Құрал-саймандар тақтасы және мәзір. Мәтінді теру ержелері
Тақырыбы: Құрал-саймандар тақтасы және мәзір. Мәтінді теру ержелері
Мақсаты:
Оқыту: WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері, мәтінді көшіру, олардың орындарын ауыстыру, буфермен алмастыру негізгі операцияларымен таныстыру.
Дамытушылық: Теориялық алған білімдерін практика жүзінде орындау дағдыларын ойын элементтерін қолдану арқылы дамыту.
Тәрбиелік: Компьютермен жұмыс ітеуде ұқыптылықа, техника қауіпсіздігін дұрыс сақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Оқу үрдісін ұйымдастыру әдістері: Фронтальді, жеке-өзіндік, оқушы-компьютер, оқушы-мұғалім.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет
Көрнекіліктер: Тестілер, карточкалар, компьютер, кроссворд.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі.
— Сәлеметсіңдер ме, балалар? /түгендеу/.
Оқушылардың ыңғайларына қарап, ұйымдастыру.
- Бүгінгі сабақта біз сендермен құрал-саймандар тақтасымен, мәзір жолымен жұмыс істейміз.
- Алдымен біз бұл сабаққа дейін нені үйрендік соны анықтап алайық.
Нені білеміз:
Нені білуіміз керек:
/тақтаға жазылады/.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
Өздері құрастырған ребустары мен кроссвордтарын біріне-бірі шешкізу.
Фронтальді сұрау:
- WordPad қандай редактор?
- Қандай пакетке енеді?
- Іске қосу реті қандай?
- Мәзір жолында не орналасқан?
- Мәтінді терудің қандай ережелері бар?
ІІІ Негізгі бөлім
— Білімдеріңді тексердім, енді компьютерлерге отыруларыңа болады.
- «Ненің түбі не?» — танымдық ойыны.
- Ойын шарты кестеде көрсетілген сұрақтарға мақал-мәтел көмегімен жауап бере отырып, мәтінді компьютерге енгізу керек. / мақал-мәтелдер тақтаға ілулі/
Еңбек түбі не? /береке/ Ынтымақ түбі не? /игілік/
Көптің түбі не? /мереке/ Ұрлық түбі не? /қорлық/
Кәсіп түбі не? /нәсіп/ Уайым түбі не? /тұңғиық/
Бейнет түбі не? /зейнет/ Тәуекел түбі не? /желқайық/
- «Өзің таңда» ойыны
-Ойын шарты бойынша сендер деңгейлік тапсырмаларды орындайсыңдар. Тапсырма бойынша редакторда өлең жолдарының көшірмесін алып, орынын буферге қиып алу батырмасының көмегімен алмастырып негізгі өлең жолдарын құрастыру керек. /карточкамен өлең таратылады/
«5»-тік
Кәпір көздің дүниеге араны үлкен, Кәпір көздің дүниеде араны үлкен
Тоя ма екен дүниеге алған сайын Дүниеге алған сайын тоя ма екен
өлген қанша тірі жүрсе де күні Қанша тірі жүрсе де өлген күні
болады екен бірдей-ақ көзбен өзге. Бірдей-ақ өзге көзбен болады екен.
/А.Құнанбаев/
«4»-тік
Ер жігітке жарасар Ер жігітке жарасар
Найзасы қолына алған Қолына алған найзасы,
Жарасар би жігітке Би жігітке жарасар
Пайдасы халқына тиген. Халқына тиген пайдасы.
/Бұхар жырау/
«3»-тік
Туғат тілді сүйемін ана тілді Сүйемін туған тілді, ана тілді,
Жатқанда-ақ бесікте берген білім. Бесікте жатқанда-ақ берген білім.
/С.Торайғыров/
- «Бильярд» ойыны
- Ойын шарты бойынша топ мүшелері таңдаған түстерді шариктердің түстеріне сәйкес ұяшыққа енгізу керек. Ол үшін әрбір шариктердегі сұрақтарға жауап берулері қажет.
Берілген сұрақтар:
- Файл дегеніміз не?
- Қапшық дегеніміз не?
- Себет қызметі?
- Мәтіннің көшірмесін алу опреациясы?
- Мәтіннің орнын алмастыру операциясы?
- Мәтінді іздеу опреациясы?
- Құжатқа графиктік объектіні кірістіруді қалай жүзеге асырамыз?
- WordPad терезесінің элементтерін ата?
- Стандарты бағдарламаларға қандай қолданбалар жатады?
Көзге жаттығу жасау.
- «Ауылым алтын бесігім»
Paint редакторында боялған шеңбер ішіне «1-Ауылым; 2-Алтын; 3-бесігім» сөздерін енгізіп, WordPad мәтіндік редакторына кірістіру керек.
- Енді үйге тапсырма ретінде берілген мәтіндеріңді WordPad редакторында тересіңдер.
Мәтінді теріп болғаннан кейін келесі тапсырмаларды орындайсыңдар:
- Алғашқы сөйлемнің астын сыз.
- Әр сөйлемдегі кілтті сөздерді жартылай қалың шрифтпен жаз.
- Текстті сол жақ шеті бойынша турала.
- Екінші сөйлемнің қарпіне 16 мөлшерді орнат.
- Алдында жасалған «Тарих» файлындағы алғашқы сөйлемді қиып алып, мәтіндеріңе енгізіңдер.
- Файлды «7 класс» бумасына «Ауылым» деген атпен сақта.
5) Тест
- WordPad мәтіндік редакторын қосу жолын көрсет:
- батырмасының міндеті қандай?
А) Жаңа құжат құру; б) Құжатты сақтау;
ә) Құжат ашу; в) баспаға шығару.
- батырмасының міндеті қандай?
А) Жаңа құжат құру; б) Құжатты сақтау;
ә) Құжат ашу; в) баспаға шығару.
- батырмасының міндеті қандай?
А) Жаңа құжат құру; б) Құжатты сақтау;
ә) Құжат ашу; в) баспаға шығару.
- батырмасының міндеті қандай?
А) Жаңа құжат құру; б) Құжатты сақтау;
ә) Құжат ашу; в) баспаға шығару.
- қандай қатар?
А) Мәзір қатары; б) маркерлер;
ә) құрал-сайман тақтасы; в) қалып-күй қатары.
- Солдан оңға қарай қай перне көмегімен өшіруге болады?
А) Shift б)Backspace
ә)Del в)Alt
- Оңнан солға қарай қай перне көмегімен өшіруге болады?
А) Shift б)Backspace
ә)Del в)Alt
- Бас әріппен жазуға арналған перне.
А) Shift б)Backspace
ә)Del в)Alt
- WordPad мәтіндік редакторының өмірдегі қажеттілігі қандай?
ІV Сабақты қорытындылау. Рефлексия жасау.
- Бүгінгі сабақта біз не білдік?
- Ал осы алған білімдерің сендерге не үшін керек?
- Келесі сабақтардан қандай мағлұмат алғыларың келеді?
V Үйге тапсырма:
- «Менің мектебім» мәтін құрастыру.
- Бижігіт С., Мұхтар Н., Солтанхан А. жеке тапсырма: 4 және 5 тарауларына тест құрып келу.
VІ Бағалау
- Бағалау парағы бойынша бағаларын қою.