Windows-тың негізгі обьектілері
Windows-тың негізгі обьектілері
Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Windows –тің негізгі обьектілерімен, басқару элементтерімен таныстыру және Windows-та жұмыс жасау технологиясын меңгерту
Тәрбиелік: Оқушыларды жан – жақты болуға, өз бетімен жұмыс жасауға, сауаттылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Windows-та жұмыс жасау дағдысын жетілдіре отырып, оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін толықтыру, ой -өрістерін дамыту, өзіндік іс әрекетін, шығармашылығын, пәнге деген қызуғышылығын арттыру
Сабақтың жүрісі:
І Ұйымдастыру:
а) Оқушыларды сабаққа бейімдеу, бағалау парағын тарату
ә) Оқушыларға сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын тексеру.
1.Операциялық жүйе дегеніміз не?
- Біз қандай операциялық жүйемен жұмыс жасаймыз?
3.Компакт-дискілер деген не?
4.Сканер дегеніміз қандай құрылғы?
- Принтердің неше түрі бар, қандай?
6.Компьютердің “қайта жүктеу” батырмасын басқанда қандай әрекет орындалады?
7.Компьютердің “күту режимі” батырмасын басқанда қандай әрекет орындалады?
ІІ Негізгі бөлім:
а) Жаңа материалды түсіндіру
Windows- графикалық операциялық жүйе. Оның негізгі обьектілері терезелер мен белгішелер түрінде бейнеленеді. Компьютер іске қосылған соң, ең алғаш ашылған бет бейне- жұмыс үстелі деп аталады. Жұмыс үстелінде Windows-тың обьектілері мен басқару элементтері орналасқан. Обьект- ол Windows-тың жұмыс жасайтын белгішелері. Әр обьектінің өзіне тән қасиеттері болады.Оларды бір-бірінен осы қасиеттері арқылы ажыратады.Windows-тың обьектілеріне қапшықтар, файлдар, терезелер, белгішелер мен тышқан нұсқағышы жатады.
б) Жұмыс дәптері
1-тапсырма
… – компьютер іске қосылған кезде ең алғаш ашылатын бет-бейне.
2-тапсырма
… – бұл графикалық операциялық жүйе, оның негізгі обьектілері терезелер мен белгішелер
3-тапсырма
… – “Windows” сөзінің мағынасы
4-тапсырма
… – интернет беттерін қарап шығуға арналған бағдарламаларды қамтиды.
5-тапсырма
… – жойылған обьектелер орналасады
6-тапсырма
… батырмасы – бас мәзірді шақырады
7-тапсырма
… – өзімізге қажетті құжаттарды салып, сақтап қоятын обьект атауы
в) Электронды оқулықпен жұмыс (index.html)
«Windows –ті» меңгеру модулімен оқушыларды таныстыру, 1-8 дейінгі тапсырмаларды оқушылармен бірге орындау.
ІІІ Сабақты бекіту:
. Сөзжұмбақ шешу
Тігінен:
1.Компьютердің меңзерін басқаратын негізгі құрылғысы.
- Компьютер іске қосылғаннан кейін ең бірінші ашылатын бет-бейне.
- Мәтінді қағазға басып шығару құрылғысы.
- Windows обьектілерінің жалпы атауы.
- «Windows» сөзінің қазақша мағынасы.
- Тышқанның сол жақ батырмасы қандай батырма?
ІҮ. Оқушыларды бағалау
Ү. Үйге тапсырма беру
Оқулықтағы 56- беттегі “Windows обьектілері” тақырыбын оқып дайындалу.
ҮІ. Сабақты аяқтау