Мектеп. Мектеп ұжымы.
- Дүниетану.Сабақтың тақырыбы: Мектеп. Мектеп ұжымы.
Сабақтың мақсаты: 1 Мәтінді түсіндіру 2 Адамгершілік тәрбие беру.3.Мектеп туралы білімін дамыту, толықтыру.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру:1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.Үй тапсырмасын сұрау.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру: « Отбасыңа қамқор бол».әңгімелеу.
ІІІ. Мақсат қою: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ:а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.1) Іштей оқыту.2) Тізбектей оқыту.3 М Мақатаев: «Мектеп» өлеңін жаттату.Мақал-мәтел айтқызу.1. Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.2. Әдепті бала кездессе,, Сәлем берер бас иіп. Әдепсіз бала кездессе, Өте шығар кекиіп.
Сергіту сәті.
Ү. Жаңа білімді бекіту:— Мектепті кім басқарады?-Мектепте кімдер жұмыс істейді?-Сынып ұжымына кімдер кіреді?-Ұжымға өзіңнің қандай көмегің тиеді?( Осы жерден «Өрмекші торы» ойынын ойнатуға болады.Оған қажет жіп.Бір-бірімен мектеп ұжымының байланысын жіп арқылы байланыстырып көрсетуге болады.Бір оқушы директоры, одан кейін мектеп әкімшілгі т.б)
ҮІІ. Үйге тапсырма:«Мектеп» жаттау.«Мектеп ұжымы» түсініп оқу
ҮІІІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта не жайында білдік?