
Мен жеке жұмыс істей аламын: кейде жауапкершілікті өзіме жүктеймін, кейде басқалардың пікіріне бпғынамын. |
VІІ. Үйге тапсырма: Кестемен жұмыс.