Терезелер. Терезе элементтері

Сабақтың тақырыбы: Терезелер. Терезе элементтері

Сабақтың  мақсаты:         Windows  терезелерімен, терезелерді көрсету нұсқаларымен және терезелерді басқару  тәсілдерімен, терезелердің менюімен, Windows  оқулығымен жұмыс істеу мүмкіндіктерімен таныстыру

  1. Оқушылардың Windows терезесі ұғымын, меню қасиеттері мен

анықтамасын, терезенің негізгі элементтерін білу қабілеттерін

дамыту.

  1. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі:                 Практикум элементтері  бар, көрсете – түсіндіру тақта

Сабақтың барысы:    I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Үй тапсырмасын тексеру
  1. WindowsХР  операциялық жүйесі дегеніміз не?
  2. Компьютермен жұмыс істеуді бастау әрекеттерінің тізбегін көрсет.
  3. Компьютермен жұмысты аяқтау әрекеттерінің тізбегін көрсет.
  4. Тышқанның қандай батырмасы негізгі, ал қайсысы  қосымша болып  табылады?
  5. Тышқанның көмегімен не істеуге болады?
  6. Жұмыс үстелінің (орнының) негізгі элементтерін атап жаз.

Сабақтың жоспары:

  1. Білім — оқу анасы (жаңа тақырыпты түсіндіру).
  2. Кім жылдам? (компьютермен жұмыс).
  3. Білсең де тексер (сөзжұмбақ шешу).
  4. Оқыған жетер мұратқа (тест жұмысы Excel программасында жасалды оқушылар жауап беріп болғасын олардын жинаған балын процентен есептеп бағасы автоматты түрде көрсетіледі)

 

  1. Білім — оқу анасы (жаңа тақырыпты түсіндіру).

 

Windows операциялық жүйесінің негізгі объектісі терезе болып табылады. Windows операциялық жүйесінің бұлай аталуы тегін емес, оның қазақша аудармасы «терезелер» дегенді білдіреді. Терезе – Windows ортасының негізгі ұғымы.

Терезе дегеніміз – бұл жақтаулармен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ.  Әрбір терезенің оны басқаруға арналған элементтері мен жұмыс аймағы болады. Windows жүйесінде жұмыс істеу барысында бірнеше терезені бір мезгілде ашуға және терезелер арасында таптырмалар тақтасындағы батырмалардың көмегімен ауыса отырып олардың әрқайсысында кезекпен жұмыс істеуге болады.

 

      Терезе элементтері

Компьютер қапшығының терезесін мысалға ала отырып, біз терезелердің негізгі элементтерін қарастырайық.

  1. Кім жылдам? (компьютермен жұмыс).

 

  1. Білсең де тексер (сөзжұмбақ шешу).

 

  1. Оқыған жетер мұратқа (тест жұмысы).

      БҮҮ стратегиясы

 

БілетінімҮйренгенімҮйренгім келеді

 

      Оқушыларды бағалау

 

      Үйге тапсырма :      §14-15   Терезелер. Терезе  элементтері.