Power Point бағдарламасының құрылымы, қолданылуы
Сабақтың тақырыбы: «Power Point бағдарламасының құрылымы, қолданылуы»
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Power Point бағдарламасының қолдану
мақсатын, оны іске қосу мен жұмыс істей білуді үйрету.
Оқушыларды слайдтармен әртүрлі режимде, презентация
құруда слайдтармен жүйелі жұмыс істеуге үйрету.
Дамытушылық: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс
істеуге тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік
қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын
арттыру.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, тапсырма орындау.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақ көрнекілігі: Қосымша материалдар, нұсқаулық карта.
Сабақ жабдығы: Интерактивті тақта, компьютер.
Өткізілген орны: Информатика кабинеті.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру бөлімі:
а) Сабаққа қатысып отырған оқушыларды тексеру;
ә) Оқу-құралдарын түгелдеу, реттеу.
б) Қауіпсіздік ережесін айту.
І. Кіріспе нұсқау:
Microsoft Office пакетінің Power Point бағдарламасы — әртүрлі баяндамалар жасаған кезде, жобаларды, идеяларды, суреттеп, таныстыруға арнап презентациялар құрғанда көпшіліктің зейінін, ойын көрсетіліп тұрған нәрсеге аударуға үлкен мүмкіндік береді.
Power Point бағдарламасы – электронды презентация (слайд-шоу) құруға арналған. Бағдарламаның әрбір презентациясы слайдтар жиынан тұрады. Ал слайдта графикалық фонда орналастырылған объектілер немесе текст тұруы мүмкін.
Power Point бағдарламасын мына әдістердің бірімен іске қосуға болады:
- Меню арқылы Бастау батырмасы – Бағдарламалар — Microsoft Power Point;
- Қолданушы тышқанның оң жақ батырмасын басып, Создать – Презентация Microsoft Power Point.
Power Point-та кез келген презентация жасау мынадай әрекеттер тізбегін орындаудан тұрады:
- Презентация құру, тексті енгізу және редакторлеу, слайдтардың кезектесуін реттеу.
- Презентация жоспарын құру. Жоспарды қажетіне қарай өзгерту.
- Қажетіне қарай жеке слайдтарды форматтау.
- Презентацияларға объектілер қосу.
- Презентацияларға ауысуды, анимацияларды, эффектілерді, сілтемелерді қолдану және өзгерту.
- Үлестірмелі материалды және баяндамашыға арналған ескертулерді әзірлеу.
- Слайдаралық уақытты анықтау және қолдану.
- Презентацияны демонстрациялау.
ІІ. Ағымды нұсқау (Өздік жұмыс):
Осы тақырыппен берілген нұсқау картасы арқылы қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, компьютерде тапсырманы орындау. Оқушылардың тапсырмаларын тексеру. Қатемен жұмыстану.
Тапсырма: Power Point бағдарламасында әр оқушы компьютерлеріңіздің
жұмыс үстелінде орналасқан “Компьютер құрылғылары” және “Қысқы олимпиада-2012” деген папкалардағы дайын файлдарды пайдаланып, Power Point
бағдарламасында 2 – 3 секундтық жарнама ролик дайындаңыздар.
Сергіту сәті: «Мақал – сөз мәйегі»
Компьютерге қатысты құрастырылған мақал – мәтелдер беріледі, осы мақал – мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет.
- Байт биттен құралады. (Теңге тиыннан құралады)
- Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас. (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
- Білмесең, «анықтама»-дан сұра. (Білмесең білгеннен сұра)
- Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы. (1 ақылдан, 2 ақыл артық)
«Қара жәшік». Бұл құралдың жасы 2000 – 5000 жылдар шамасы. Бұл құралды гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп атаған. Жәшіктің ішінде қандай құрал бар? (Есепшот)
«Жұмбақтар орталығы»
- Ұзынтұра Жалқаубек
Тұрмай ылғи жатады,
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (Бос орын пернесі)
- Саусақтарды билететін, экранға мәтін сый ететін, жоқ деп мүлде айта алмайтын, ия-ні қолдап қайталай беретін. (Пернетақта)
- Бар құрылғыны басқаратын, кеудесін көтеріп қасқаятын ми. (Процессор)
ІІІ. Қорытынды нұсқау:
Оқушылардың компьютерде нұсқау картасы бойынша берілген тапсырмаларының нәтижесін тексеру. Оқушыларға жеке-жеке тоқталу. Қателермен жұмыстану.
- Сабақты қорытындылау:
Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар қою:
- Microsoft Office пакетінің Power Point бағдарламасы не үшін қажет?
- Презентация неден құралады?
- Презентация құрған кезде қандай әрекеттер орындалады?
- Power Point бағдарламасының терезесінің Word, Excel терезелерінен қандай айырмашылығы бар?
- Бағалау:
Алған білімдеріне қарай, компьютерде орындаған тапсырмалары арқылы оқушыларды жеке бағалау. Жұмыс орнын жинау.