PowerPoint: қолданылуы, іске қосу, компоненттері

Тақырыбы:                         PowerPoint: қолданылуы, іске қосу, компоненттері.

Сабақ мақсаты:                 а) PowerPoint программасының қолданылу мақсатын, оны іске қосу мен жұмысты бастауды үйрету.

 

Б) PowerPoint программасын қолдану аймағын анықтауды, программаны іске қосу мен компоненттерін ажырата білуді үйрету.

 

В) Оқушылардың эстетикалық талғамдарын дамыту.

 

Сабақ көрнекілігі:             PowerPoint программасы терезесі

Сабақ түрі:                         Көрнекілікті түсіндірмелі баяндау сабағы

Сабақ әдісі:                        Көрсету арқылы түсіндіру

Сабақ типі:                         Жаңа білімді меңгерту

Сабақ барысы:                  Ұйымдастыру кезеңі

Жаңа сабақ түсіндіру

Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар қою

Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау

Сәләматссыңдар ма?

Өткен сабақта біз 10-кластың материалы бойынша Microsoft Office тақырыбын қайталап өттік. Word-та,  Excel-де берілген практикалық жұмысты орындадыңдар. Бүгін Microsoft Office пакетінің тағы бір программасы PowerPoint – пен танысатын боламыз. Сонымен бүгінгі тақырып PowerPoint: қолданылуы, іске қосу, компоненттері.

Microsoft Office пакетінің PowerPoint қолданбасы — әртүрлі баяндамалар жасаған кезде, жобаларды, идеяларды,  суреттеп, таныстыруға арнап презентациялар құрғанда көпшліктің зеійінін, ойын көрсетіліп тұрған нәрсеге аударуға үлкен мүмкіндік береді.

PowerPoint программасы – электронды презентация (слайд-шоу) құруға арналған. Электрондық презентациялардан басқа проекторға арнап пленкалар шығаруға немесе оны қағаздық тасуышта да шығарып көрсетуге болады.

PowerPoint программасының әрбір презентациясы  слайдтар жиынынан тұрады. Ал слайдта графикалық фонда орналастырылған обьектілер немесе текст тұруы мүмкін.

Презентация құру негізінен  текст пен обьектілерді  слайдта тиімді тәсілмен орналсатырудан тұрады.

PowerPoint-та кез келген  презентация жасау мынадай әрекеттер тізбегін орындаудан тұрады:

  1. Презентация құру, тексті енгізу және редакторлеу, слайдтардың кезектесуін реттеу.
  2. Презентация жоспарын құру. Жоспарды қажетіне қарай өзгерту.
  3. Қажетіне қарай жеке слайдтарды форматтау.
  4. Презентацияларға обьектілер қосу.
  5. Презентациядағы ауысуды, анимацияларды, эффектілерді, сілтемелерді қолдану және өзгерту.
  6. Үлестірмелі материалды және баяндамашыға арналған ескертулерді әзірлеу.
  7. Слайдаралық уақытты анықтау және қолдану.
  8. Презентацияны демонстрациялау.

Ал PowerPoint программасын іске қосу үшін мынадай командалар орындалады:

Пуск-Программы- Microsoft PowerPoint

Осы команда орындалған соң экранға PowerPoint-тың диалог терезесі ашылады.  Мұнда жаңа презентация құруды бастауға немесе бұрын сақталған презентацияны ашуға болады. PowerPoint-та презентация құруды алғаш үйренушілер жаттығу үшін  Мастер автосодержания көмегімен презентация құруға болады.

 

(Програманы іске қосуды компьютерде демонстрациялап үйге программа терезесінің компонентерін түсіндіріп өтемін. )

 

Бекіту сұрақтары:

  1. Microsoft Office пакетінің PowerPoint қолданбасы не үшін қажет?
  2. Презентация неден құралады?
  3. Презентация құрған кезде қандай әрекеттер орындалады?
  4. PowerPoint қалай іске қосады?
  5. PowerPoint-тың терезесінің Word, Excel терезелерінен қандай айырмашылығы бар?

 

Үйге тапсырма лекцияны оқып келу.

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар