Баспа құрылғылары. Сыртқы жад. Сканер
Сабақтың тақырыбы: Баспа құрылғылары. Сыртқы жад. Сканер
Білімділік мақсаты: Оқушыларға баспа құрылғылары, компьютердің сыртқы
жады және сканер туралы түсінігін қалыптастыру. Осы құрылғылардың жұмыс істеу принциптерімен таныстыру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, алған
теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге, өз бетімен жұмыстануға тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Жалпы ақпараттық құралдармен жұмыс жасау қабілеттерін қалыптастыру, пәнге деген қызығушылық әрекетін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, компьютер, интерактивті тақта, проектор,
жұмыс дәптері, Activpen (қалам), ActivStudio
бағдарламасы, флипчарт, интернет (мектеп сайты
www.gan-shabai.edusite.ru).
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Электрондық оқулық, интерактивті тақтамен жұмыс
Сабақтың жүру барысы
І. Ұйымдастыру.
1. Оқушыларды түгендеу.
2. Сабақтың мақсатымен таныстыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (Миға шабуыл).
Әрбір сұраққа 1 ұпай беріледі
1. Информатика дегеніміз не? (1 ұпай)
2. Операциялық жүйе дегеніміз не? (1 ұпай)
3. Компьютер деген не? (1 ұпай)
4. Компьютердің құрылысын ата? (1 ұпай)
5. Дербес компьютер дегеніміз не? (1 ұпай)
6. Ақпараттың өлшем бірліктерін ата? (1 ұпай)
ІІІ. Жаңа сабақтың мазмұнын түсіндіру.
Сонымен біз сіздермен өткен сабағымызда дербес компьютердің құрлысымен танысқан болатынбыз. Енді бүгінгі сабақта біз дербес компьютердің қосымша құрылғылары принтер, сканер және компьютердің сыртқы жадымен танысамыз.
Принтер – ақпараттарды қағаз бертіне басып шығаратын құрылғы. Принтерге мәтіндік, кескіндік, графикалық ақпараттарды қара немесе түрлі түсті етіп шығаруға болады. Жалпы принтердің үш түрі бар: Матрицалық, сия бүріккіш және лазерлік.
Олардың ішінде басу сапасы және конструкциясы бойынша ең қарапайымы матрицалық (инелі) принтер болып табылады.
Жұмыс істеу принципі принтердің қағаз бойы жылжып келе жатқан бастиегіндегі инелер шығып, бояйтын таспа арқылы қағаз бетінде із қалдырады.
Сия бүріккіш принтердің матрицалық принтерден айырмашылығы – тек басу бастиегінің құрылымында ғана. Бұл принтерлерде қара және түсті сұйық сияны кішкене тесіктер арқылы бүрку тәсілі қолданылады. Екі картридж деп аталатын ыдыста біреуінде қара тус, қалғандарында көк, сары, қызыл түсті сиялар араласып бірнеше түс шығарады.
Лазерлік принтер матрицалық және сия бүріккіш принтерге қарағанда, басу сапасы мен жылдамдығы өте жоғары. Лазерлік принтерлердің бірнеше түрлері бар. Олардың бір-бірінен айырмашылығы сыртқы пішіні мен басып шығару жылдамдығында. Олар 1 минутта 16 бет, ал кейбіреулері 24 бет шығара алады.
Компьютер жадының екі түрі бар. Ішкі жад және сыртқы жад. Компьютердің сыртқы жадына компакт диск, дискет және флеш дисктер жатады. Оларды компьютердің USB-порты, CD-ROM және дискжетек арқылы қосуға мүмкіндік береді. Бұлар ақпарат тасымалдаушылар деп атайды.
Электрондық – дыбыстық файлды көрсету арқылы жаңа сабаққа қосымша материалдарды беру. Ақпараттарды сақтау құралдарын түсіндіру.
ІV. Техникалық диктант
Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
1. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы . . . . . . . . . . . . . деп аталады.
2. Компьютердің сыртқы жадына . . . . . . . . . . . , . . . . . . . . . ., . . . . . . . . . жатады.
3. Қағаздағы кескінді дисплей экранына шығаратын құрылғы . . . . . . . . . . деп аталады.
4. Көлемі 1,44 МБ болатын иілгіш магниттік дискі ……………. деп аталады.
5. Қазіргі кезде ең көп тараған процессор . . . . . . . . . . . деп аталады.
6. Басу сапасы мен конструкциясы бойынша ең қарапайым басып шығарғыш . . . . . . . . . . . . . . . деп атайды.
(мәтіналғы, дискеттер, пентиум, басып шығарғыш, матрицалық, компакт диск, флеш диск, дискет)
V. Электрондық оқулықпен жұмыс.
Әрбір оқушы компьютерлерінен электрондық оқулықпен тапсырмалар орындайды.
1-тапсырма. (7 ұпай)
Компьютердің құрамына кіретін құрылғыларды жазыңыз?
2-тапсырма. (5 ұпай)
Анықтамаға сәйкес келетін құрылғыны көрсетіңіз?
3-тапсырма. (1 ұпай)
1,44 Мбайт көлемді дискетаға сақтауға болатын қалтаны апарыңыз?
4-тапсырма. (3 ұпай)
Ақпарат тасымалдаушыларды оларды пайдаланатын құрылғылармен сәйкестендіріңіз?
5-тапсырма. (3 ұпай)
Әртүрлі қызмет салалары бойынша компьютер қайда қолданылады?
VI. Сәйкестендіру
Сәйкестендіру арқылы сабақты бекіту
С Байт
К Бит
Б Аналық тақша
А Жад
И Пиксель
Л Пентиум
Е Процессор
П Жедел жад
У Маус
Р Caps Lock
1 Бас әріпті салу пернесі
2 Компьютердің ең басты бөлігі
3 8 биттен тұратын код
4 Компьютердің ішкі жады
5 Ақпаратты енгізу құрылғысы
6 Жүйелік блоктың бір бөлігі
7 Қазіргі кезде ең көп тараған процессор
8 Экрандағы ұсақ нүктелер
9 Ақпарат өлшеудің ең кіші бөлшегі
10 Ақпаратты сақтайтын құрылғы
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Р Е С П У Б Л И К А
Біздің республикамызға байланысты сұрақтар қойылады.
1. Республика күні қашан?
2. ҚР-сының гимнінің авторы кімдер?
3. Қазақстан қандай мемлекет?
VІІ. Интернет арқылы тест орындайды
Тест 2 нұсқадан тұрады.
www.gan-shabai.edusite.ru — мектептің ресми сайтын ашып, тест сұрақтарына жауап береді. Өз білімдерінің деңгейін анықтайды, бағалайды.
Өткен тақырыптармен жаңа сабақты қамтитын тест сұрақтарының әрқайсысына 1 ұпайдан беріледі.
Ескерту:
Әрбір сұраққа 1 ұпайдан беріледі
VIIІ. Қорытындылау, бағалау
Бағалау бетшесі арқылы оқушылар жинаған ұпайлар санын есептеп бағалау шкаласы арқылы өздерін бағалайды.
Бағалау шкаласы
38 – 43 ұпай — «5»
25 – 37 ұпай — «4»
13 – 24 ұпай — «3»
IХ. Үйге тапсырма
2 – тарауды қайталау.
1, 2 – тарау бойынша тест сұрақтарын дайындап келу.
Бағалау бетшесі
Оқушының аты-жөні: _____________________________
№ Жұмыс түрі Ұпай саны Баға
1 Миға шабуыл
2 Техникалық диктант
3 Электрондық оқулықпен тапсырма орындау
4 Сәйкестендір
5 Автотест
Қорытынды:
Бағалау бетшесі
Оқушының аты-жөні: _____________________________
№ Жұмыс түрі Ұпай саны Баға
1 Миға шабуыл
2 Техникалық диктант
3 Электрондық оқулықпен тапсырма орындау
4 Сәйкестендір
5 Автотест
Қорытынды:
Бағалау бетшесі
Оқушының аты-жөні: _____________________________
№ Жұмыс түрі Ұпай саны Баға
1 Миға шабуыл
2 Техникалық диктант
3 Электрондық оқулықпен тапсырма орындау
4 Сәйкестендір
5 Автотест
Қорытынды: