Дербес компьютер құрылысы

Сабақтың тақырыбы:   Дербес компьютер құрылысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:                      Дербес компьютермен, оның негізгі блоктарымен және

олардың қызметтерімен таныстыру.Компьютердің негізгі

құрылғысы процессор, жүйелік блок, жедел жадпен

таныстыра отырып оқушылардың білімін жетілдіру.

Дамытушылығы:           Оқушылардың компьютерді одан әрі тереңірек білуіне жол

ашу пәнге деген қызығушылығын, жалпы ойлау

қабілеттеріндамыту.

Тәрбиелігі:                         Тазалыққа, жауапкершілікке, еңбекке, компьютерлік

сауаттылыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі:  Аралас-интерактивті сабақ

Сабақта қолданылатын әдістер: ауызша, топтық, жекеше, сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

Сабақтың көрнекіліктер: компьютерлер, интерактивті тақта, сандық диктант, тірек сызбалар, слайд, карточкалар, сөздіктер.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабаққа пайдаланылған әдебиеттер: Н.Ермеков, Н.Стифутина  Информатика

7-сынып оқулығы, Атамұра 2007ж.

Н.Ермеков, С.Пилипенко  Информатика. Дидактикалық материалдар практикум

7 сынып, Атамұра 2007ж.

Н.Винокурова « Развитие творческих способностей учащихся» Москва 1999г.

Е.Балапанов, Б.Бөрібаев  Информатика терминдерінің қазақша-ағылшынша-орысша сөздігі, Алматы 1998ж.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Өткен сабақты қайталау (сандық диктант)
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру (слайдпен жұмыс)
  4. Жаңа тақырыпты жүйелеу. (ертегі , тақтамен, тапсырмалармен жұмыс)
  5. Алған білімдерін бекіту (тірек сызбамен жұмыс)
  6. Үй тапсырмасын беру (интерактивті тақта)
  7. Оқушыларды бағалау.

 

Сәлеметсіздер ме, отырыңыздар.

Бүгінгі сабақта сіздерге жетекші мен,  Дуйсенкуль Кайлашқызы. Кезекші сабақта кім жоқ? (белгілеп алу)

Әуелі техника қауіпсіздік ережесін есімізге түсірейік:

  • кабинетке мұғалімнің рұқсатынсыз кіруге болмайды;
  • кабельдердің тоққа қосылған бөліктерін ұстауға болмайды;
  • сырттан бөгде адам кіргенде (жұмыс жасап отырғанда)орнымыздан тұрмауымыз керек;
  • мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерлерді қосып, сөндіруге;
  • кітап, дәптер және тағы да басқа заттарды монитордың, пернетақтаның үстіне қоюға;
  • су киіммен, дымқыл қолмен компьютерде жұмыс істеуге қатал тыйым салынады.

Жаңа тақырыпты өтбей тұрып ,мен сіздермен өткен тақырыптар төңірегінде үй тапсырмасын тексеру мақсатында сандық диктант жүргіземін.

Сандық диктанттың ерекшелігі мынадай: сіздерге тоғыз сұрақ беріледі, егерде сіздер менің жазған сұрақтарымды дұрыс деп бағаласаңыздар «1» деген санды қоясыздар, егер келіспесеңіздер «о» деген санды қоясыздар.

(интерактивті тақтамен жұмыс)

Сандық диктант

Мен мынадай деп ойлаймын:

  1. Дербес компьютер-бұл жеке адамның пайдалануына арналған компьютер.
  2. Монитор мен көздің ара қашықтығы 20 см кем болмауы керек.
  3. Ақпарттық өлшем бірліктерге сантиметр, метр, дециметр жатады.
  4. Компьютердің ең алғаш негізгі блогы Индияда шығарылды.
  5. Есептеуіш машинасының даму буындары үш буыннан тұрады.
  6. Компьютермен жұмыс жасау үшін әр сағат сайын үзіліс жасау керек.
  7. Мониторға төменнен жоғары қараймыз.
  8. Алғашқы компьютер жобасын жасаған фирма «Иксел».
  9. Төртінші буындағы компьютер маркасы Пентиум.

Жалпы қорытынды жауабы: _____________________________________

Бәрекелді! Тоғыз сұрақтың бәріне де жауап бердіңіздер, бұл диктант сіздердің тапқырлықтарыңызды, зеректіліктеріңізді, жылдамдықтарыңызды анықтады. Олай болса, жаңа тақыпқа көшейік.Бүгінгі сабақтың жаңа тақырыбы «Дербес компьютер құрылысы».

Бүгінгі сабақта : дербес компьютермен, оның негізгі блоктарымен және олардың қызметтерімен танысу.Компьютердің негізгі құрылғысы процессор, жүйелік блок, жедел жад айырмашылықтарын білу.

 

Жаңа тақырыпты түсіндіру: (слайд арқылы)

 

Компьютер сөзі есептеуіш дегенді білдіреді,яғни есептеуге арналған құрылғы.

Компьютер- деректерді бағдарламалап өңдеуге арналған электрондық құрылғы.

Қазіргі компьютерлер тек есептеп қана қоймай,цифрлық емес ақпаратты

өңдейді, әр түрлі технологиялық процестерді,деректер

базасын және басқаларды басқарады.Бұл типті

компьютерлерді дүние жүзінде жүздеген

өндірушілер шығарады. Олар өзара өнімділімен,

жадының сыйымдылығымен және бірқатар функционал

мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Дербес компьютер

өнеркәсіп бұйымы ретінде өзара жалғастырушы кабельдермен өзара

жалғастырылған бірнеше блоктардан тұрады.

 

 

 

 

 

Біз үлкен ЭЕМ- ді немесе қарапайым дербес компьютерді алсақ та, олар бір- біріне ұқсас принципте жұмыс істейтін мынадай бөліктерден тұрады:

  1. орталық процессор;
  2. енгізу (деректерді) құрылғысы;
  3. есте сақтау құрылғысы (жад);
  4. шығару (деректерді) құрылғысы.

Орталық процессор барлық есептеу жұмыстары мен информация өңдеу істерін орындайды. Бір интегралдық схемадан тұратын процессор микропроцессор деп аталады.Күрделі машиналарда процессор бір – бірімен байланысқан бір немесе бірнеше пластиналардан құрастырылған интегралдық схемалар жиынынан тұрады.

         Енгізу құрылғысы мәліметтерді сыртқы ортадан компьютерге енгізу үшін қолданылады.

Есте сақтау құрылғысы программаларды, мәліметтерді және жұмыс нәтижелерін компьютер жадында сақтауға арналған.

Шығару құрылғысы компьютердің жұмыс нәтижесін адаидарға жеткізу үшін қолданылады.

ДЭЕМ бірыңғай аппараттық жүйеге біріктірілген техникалық электрондық құрылғылар жиынынан тұрады. ДЭЕМ құрамына кіретін құрылғыларды олардың функционалдық қызметіне қарай екіге бөлу қалыптасқан,олар: жүйелік блок және перифериялық, яғни шеткері құрылғылар.

Жүйелік блок мыналардан тұрады:

Микропроцессор;

Оперативті (жедел)есте сақтау құрылғысы;

Тұрақты есте сақтау құрылғысы;

Қоректену блогы мен мәлімет

енгізу- шығару   порттары.

Ал, шеткері құрылғылар құрамы:Мәлімет енгізу құрылғылары;

 

 

 

 

Ал, енді балалар бәріміз назарымызды бері аударайық!

Мен сіздерге мынадай бір қызықты ертегі айтқым келіп тұр.

Ерте, ерте, ертеде.ешкі жүні бөртеде.Сәтпаев қаласында, гимназия мектебінде Перизат деген қыз болыпты.Ол қыз ақылды, сұлу еді.

Бір күні мектеп ауласында ойнап жүрген Перизат жылтыраған әдемі жүзік тауып алады.Бөгде біеудің затын алуға болмайды деген қағиданы білсе де, Перизат жердегі жылтыраған әсем жүзікті қимай алады.Жүзікті саусағына кигені сол-ақ еді, алдына жолдары көп, қиындықтары мол жол шыға келді. «Балам, егерде сен білім атты бақытты да байлығы мол үйге барғың келсе, алдыңда тұрған мына өткелдерден сүрінбей өтуің керек.Бұл сен тауып алған жүзік Білім үйінің кілті.»-деген қарт адамның дауысын естіп не болса да тәуекел деп осы жолдан өтуге бел буды.

Балалар, қараңдаршы Білім үйіне Перизаттың жетуі үшін жолында қаншама қиындықтар бар.Перизат информатика пәнін әлі оқымаған екен.Сондықтан Перизатқа барлығымыз бірдей көмектесіп жіберейік.

1-жол кедергісі: кактустар,тапсырмасы –білімді пысықтайтын жетекші сұрақтар.

2-жол кедергісі: өзен,тапсырмасы- араласып кеткен оқиға құрастыру.

3-жол кедергісі: алып таулар,тапсырмасы-блок-схема.

4-жол кедергісі: ашулы төбет, тапсырмасы-информатика терминдерінің қазақша-орысша сөздігі.

Сергіту сәті көз жаттығулары.

Сабақты бекіту:

Карточкамен жұмыс (компьютермен жұмыс )

 

 

 

Тапсырма

Компьютердің жад құрылғыларының әрқайсысын

қолдануы мүмкін жерге «+» қой.

 

Жад құрылғысыКомпьютерді қолданылуы  мүмкін
Жазу үшінОқу үшінАқпаратты компьютерден компьютерге тасымалдау үшін
Жедел (оперативті) жад   
Қатқыл диск   
Дискет   
Компакт-диск   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тірек сызбамен жұмыс (интерактивті тақтамен жұмыс)

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті жұмбақ шешу. (интерактивті тақтамен жұмыс)

 

Үй тапсырмасы:  Дербес компьютер құрылысының қызметтерін жаттау,

тақырыпты оқу 2.2-тақырып, 35-бет, осы тақырып  бойынша ертегі

құрастыру.

Бағалау: сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

 

Құрметті оқушылар, бүгін біз сіздермен қызықты да тартымды сабақ өттік. «ХХІ ғасыр –ақпараттандыру ғасыры» сондықтан барлығымыз да компьютерлік сауатты болуымыз керек.

Назарларыңызға рахмет!

Сау болыңыздар!