Таңдау операторы

Сабақтың тақырыбы: «Таңдау операторы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Turbo Pascal программалау тілінің таңдау операторын қолдану тәртібін таныстыру, программалау ортасында  операторларды қолдану негізінде есептер құру жүйесін, шешу дағдыларын қалыптастыру

Дамытушылық: Студенттердің алған теориялық білімдерін практика жүзінде орындау дағдыларын шыңдау. Студенттердің таным белсенділігін, ақпараттық мәдениетін арттыра отырып, логикалық  ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:Студенттерді тиянақтылыққа, жауапкершілікке, ізденімпаздыққа, шапшаңдыққа  тәрбиелей отырып білім беру.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдістері:  тестілеу, баяндау, студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ).

Пәнаралық байланыс: математика, ағылшын тілі, тарих пәндері.

Көрнекі құралдар: ДЭЕМ, проектор, Turbo Pascal 7.0 программалау тілі, электрондық әдістемелік нұсқау, электрондық Hyper Test 1.0  тест бағдарламасы, презентация, студенттерді бағалау бағдарламасы, видеофайл, электронды оқулық.

 

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі: Студенттермен амандасу, студенттерді түгендеу. Кабинеттің сабаққа әзірлігін, компьютерлердің техникалық жұмыс жасау жағдайын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру:Презентацияда берілген бақылау сұрақтарымен және сервер компьютердің желілік бумасындағы тапсырмаларды әр компьютерде орындату негізінде үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру үшін берілетін сұрақтар:

  1. Тармақталу алгоритмі дегеніміз не? (Орындалуы қандай да бір шарттан тәуелді болатын алгоритм )
  2. Шарт операторы дегеніміз? (Тармақталу алгоритмін программалау үшін қолданылатын оператор)
  3. Шарт операторының жазылу үлгісі (if  <шарт>  then оператор1 else оператор2 )
  4. Шарт операторының түрлері? (if <шарт>  then оператор1 else оператор2; if  <шарт>  then оператор)
  5. A:=5;

If a>0 then writeln (a,’-саны оң сан’) else writeln (a,’-теріс сан’) Нәтижесі қандай?

(a-оң сан)

  1. K:=1;

If (k<10) then begin a:=k+10; writeln(a);end else begin a:=k;

writeln (a);end; Нәтижесі қандай?(11)

  1. S:=’algorithm’;

If s[4]=’a’ then writeln (s) else writeln (s[4]); Нәтижесі қандай?(о)

  1. Шартты көшу операторы қай операторлар тобына жатады? (құрама)
  2. Егер then және else қызметші сөзінен кейін орындалатын операторлар саны көп болса ………( begin және end операторлар жақшасына аламыз)
  3.  B:=13;

If  ((b mod 2)=0) then b:=0 else b:=1; writeln (b); Нәтижесі қандай?(1)

Жаңа тақырыпты түсіндіру: Жаңа тақырыпта өткен дәрістер бойынша алған білімдерді пысықтай  отырып, презентация негізінде Turbo Pascal программалау тіліндегі операторлардың бірі – таңдау операторын, оның қолданылу тәртібін, негізгі жазылу үлгісін түсіндіру және таңдау операторымен есеп құру жүйесін және шешу әдістерін үйрету.

Берілген өрнектің мәніне тәуелді бір немесе бірнеше оператор орындалатын жағдайда  таңдау операторы пайдалынады. Тандау операторы алгоритмдік тілдегі таңдау командасына ұқсағанымен бірге, аз өзгешілігі бар. Алгоритімдік тілде таңдау шарт бойынша орындалса, Паскаль тілінде тұрақтылар бойынша іске асырылады.

Жазылу түрі:

Таңдау                                CASE өрнек OF                                 CASE- жағдай

Жағдай 1-шарт: 1-серия      1-тұрақты: 1-оператор,               OF-солар,

Жағдай 2-шарт: 2-серия      2-тұрақты: 2-оператор;               төмендегілер.

. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .   . . . . . . . . . . . . . . .

Жағдай n- шарт: n -серия    n-тұрақты: n- оператор

Бітті                                      END;

Таңдау операторы былай орындалады: өрнектің мәні берілген тұрақтының қайсысына  тең болса, оның сәйкес  операторы  орындалады да, басқару таңдау операторының, сонындағы операторға беріледі.

Егер өрнектің мәні тұрақтылардың ешқайсысымен тең болмаса, онда да, басқару таңдау операторынаң соңғы  операторға беріледі.

Өрнектің мәні тұрақтылар әрқашанда бүтін сан, тұрақты типі мен өрнек типі бірдей болу керек.

Өрнек символдық та болуы мүмкін, онда тұрақтыларда  символдық тип те болуы керек.

Бұл сабақтан оқушылар:

  • Турбо Паскаль тілі операторларының бірі – таңдау операторын;
  • Оның қолданылу тәртібін;
  • Таңдау операторын тиімді пайдалана отырып, есеп алгоритмін құруды меңгеруі тиіс

 

Жаңа тақырыпты бекіту: Жаңа сабақ бойынша айтылған теориялық білім мен көрсетілген жұмысты қорытындылап, бекіту мақсатында төмендегі есептерді шешу, яғни құрылған алгоритмді Turbo Pascal программалау тілінде тестілеу :

1- есеп: 1990-1995 сандарын енгізгенде экранда қасындағы сөздердің шығу бағдарламасын құру:

1990- Егемендік туралы декларацияға қол қойған жыл

1991- ҚР тауелсіздік алған жыл

1992- Рәміздер бекітілді

1993- Теңге шықты

1994- Мұсабаев ғарышқа ұшты

1995- Ата заң қабылданды

2- есеп: 1-9 цифрларын  енгізгенде оның ағылшын тіліндегі аудармасын экранға шығаратын бағдарлама құру

Сергіту сәті Оқушылардың ойы мен көзін демалту мақсатында оқушыларға патриоттық тәрбие бере отырып сергіту сәтін ұйымдастыру

Сабақты қорытындылау: Жаңа сабақты өткен дәрістермен байланыстыра отырып қорыту мақсатында студенттерге компьютерде Hyper Test 1.0  бағдарламасы арқылы тест тапсырмасын орындату.  Тапсырмада үй тапсырмасы және жаңа тақырып бойынша таңдау тесті беріледі. Таңдау тестінде берілетін тапсырмалар:

/\

Программалауда қойылған шартқа байланысты алгоритм тармағының саны көп болғанда қолданылатын оператор

— шарт операторы

— бос оператор

+таңдау операторы

\/

/\

Таңдау операторының жалпы жазылуы:

— if   then  else

+ case  of end

-for  to  do

\/

/\

Case  s   of

C1: оператор 1;

C2:оператор 2;

……………….

Cn:оператор n;

Else

Оператор;

End;      Мұндағы c1,c2,…,cn -?

+тұрақты

-айнымалы

-өрнек

\/

/\

Case  s   of

C1: оператор 1;

C2:оператор 2;

……………….

Cn:оператор n;

Else

Оператор;

End;      Мұндағы S -?

-тұрақты

-айнымалы

+өрнек

\/

/\

Таңдау операторында бірнеше тұрақтыға бір оператор сәйкес келсе тұрақтылар……

— (-) таңбасы арқылы жазылады

+(,) таңбасы арқылы жазылады

-(..) таңбасы арқылы жазылады

\/

/\

Таңдау операторында бірнеше тұрақтылар диапазонын көрсеткенде …….

— (-) таңбасы жазылады

— (,) таңбасы жазылады

+(..) таңбасы жазылады

\/

/\

Таңдау операторында өрнектің мәні бірде – бір тұрақтыға сәйкес келмесе…….

+else қызметші сөзінен кейінгі оператор орындалады

-end операторына көшеді

-ешқандай оператор орындалмайды.

\/

/\

Case a of

1: writeln (a+5);

2: writeln (a+7);

3: writeln (a+3);

End; Егер а=2 болса, нәтиже қандай болады?

-7

-6

+9

\/

/\

Case arip of

‘a’: writeln (‘algorithm’);

‘g’: writeln (‘geometrya’);

‘i’: writeln (‘informatika’);

End; Егер аrip:=’i’ болса, нәтиже қандай болады?

-algorithm

-geometrya

+informatika

\/

/\

Таңдау операторы қандай алгоритмдерде қолданылады?

+тармақталған

-сызықтық

-циклдық

\/

Бағалау: «Бағалау» бағдарламасы көмегімен студенттердің сабақ барысындағы білімділік және белсенділік көрсеткіштері бойынша бағалау нәтижесін шығару .

Үй тапсырмасын беру:  Таңдау операторы көмегімен енгізілген туылған күн бойынша оның қай жұлдызнамаға жататынын анықтайтын бағдарлама алгоритмін құру. Дәрісті оқу.