Ақпараттық тасымалдауыштар
Сыныбы: 7 «Ә» Мұғалімі: Тлеубердина А.С.
Сабақтың тақырыбы: Ақпараттық тасымалдауыштар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ақпаратты жазу мен оқу, иілгіш және компакт дискілер сияқты ақпарат тасушылар туралы түсінік беру, CD-R/RV, DVD-R/RV жұмыстарымен таныстыру, хабардың ақпараттың көлемін есептеуге үйрету, білімдерін тиянақтау, жалпылау;
Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік білімдерін көтеру, ойлау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге және адамгершілікке баулу
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі
Сабақтың көрнекілігі: экран, компьютер, флипчарт, жұмыс дәптері
Сабақтың барысы:
Дидактикалық кезең | Тәсіл | Мұғалім үшін тиімділігі | Оқушы үшін тиімділігі | Күтілетін нәтиже |
І . Ұйымдастыру кезеңі
| Сұрақ қою | Оқушылардың қызығушылығын тудыру
| Пәнге деген қызығушылығының пайда болуы
| Мотивацияның пайда болуы
|
II.Жаңа сабақты түсіндіру
| Баяндау
| Оқушылардың білімдерін толықтыру
| Жаңа ақпарат алуы
| Танымдық қызығушылығының тууы
|
ІІI. Репродуктивтік деңгейдегі тапсырмаларды орындау
| Есеп шығару
| Алған білім-білік дағдыларын қалыптастыру
| Ойды жинақтау мүмкіндігі
| Алған білімдерін тез ойлап, жеткізу
|
ІV.Алгоритмдік деңгейдегі есептерді шығару
| Практикалық жұмыс
| Білім, біліктерін есеп шығаруда қолдану
| Білімдерін жинақтайды
| Өмірлік тәжірибеде қолдану
|
V. Үйге тапсырма, бағалау
| Оқушылар өздері жинаған ұпай сандарына байланысты өздерін бағалайды
| Оқушыларды бағалау тиімділігі
| Оқушы өз қызметін бағалауға үйренеді
| Оқушы еңбегі бағаланады және үйге тапсырма беріледі
|
Дискета — көлемі үлкен емес, қажет ақпаратты жазып алып, тұрақты тұрде сақтауға болады. Дискеттердің диаметрі 3,5 дюйм, сыйымдылығы 1,44 Мбайт. Дискета мынадай негізгі компоненттерінен тұрады:
- Тығыздығы жоғары идентификатор
- Жұмыс алаңын қорғау пердесі
- Жазудан қорғау терезесі
- Дискеттің таңбашасы
Компакт-дискі. Компакт-дискіні лазерлік дискі деп те атайды. Оның сыйымдылығы өте үлкен.
CD-R компакт-дискілеріне басқа жаңа ақпараттар жазуға немесе ақпараттарды қайта жазуға болмайды.
CD-RW дискілеріне ақпаратты жазуға, қайта жазуға болады. (R – recordable – жазатын, EW – ReWritable – қайта жазу) болып келеді. CD-R, DVD-R-ге ақпаратты тек бір рет қана жазуға, ал CD –RW, DVD –RW дискілеріне көп рет жазуға болады.
Компакт-диск неден тұрады?
-түрлі түсті сурет
— мөлдір пластик
— Желім қабаты
-шағылдыратын қабат (алтын немесе алюминий)
Флешка — жинақтауыштар және жады карталары. Ақпаратты сақтау үшін ең қолайлы контейнер болып табылады.
Хабардың ақпараттық көлемі деп — хабардың ұзындығын, яғни хабарды жазу үшін пайдаланылған символдар санын айтады.
1 байт мәтіндік, сандық, дыбыс немесе графикалық ақпараттың бір белгісін кодтауға жеткілікті.
1 кбайт = 1024 байт
1 Мбайт = 1024 Кбайт
1 Гбайт = 1024Мбайт
Биыл Ұлы Шоқанның туғанына 175 жыл толды.
4+1+3+1+8+1+8+1+3+1+3+1+5+1=41
Жауабы: 41символ, 41байт, 328бит
Әрбір оқушыға жұмыс дәптері беріледі.
I нұсқаның дәптері.
І деңгей
- Берілген сөйлемнің ақпараттық көлемін анықтаңдар.
- Қазақстанның жеті кереметінің бірі – домбра.
- «Мен жастарға сенемін» деп Мағжан атамыз айтқандай, ел намысын қолдан бермеу – біздің міндетіміз.
- 1 байт =
1 Кбайт (килобайт) = 1024 байт
1 Мбайт (мегабайт) =
1Гбайт (гигабайт) =
ІІ деңгей
- Информатика оқулығында 240-дей бет бар, бір бетте 38 жол, ал жолда 71 символ бар. Сыйымдылығы 1,44 Мбайт дискетке оны орналастыруға бола ма?
ІІІ деңгей
Практикалық жұмыс.
1 қатар.
- Компьютерді жүктеңіз.
- Жұмыс үстеліндегі «7 сынып» құжатындағы «ДИСКЕТА» атты файлды ашып, сұрақтарға жауап бер.
- «7 сынып» құжатының атын «7Ә сыныбы» атына өзгерт.
- «7 «Ә» сыныбы» құжатын ақпарат тасымалдаушы флешкаға көшір.
2 қатар.
- Компьютерді жүктеңіз.
- Жұмыс үстеліндегі «7 сынып» құжатындағы «ДИСК» атты файлды ашып, сұрақтарға жауап бер.
- «ДИСК» атты файлды ақпарат тасымалдаушы флешкадағы «7Ә сыныбы» құжатына көшір.
3 қатар.
- Компьютерді жүктеңіз.
- Жұмыс үстеліндегі «7 сынып» құжатындағы «ДИСК» және «ДИСКЕТА» атты файлдарын ашып, сұрақтарға жауап бер.
- Ақпарат тасымалдауыш флешкадан «7Ә сыныбы» құжатын ашып, жауаптарын тексер.
- Дұрыс болған жағдайда, «Жарайсындар» атты файлды іске қос.
Бағалау парағы
Аты-жөні __________________________________________________
І деңгей (3 тапсырма 2 ұпайдан, барлығы 6 ұпай) | ІІ деңгей (10 ұпай) | ІІІ деңгей (3 тапсырма 5 ұпай, барлығы 15 ұпай) | Ұпай саны | Баға | ||||
1 | 2 | 3 | 1 | 1 | 2 | 3 | ||
25-31 ұпай «5»
18-24 ұпай «4»
10-17 ұпай «3»
II нұсқа
І деңгей
- Берілген сөйлемнің ақпараттық көлемін анықтаңдар.
- Қазақстанның жеті кереметінің бірі – Күлтегін ескерткіші.
- Туған жер – алтын бесік, мақтанышың. Осы сөздерді естігенде әр адамның ар-намысы оянуы керек.
- 1 байт =
1 Кбайт (килобайт) = 1024 байт
1 Мбайт (мегабайт) =
1Гбайт (гигабайт) =
ІІ деңгей
- Информатика оқулығында 200-дей бет бар, бір бетте 38 жол, ал жолда 68 символ бар. Сыйымдылығы 1,44 Мбайт дискетке оны орналастыруға бола ма?
ІІІ деңгей
Практикалық жұмыс.
1қатар.
- Компьютерді жүктеңіз.
- Жұмыс үстеліндегі «7 сынып» құжатындағы «ДИСКЕТА» атты файлды ашып, сұрақтарға жауап бер.
- «7 сынып» құжатының атын «7Ә сыныбы» атына өзгерт.
- «7Ә сыныбы» құжатын ақпарат тасымалдаушы флешкаға көшір.
2қатар.
- Компьютерді жүктеңіз.
- Жұмыс үстеліндегі «7 сынып» құжатындағы «ДИСК» атты файлды ашып, сұрақтарға жауап бер.
- «ДИСК» атты файлды ақпарат тасымалдаушы флешкадағы «7Ә сыныбы» құжатына көшір.
3қатар.
- Компьютерді жүктеңіз.
- Жұмыс үстеліндегі «7 сынып» құжатындағы «ДИСК» және «ДИСКЕТА» атты файлдарын ашып, сұрақтарға жауап бер.
- Ақпарат тасымалдауыш флешкадан «7Ә сыныбы» құжатын ашып, жауаптарын тексер.
- Дұрыс болған жағдайда, «Жарайсындар» атты файлды іске қос.
Бағалау парағы
Аты-жөні __________________________________________________
І деңгей (3 тапсырма 2 ұпайдан, барлығы 6 ұпай) | ІІ деңгей (10 ұпай) | ІІІ деңгей (3 тапсырма 5 ұпай, барлығы 15 ұпай) | Ұпай саны | Баға | ||||
1 | 2 | 3 | 1 | 1 | 2 | 3 | ||
25-31 ұпай «5»
18-24 ұпай «4»
10-17 ұпай «3»
«ДИСК» құжатындағы сұрақтар:
- Диск дегеніміз не?
- Ақпарат қандай өлшем бірлікпен өлшенеді?
- 1 Кбайт неше байтқа тең?
- CD-R қызметі қандай?
- Флешка дегеніміз не?
«ДИСКЕТА» құжатындағы сұрақтар:
- Дискета дегеніміз не?
- Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі қандай?
- 4 байт неше битке тең?
- CD-RW қызметі қандай?
- Флешка дегеніміз не?