Macromedia Flash-те уақыт диаграммасымен жұмыс. Қабат. Кадр, кілттік кадр. Кадрлық анимация жасау

Сыныбы: 8А

Сабақтың тақырыбы: Macromedia Flash-те уақыт диаграммасымен жұмыс. Қабат. Кадр, кілттік кадр. Кадрлық анимация жасау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік :

Flash арқылы анимация жасауды жүзеге асыратын-уақыт диаграммасының элементтерін білуге, қабат және оның элементтері, кадр және оның түрлері, кілттік кадр ұғымымен, анимация түрлерімен таныстыру. Кадрлық анимация жасай білу дағдысын үйрету;

Тәрбиелілік:   Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық:

Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар : компьютер, тақта

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
  4. Тапсырмаларды орындау
  5. Үйге тапсырма

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

  1. Macromedia Flash программасы қандай қызмет атқарады?
  2. Macromedia Flash программасының экрандық интерфейсі қандай элементтерден тұрады?
  3. Сурет салу құралдары, олардың қызметтері қандай?
  4. Объектіні ерекшелеу құралдары?
  5. Объектіні бояу қандай құрал арқылы жүзеге асырылады?
  6. Macromedia Flash программасы көмегімен жасалған файл кеңейтілулері қандай?

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Flash-тің жұмыс аймағының үстінде уақыт диаграммасының (TimeLine) панелі орналасады. Ол арқылы фильм анимациясы жасалады. Уақыт диаграммасы қабаттардың өзара орналасуын, сценадағы объект жағдайының өзгеру тізбегін сипаттау т.б. әрекеттерді орындайды. Ол анимация жасаудағы және фильмнің интерактивті элементінің күйін сипаттаудағы негізгі құралы болып табылады.

Уақыт диаграммасы төмендегі элементтерден құралады:

  • Қабат және оның сипаттамасы, яғни қабат аты (Layer1) және объек атрибуттары (көрінуін басқару — Show/Hide, блокировкалау — Lock/Unlock, контурын көрсету — OutLines). Қабат – қандай да бір өзіндік атрибуттарды орнатуға болатындай фильм сценасының бөлігі. Ол бірінің үстіне бірі салынған түссіз қағаз беттері (калька) тәрізді. Flash-те қабат саны – 16000. Қабат саны  файл көлемін өзгертпейді. Қабат қосу және оны жою үшін, контекстік менюден сәйкес Insert Layer, Delete Layer командалары таңдалады.
  • Уақыт диаграммасы. Ол кадрлар шкаласынан, «оқу бастиегінен» (счытывающая головка), әр қабат үшін уақыт диаграммасынан тұрады. Кадрлар шкаласы барлық қабат үшін жалпы және 5 қадамнан өсу ретімен нөмірленеді. Оқу бастиегі (Play head) – анимацияның ағымдық кадрын көрсететін индикатор. Кезекті кадрды жасау және фильмді орындату кезінде оқу бастиегі уақыт диаграммасы бойымен автоматты жылжиды.
  • Қалып-күй қатары. Ол столдағы анимациялық кадрларды бейнелеуді басқарубатырмаларынан тұрады. Әр қабат кадрлардан тұрады. Кадрдың екі түрі бар: кәдімгі (Regular) және кілттік (Key Frame). Кілттік кадрлар анимация өзгеретін жерде болады. Кілттік кадр қойылғанда (Insert Key Frame), соңғы кадр жаңа жерге көшіріледі. Екі кілттік кадр арасындағы кадрлар кәдімгі болып табылады. Flash-те кадр саны – 595. Flash-фильмді орндату кезінде қалыпты жағдайда 1 секундта 12 кадр өтеді. Ол кадырлар алмасу жиілігі болып табылады және экранның төменгі бөлігінде Properties терезесінде Frame Rate (Кадр жиелігі) пунктінде көрсетіледі.

Flash  арқылы жасалатын анимацияның 3 түрі бар:

  1. Кадырлық анимация. Мұнда қолданушы фильмнің әрбір кадрын өзі жасайды. 1 кадрдың алдыңғыдан айырмашылығы аз болған сайын 1 кадрдан екіншіге өту жатықтығы және персонаж қозғалысының табиғилығы жүзеге асады. Әрбір кадрлық фильм жасауда келесі кадрға кілттік кадр  (Key Frame) қойылады. Нәтижеде соңғы кадр жаңа жерге көшіріледі. Сонан соң көшірілген объекті өзгертіледі. Уақыт диаграммасында кілттік кадр ішінде қара нүктесі бар сұр тіктөртбұрышпен бейнеленеді.
  2. Автоматты анимация (Tweened-анимациясы). Мұнда қолданушы фильмнің бірінші және соңғы кадрын ғана жасайды, ал барлық аралық кадрларды Flash автоматты түрде жасайды.
  3. Сценарий негізіндегі анимация. Flash-тің Action Script программалау тілі негізінде жасалған анимация.

Практикалық тапсырма

Гүлдің өсуін көрсететін мини-фильм жасау.

Фильм төрт қабаттан тұруы қажет:

1-қабат: Фон (Қабат атын өзгерту үшін онда екі рет шерту керек). Фонды ашық жасыл түспен бояңдар. Ол терезесінен пункті арқылы жүзеге асырылады.

2-қабат: Стол. Онда стол мен гүл сауыты суретін салыңдар.

3-қабат: Гүл. Бұл қабатта стол үстіндегі гүлдің өсуін көрсететін 5-6 кадрдан тұратын кадрлық анимация жасаңдар.

4-қабат: Күн сәулесі. Күннің сәулесінің шашырауын көрсететін 2-3 кадрдан тұратын кадрлық анимация жасаңдар.

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау: Тапсырмаларын тексеріп бағалау

Үй тапсырмасы: Жоғарыда берілген лекцияны оқып келу

Батыс Қазақстан облысы

Тасқала ауданы, Тасқала ауылы

«Сәулет» мектеп-лицейі

Информатика пәнінің мұғалімі

Турганалиева Гульмира Ганмирхановна