Алгоритмнің график түрінде кескінделуі
Сабақтың тақырыбы: Алгоритмнің график түрінде кескінделуі
Мақсаты: Оқушыларға алгоритмнің график түрінде берілуін меңгерту.
Міндеттері:
- Оқушыларға алгоритмнің график түрінде берілуін үйрету.
- Оқушының ойлау қабілетін арттыруға, өз ойын жүйелеуге, еркін айтуға, талдау жасауға дағдыландыру.
- Терең ойлауға, топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың құрал-жабдықтары:
Құралдар: интерактивті тақта, Activote құрылғысы, Activslate құрылғысы, магнит тақтасы
Көрнекіліктер: электронды оқулық, стикер, үлестірмелі қағаздар.
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: өзің үшін жазу, Т кестесі
Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІV. Өзіндік жұмыс
- Сабақты қорыту.
VІ. Үй тапсырмасын беру.
VІІ. Бағалау.
Күтілетін нәтиже: Алгоритмді график түрінде кескінделуін біледі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі /2 мин./
а) оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын түгелдеу, екі топқа бөлу.
ә) олардың көңілін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. /10 мин./
Тест /Activote құрылғысының көмегімен/
- «Алгоритм» атауы кімнің есімінің латынша атауы?
А) Әл-Тарази; Б) Әл-Бируни ; В) Әл-Хорезми;* Г) Ибн-Сина.
- Алгоритмді … пайдаланады.
А) есеп шығаруға;* Б)мәтін теруге; В) программалауға; Г)график сызуға;
- Алгоритмнің қасиеттері
А) 6; Б) 5;* В) 4; Г)3;
- Берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі
А) программа; Б) кесте; В) алгоритм; * Г)блок-схема
- Алгоритмнің тізбекті қадамдарға бөлініп атқарылуы
А)айқын өрнектелу ; Б)үзіктілік;* В) нәтижелік; Г)ортақтық
- Әрекеттер тізбегінің орындалуы
А) программа; Б) кесте; В) процесс;* Г)блок-схема
- Табиғи тілде жазылған алгоритм компьютерде неліктен орындалмайды?
А)дәлдік сақталмайды;* Б)ақпарат өңделмейді;
В) формалды түрде атқарылады; Г)нәтиже бермейді
- Программалау тілі қандай тілге негізделіп жасалады?
А) орыс; Б) қазақ; В) неміс; Г)ағылшын*
- Программа тізбегі:
А) программа; Б) кесте; В) алгоритм; Г)команда*
- Кез келген алгоритмнің нәтижесі …
А) болмайды ; Б) болады;*
В) шартына қарай болады; Г)сипатына қарай болады
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. /13 мин/
Қызығушылықты ояту. «Өзің үшін жазу» стратегиясы
«Блок-схема» деген сөзді қалай түсінеміз? /стикер парағына жазып, магниттік тақтаға жапсырылады/
Мағынаны ажырату.
Алгоритмнің өрнектелу жолдары
Табиғи тіл Графиктік тілде Программалау тілінде
Негізгі ұғымдар: /электронды оқулық/
Алгоритмнің жекелеген қадамдары әртүрлі геометриялық фигуралардың көмегімен өрнектелетіндей, осы фигураларды жалғастыратын байланыс сызықтардың көмегімен алгоритмнің графикалық кескінделуі блок-схема деп аталады.
Блок- схемада пайдаланылатын фигуралар оның блоктары, ал оларды бір-бірімен қосатын сызықтар байланыс сызықтары деп аталады.
Алгоритм блоктарының арнайы белгілері
Іс-әрекеттің орындалуы | Блок пішімі | Атқаратын жұмысы | |||
Процесс |
| Математикалық өрнектерді есептеу | |||
Таңдау |
| Есеп шығару жолын таңдау | |||
Модификация
| Цикл (қайталау) басы | ||||
Құжат | Нәтижені шығару, қағазға басу | ||||
Енгізу |
| Мәліметтерді енгізу | |||
Бастау, аяқтау |
| Басталуы, аяқталуы | |||
Түсініктеме
| Схеманы, формулаларды түсіндіру |
1 қадам. «Сандық фокус»
Берілген алгоритмді орындау керек.
1) Кез келген сан ойлан
2) +1
3) *3
4) +1
5) басында ойлаған санға шыққан санды қос
- Өзіндік жұмыс /10 мин./
Ой толғаныс.
1 тапсырма. Блок-схеманы ретімен орналастыр /Activslate құрылғысының көмегімен/
«Өзің үшін жазу» стратегиясы.
Сабақтың басында қойылған сұрақ қойылады. «Блок-схема» деген сөзді қалай түсінеміз? /стикер парағына жазып, магниттік тақтаға жапсырылады/ Әр топтан оқушы шығып, бастапқы жазып берген жауап пен соңғы жауабын салыстырады.
- Сабақты қорыту /5 мин/
- Күн тәртібінің алгоритімінің блок-схемасын құру.
- Т кестесі. (Алгоритмнің берілуі)
График түрде берілуі | Табиғи тілде берілуі |
|
- Үй тапсырмасын беру. /2 мин./
- Блоктардың арнайы белгілерін жаттау
- 1.5 тақырыпты оқу
VII. Бағалау /3 мин/
№ | Оқушының аты-жөні | Үй жұмысы /алгоритм құру/ | Блок-схеманы ретімен орналастыру | Блок-схеманы толтыру | Қорытынды баға |
Әр оқушы өздерін 5 балдық жүйеде сабаққа қатысуын бағалайды:
Мен | Біз | Іс | Көңіл-күй |
- Мен- менің сабақтағы жұмысым;
- Біз – сынып жұмысы;
- Іс – мақсатына жетті ма?
- Көңіл-күй – смайликтің суретін сал.