Тармақталушы алгоритмдерді бағдарламалау

Сабақтың тақырыбы: Тармақталушы алгоритмдерді  бағдарламалау

Сабақтың мақсаты:              

Білімділік  — Тармақталушы алгоритм ұғымымен, шартсыз  және шартты операторларын ажырата білуді меңгерту, жұмыс жасай білуге үйрету.

Дамытушылық –  Оқушылардың белсенділігі мен біліктілігін, ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру, өрнектерді пайдаланып компьютерде жұмыс істеуін дамыту.

Тәрбиелік – Оқушыларды ақпараттық мәдениеттілікке, өзін — өзі басқаруға және бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:   Білімді меңгерту

Сабақтың әдісі:    Баяндау , сұрақ жауап

Сабақтың көрнекілігі:  Таратпа кеспелер, компьютер

 Сабақтың барысы

Ұйымдастырылу кезеңі

  1. оқушылармен сәлемдесу

 

  1. келмеген оқушыларды белгілеу

 

  1. сабаққа дайындығын, құралдарын тексеру

 

Үйге берілген тапсырманы сұрау

  1. Белгісіз айнымалыны қандай оператормен енгіземіз?
  2. Есептің жауабын алу үшін қандай операторды пайдаланамыз?
  3. Программа қандай оператормен басталады?
  4. Программаны қалай орындатамыз?

 

Жаңа сабақты түсіндіру

Программа операторының табиғи орындалу реттілігін өзгерту үшін басқаруды беру операторларын пайдаланады:

  • шартсыз өту операторы GOTO;
  • шартты өту операторы IF

Шартсыз өту операторы GOTO

Шартсыз өту операторы GOTO (өту) есептеуді одан әрі жалғастыруда программаның келесі кезекті орындалатын операторын көрсету үшін, яғни программаның қандай да бір бөлігін орап ту үшін қолданады. Оператрдың жалпы жазылу пішімі:

GOTO k

Мұнда GOTO – оператордың аты; k – GOTO операторынан соң орындалаты операторлық қатардың номері. Осылайша, GOTO операторы программаның табиғи реттілікпен орындалуын бұзады. Мысалы,10 GOTO 120 операторы нөмері 10-опратордан кейін нөмірі 120-оператор орындалады дегенді білдіреді. Мына төмндегі:

10 A=7

20 GOTO 40

30 A=1

40 A=A+3

50 PRINT A

60 END

 

Шартты өту операторы IF

Тармақталу операторы мектптік алгоритмдік тілде егер командасы арқылы жүзеге асырылатындығын сіздер бұрыннан білесіздер. Мектептік алгоримтдік тілде егер командасы толық және қысқартылған пішімдерде жазылады:

       Толық пішімі:                                     Қысқартылған пішімі:           

Егер <шарт>                                         Егер <шарт>

онда  <1- әрекет>                                   онда <әрекет>

әйтпесе <2- әрекет>                        бітті

бітті

Осы блок-схемға сай программаның түрімына төмендегідей болады.

10 REM  Күн мерзімін анықтау.

20 INPUT «Егер қазір кеш болса 1-ді; егер күндіз болса

2-ні басыңыз»; А

30 IF A=1 THEN PRINT «кеш жарық!» ELSE IF A=2 THEN PRINT «Қайырлы күн!» ELSE STOP

40 END

 

Мысал.

А және В екі натуарл санның үлкнін табу керек. Ол үшін алдымен айнымалылардың аттаын былайша таңбалайық:

  • алгоритмдік тілде: нақ а, в, у
  • BASIC тілінде: A, B, Y

 

10 REM  Функция

20 INPUT Х

30 IF Х<-1 THEN (X)/(1-x^2) GOTO 50

40 IF Х>1 THEN Y=LOG(X+0.8) ELSE

50 Y=ATN(X^2)

60 PRINT “f(“;X;”)= “;Y

70 END

 

 

Тапсырма:

 

  1. GOTO операторын пайдаланып мына төмендегі өлең жолдарын программалаңдар:
Бүйтіп көрген күн құрысын,

Жапырақтай қалтырап,

Таусылғандай тынысың

Күнде жүрек қансырап. Ж.Жабаев

 

 

 

 

 

 

 

  1. IF, THEN, ELSE операторларын қолдпнып, функцияның мәнін тап:

 

  1. Адам денесінің температурасына қарай мына төмендегі деректер бойынша программа құрыңдар:
  2. температурасы жоғары:
  3. темперачтурасы жоғары емес;

 

  1. Асан мен Үсен бір мезгілде үйлерінен шықты. Асанның орташа жылдамдығы V1, үйі мен мектептің ара қашықтығы S1, ал Үсеннің орташа жылдамдығы V2, үйі мен мектептің ара қашықтығы S2. мектепке кім бұрын баратындығын анықтайтын программа құрыңдар.

 

 

Сабақты қорытындылау:

  1. Басқаруды беру операторлары дп қандай оператрларды айтады?
  2. GOTO операторы қандай қызмет атқарады?
  3. IF операторы қандай қызмет атқарады?
  4. Тарамқталу командасының толық түрі қалай жазылады?

 

Үйге тапсырма:      Басқаруды беру операторлары.