Диаграмма құру, редакторлау және пішімдеу. Құжат беттерін рәсімдеу және баспаға шығару
Сынып | 8 «Ә» | |||
Өтілетін орны | Кабинеті №10
| |||
Өтілетін мерзімі | 20 сәуір 4- ші сабақ 10.30 -11.15 | |||
Сабақтың тақырыбы | Диаграмма құру, редакторлау және пішімдеу. Құжат беттерін рәсімдеу және баспаға шығару | |||
Жалпы мақсаты | Диаграмма құра білу және сол ақпаратты баспаға жібере алу | |||
Оқыту нәтижесі | Берілген ақпаратты көрнекілік үшін диаграмма арқылы көрсетуді үйрену. Диаграммаларды көркемдей білу. Құрылған ақпараттарды баспаға шығара білу | |||
Негізгі идеялары | Оқушыларда сыни ойлауын қалыптастыру, көшбасшылыққа икемдеу, сынып ішінде ынтымақтастық қарым -қатынас қалыптастыру. Топтық жұмысқа үйрету. Уақытты тиімді пайдалануға итермелеу. Сынып алдында өз ойын жеткізе білу | |||
Уақыты (мин) |
Тапсырмалар
| Мұғалімнің іс-әрекеті: не істеймін? | Оқушылардың іс-әрекеті: олар не істейді? | Ресурстар: осы іс-әрекет үшін маған қандай құралдар қажет? |
2
| Ұйымдастыру кезеңі, сыныпта жайлы атмосфераны қалыптастыру | Сергіту сәті, биге ұласқан жаттығулар | Оқушылар ортаға шығып, тақтадан қарап биді қайталайды | Интерактивті тақта, музыка
|
2
| Оқушыларды топқа бөлу | 1. 3 суретті бала санына байланысты қиындыларға бөлемін де, балаларға таңдатқызамын. Топ ішінде рольдерге бөлінуін қадағалаймын. 2. Бағалау парағын таратамын | Оқушылар қолындағы қиындылардан 1 сурет құрып, сол суреттің иелері бір топ құруы тиісті. Топ ішінде міндеттерін бөліп алады (көшбасшы, таймкипер, хатшы, бақылаушы) | Үш сурет қиындылары, бағалау парағы
|
2 | Үй жұмысын тексеру | Бағалау парақтарын таратып, 12 сұрақтан тұратын интербелсенді тақтада қайталау тестін қосамын | Бір сұраққа 10 с. уақытты тиімді пайдаланып 6 сұраққа жауап беру. Тестте алған бағаларын бағалау парағына жазып алу | Интербелсенді тақта, activote, бағалау парақтары |
5 | Тақырып пен мақсатты ашу «4 сурет 1 сөз» ойыны арқылы | Тақтада тақырыпқа байланысты 7 суретті көрсетемін | Оқушылар топ ішінде суретке байланысты сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау керек | 7 сурет, интербелсенді тақта, А4 қағаз |
18 | Мозайка әдісі арқылы | Тақырыптағы жаңа материалды 3 топқа бөліп беремін 1 топ диаграмманы құру әдісін талдайды 2 топ диаграмманы көркемдеу әдісін қарастырады (көмек көрсетемін) 3 топ ақпараттыы баспадан шығару ерекшеліктерін көрсетеді | Әрбір топ берілген тақырыптарын талдайды да, тақта алдына шығып жұмыстарын қорғайды | Интербелсенді тақта,ноутбук, үш тапсырманы орындау үшін нұсқаулық, А4 қағазы |
Бағалау | Әрбір топ тақырыптарын қорғағаннан кейін, тыңдаушы екі топқа интербелсенді тақтада критерийге сүйене отырып баға беруді ұсынамын. Оқушыларға осы жұмыстан алған жұлдыз санын өздерінің бағалау парағына жазып алуларын ескертемін | 3 критерийге байланысты тыңдаушы топтар өзге екі топтың жұмыстарын жұлдыз жапсыру арқылы бағалайды. Бірінші критерий орындалса – бір жұлдыз, екінші критерий орындалса – екінші жұлдыз, тағы да солай жалғаса береді. Әрбір топ көп дегенде 3 жұлдыз қоя алады. Оқушылар осы жұмыстан алған жұлдыз санын өздерінің бағалау парағына жазып алады | Электронды бағалау парағы ActivInspire бағдарламасында | |
9 | Тапсырма 1 | 1. Тақтада мәліметтер беремін, әр оқушы осы ақпаратты жеке есептеп, сол есептеулерге байланысты диаграмма құруын сұраймын. Диаграммалар бір-біріне ұқсамау керектігін ескертемін 2. Топ ішіндегі көшбасшы критерий бойынша өзінің тобын жұлдыз беру арқылы бағалайды. Жоғары ұпай 3 жұлдыздан аспау керек 3. Әр оқушы өзінің жұмысын баспадан шығарып алады | 1. Мәліметтерді есептеп диаграмма құрады. Диаграммасын өз қалауынша түрлендіреді. 2. Топ көшбасшысы қойған бағасымен келіспесе, неге келіспейтіні жайында өз дәлелдемелерін айтады. Бұл жағдайда ойды ортаға салып талқылаймыз 3. Жұмыстарын баспадан шығарады | Компьютер, принтер, бағалау парағы
|
4 | Пысықтау | Жаңа тақырыпты игеруіне байланысты шағын тест аламын | Оқушылар Activote арқылы интербелсенді тақтадан тест орындайды. Компьютер койған бағасын бағалау парағына түсіріп алады | Интербелсенді тақта, activote, бағалау парағы |
3 | Бағалау | Өзін-өзі бағалауды талап етемін | Бағалау парағына сабақ барысында алған формативті ұпайларын қосып, суммативті ұпайларын шығаруды талап етемін. Бағалау шкаласына сүйене отырып өзінің бағасын есептейді | Бағалау шкаласы |
Кері байланыс | Сабақ өту бойынша кері байланысты АКТ арқылы жазуларын сұраймын | Сабақ өту бойынша кері байланысты АКТ арқылы береді | Мектеп мүмкіншілігін пайдалану | |
Үйге тапсырма | Үй тапсырмасын тақтада көрсетемін | Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады | Интербелсенді тақта |