MS Excel бағдарламасымен жұмыс істеуді үйрену
Сабақтың мақсаты | MS Excel бағдарламасымен жұмыс істеуді үйрену | ||||
Оқыту нәтижесі | Компьютер қолданудағы білімін арттыру. Оқушының компьютерлік біліміне MS Excel бағдарламасы туралы білімді қосу. MS Excel бағдарламасына мәліметтерді еркін енгізе отырып, редакторлай білуді үйрену | ||||
Негізгі идеялары | Оқушы бойында көшбасшылықты, жауапкершілікті, ұйымшылдықты, топпен бірлесіп жұмыс істеу қасиетін арттыруды, қалыптастыруды мақсат етемін. Өзін және әріптестерін шынайы бағалауға үйренулерін көздеймін | ||||
Уақыты | Бөлімдер
| Іс-әрекет | Мұғалімнің қызметі: Мен не істеймін? | Оқушылардың жұмысы: Оқушылар не істейді? | Ресурстар: осы іс-әрекет үшін маған қандай құралдар қажет? |
2 | Психологиялық дайындық (сыныпта жылы қарым-қатынас орнату) | Қоңыраудан кейін амандасып, оқушыларды бір шеңбер бойымен тұрғызып, өзімнің сол жағымда тұрған балаға қолымдағы гүлді сыйлап, бір жылы сезім айтамын. Іс-әрекеттердің шынайы орындалуын қадағалаймын | Құрылған шеңбердеменің іс-әрекетімді қайталайды (сол жағындағы оқушыға қолындағы гүлді жылы лебіз айту арқылы сыйлайды) | Пластикалық гүл | |
1 | Оқушыларды топқа бөлу | 3 суретті бала санына байланысты қиындыларға бөлемін де, балаларға таңдатқызамын. Топ ішінде рөлдерге бөлінуін қадағалаймын | Оқушылар қолындағы қиындылардан 1 сурет құрып, сол суреттің иелері бір топ құруы тиісті. Топ ішінде міндеттерін бөліп алады (көшбасшы, таймкипер, хатшы, бақылаушы) | Үш сурет қиындылары | |
2 | Білу | Үй тапсырмасын тексеру | Бағалау парақтарын таратып, түсіндіремін.MS Word бағдарламасын еске түсіру үшін12 сұрақтан тұратын интербелсенді тақтада қайталау тестін жүргіземін | Бір сұраққа 10 сек. уақытты тиімді пайдаланып 12 сұраққа жауап береді. Тестте алған бағаларын бағалау парағына жазып алады | Интербелсенді тақта, activote, бағалау парақтары |
5 | Тақырып ашу Ой қозғау | 1. «Құпия зат» тәсілін пайдаланып, тақтадағы суретке әр топтан 5 сұрақ дайындатқызамын. 2. Берген жауаптарын осы сабақтың мақсатын ашуға итермелеймін. | Тақтадағы суретке қарап әрбір топ 5 сұрақ құрастырады. Сұрақ ішінде «Бұл не?» деген сұрақ болмау керек. Сұрақ құрастыру уақыты (3 минут) біткен соң, топтар сұрақтарымен ауысып, қойылған сұрақтарға топ болып жауап іздейді | Сурет, кітап, интернет, ноутбук | |
6 | Түсіну | Тапсырма 1 | Сәйкестігін табу. Тапсырманы жеке-жеке компьютер арқылы орындауларын сұраймын | Оқушылар берілгендерді (суреттер, мәтіндер, қызыметтер, ереже) сәйкесінше орналастыру керек. Тапсырма жеке компьютерде орындалады | Компьютер, интербелсенді тақта |
Тексеру | Тапсырманың дұрыс жауабын интербелсенді тақтаға шығарамын | Неше тапсырма дұрыс болғанын бағалау парағына белгілейді | Интербелсенді тақта, жауап парағы | ||
13 | Қолдану | Тапсырма 2 | Excel бойынша 3 топқа үш түрлі бейнеролик ұсынамын: 1. Бейнеролик – Excel бағдарламасының жұмыс алаңымен таныстырылымы 2. Бейнеролик – ұяшық адресі, құжатты ашу және сақтау 3. Бейнеролик — мәлімет енгізу және редакторлау | Әрбір топ басқаларға кедергі жасамай, өз бейнероликтеріне талдау жасайды. Танысу уақыты (5 минут) өткеннен кейінн, Джиксо әдісі бойынша қалған 2 топқа өз білгендерін үйретеді | 3 ноутбук, А4 қағаз, бейнеролик |
Тапсырма 3 | Деңгейлік тапсырмаларды жеке компьютерде орындатамын | Тапсырманы өз деңгейлеріне байланысты орындайды | Компьютерлер | ||
Тексеру | Дұрыс жауапты интербелсенді тақтаға шығарамын | Неше тапсырма дұрыс болғанын бағалау парағына белгілейді | Интербелсенді тақта, жауап парағы | ||
8 | Талдау | Тапсырма 4 | 1. Венн диаграммасы арқылы Word пен Excel бағдарламасының жұмыс аумағына талдау жасауды тапсырамын 2. Бағалау критерийлерін тақтаға шығарып көрсетіп қоямын | Оқушылар критерийге байланысты Еxcel мен Word бағдарламасының жұмыс аумақтарының өздеріне тән ерекшеліктерін және ұқсастықтарын Венн диаграммасы арқылы бейнелеу керек | Плакат, түрлі түсті фломастерлер |
Тексеру | Топтар жұмыстарын қорғағаннан кейін, бір -біріне интербелсенді тақтада баға беруді ұсынамын. Оқушылар осы жұмыстан алған жұлдыз санын өздерінің бағалау парағына жазып алуды қадағалаймын | 5 критерийге байланысты әрбір топ өзге екі топтың жұмыстарына жұлдыз жапсыру арқылы бағалайды. Бірінші критерийорындалса–бір жұлдыз, екінші критерийорындалса– екінші жұлдыз, тағы да солай жалғаса береді. Әрбір топ көп дегенде 5 жұлдыз қоя алады. Оқушылар осы жұмыстан алған жұлдыз санын өздерінің бағалау парағына жазып алады | Электронды бағалау парағы (ActivInspire бағдарламасында) | ||
5 | Жинақтау | Тапсырма 5 | Әрбір оқушығаExcelбағдарламасында өзінің осы сабақта жұмыс істеген топ мүшелерінің аты-жөні, туған жылы, айы, күні жазылған ақпаратты құжат қылып, мұғалімнің компьютеріне жіберуді тапсырамын | Оқушылар бүгінгі сабағында алған білімін жинақтап, Еxcel бағдарламасында өзінің осы сабақта жұмыс істеген топ мүшелерінің аты-жөні, туған жылы, айы, күні жазылған ақпаратты құжат қылып, мұғалім компьютеріне жібереді | Компьютер |
3 | Бағалау | Өзін-өзі бағалауды талап етемін | Бағалау парағына сабақ барысында алған суммативті ұпайларын қосып, формативті ұпайларын шығаруды талап етемін. Бағалау шкаласына сүйене отырып өзінің бағасын есептейді | Бағалау шкаласы | |
Сабақ өту бойынша кері байланыс жазуларын сұраймын | Сабақ өту бойынша кері байланыс жазады | Стикерлер | |||
Үй тапсырмасын тақтада көрсетемін | Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады | Интербелсенді тақта |