Слайдтар. Слайдтардың ауысуын реттеу. Жүйелеу.
Тақырыбы: Слайдтар. Слайдтардың ауысуын реттеу. Жүйелеу.
Сабақ мақсаты: а) Оқушыларды слайдтармен әртүрлі режимдерде жұмыс істеуге үйрету
Б) Презентация құруда слайтармен жүйелі жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
В) Оқушылардың эстетикалық талғамдарын арттыру. Жүйелі жұмыстануға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: PowerPoint программасы.
Сабақ түрі: Практикум элементтері бар, баяндап түсіндіру
Сабақ әдісі: Компьютерде көрсете түсіндіру
Сабақ типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге есептер шығару
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Сәләматсыңдар ма?
Өткен сабақ бойынша мынадай қайталау сұрақтары?
- Microsoft Office пакетінің PowerPoint қолданбасы не үшін қажет?
- Презентация неден құралады?
- Презентация құрған кезде қандай әрекеттер орындалады?
- PowerPoint қалай іске қосады?
- PowerPoint-тың терезесінің Word, Excel терезелерінен қандай айырмашылығы бар?
Бүгінгі сабағымызда слайдтармен жұмыс жасау тәсілдерін меңгереміз.
Алдымен түсіндіріп өтіп, сосын тақырыпты бекіту үшін компьютерде берілген жаттығуларды жасап жаттығасыңдар. Практикалық жұмыс келесі сабақта берілетін болады.
Сонымен, презентация жекелеген слайдтардан тұрады дедік. Яғни, презентациямен жұмыс слайдтармен жұмыс жасаудан тұрады. Слайдтарды қарап шығудың PowerPoint-та мынадай 5 режимі бар. Әрбір режимнің өзінің ерекшеліктері бар.
Обычный режимі.
Бұл режимде слайд оң жақта, текстері сол жақта, ал ескертпелер төменде орналасады. Мұнда тексті сол жақ панельде де, слайдтың өзінде де редакторлеуге болады.
Структура режимі.
Бұл режимде слайдты безендіру күрделі де, ал текстпен жұмыс керісінше оңай жасалады. Ескертпелерді де енгізуге болады.
Слайдтар режимі.
Жеке слайдтармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Басқа режимде тұрғанде слайдта маусты екі рет шертсе, слайдтар режиміне ауысуға болады.
Сортировщик слайдов режимі.
Экранда бірнеше слайдтармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Мұнда жаңа слайд қосуға, слайдтардың орнын ауыстыруға, т.б. әрекеттер жасауға болады. Ескерте кететін нәрсе, текст өңделмейді, обьект қойылмайды.
Показ слайдов режимі.
Слайдтарды толық экрандық күйде көру үшін қолданылады. Қарауды тоқтату үшін Esc пернесін басады.
Презентацияны жобалау.
Презентацияны құруда мынадай тәсілдер қолданылады.
- Безендіру стилі бар, дизайн шаблондарын пайдалану.
- Бұрын құрылған презентацияның дизайнын қолдану. (мысалы кейбір мекемелерде бір стиль қолданылады. Мұндай жағдайда қайта-қайта безендіру жұмысын жүргізбес үшін бұрынғы презентацияның безендірілуі қолданылады)
- Жаңадан бастау, алдымен текст енгізілдеі де, содан соң дизайнмен жұмыс жүргізіледі.
- Word документінң құрылымын импорттау арқылы.
Дизайн шаблондарын қолдану.
Презентация құрғанда дизайн шаблондарын қодану үшін, мына командалар орындалады: Файл-Создать командасын орындап, Создать презентацию терезесінде Шаблоны оформления бетін ашу керек. Қажет шаблонды таңдап, ОК батырмасын шерту керек. Таңдаған шаблон слайдқа қолданылады.
Ал Презентации бетінде әртүрлі дайын презентациялар бар. Мұнда тек өзіңнің деректеріңді енгізе қоюға болады.
Безендіру шаблоны мен презентация түрінің айырмашылығы мынада: шаблонда тек дизайн сақталады, Ал презентация түрінде деректерді орналастыру облыстары да сақталады, яғни құрылым қолданылады.
Егер презентация құру дизайн шаблонын қолдану немес бос презентация құрудан басталса, онда Создание слайда терезесі ашылады. Бұл терезеде жаңа слайдтың эскизін таңдауға болады. Таңдалған эскизді редакторлеу кезінде өзгертуге болады.
Бірінші слайдпен жұмысты аяқтаған соң, келесі слайд құру үшін құралдар тақтасындағы Создать слайд батырмасын шертеді. Создание слайда терезесі ашылады. Бұл терезеде алдымен слайдтың эскизін таңдау керек.
Дайын презентация дизайнын қолдану үшін слайдта маустың оң жағын шертіп, Применить шаблон оформления пунктін таңдау керек. Сол аттас терезе ашылады. Папка өрісінде презентация орналасқан папка атауын көрсетіп, Тип файла өрісінде Все файлы PowerPoint таңдап, документтер ішінен қажет презентацияны белгілеп, Применить батырмасын шертеді.
Презентацияға басқа презентация дизайнын қолданғанда оның мазмұны өзгермейді.
Қажет болғанда басқа слайдты презентацияға қоюға болады. Ол үшін Вставка-Слайдов из файла командасын орындайды. Обзор батырмасын шертіп, қажет слайд орналасқан файлды таңдайды. Слайдтарды көрсету үшін Показать батырмасын шертеді. Қажетті слайдты белгілеп, Вставить батырмасын шертеді. Немесе барлық сллайдты қою үшін, Вставить все батырмасын шертеді. Бұл жағдайда слайдта орналасқан текст, обьектілер түгелімен көшіріледі.
Тақырыпты меңгертуге арналған жаттығу.
Мастер автосодержанияны қолдану.
- PowerPoint-тың диалог терезесінде Мастер автосодержания – ны таңдаңыз.
- Мастер көмегімен бірінші қадамда презентация түрін, екінші қадамда ұсыну тәсілін, үшінші қадамда көрсету форматын, төртінші қадамда толықтыруларды енгізіп, Готово батрымасын шертіңіз.
- Вид-Слайды командасын немесе экранның сол жақ төменгі шетіндегі Режим слайдов батырмасын шертіп, слайдты қараудың слайдтар режимін іске қосыңыз.
- Вид-Структура командасын немесе экранның сол жақ төменгі шетіндегі Режим структуры батырмасын шертіп, слайдты қараудың структура режимін іске қосыңыз.
- Вид-Сортировщик слайдов командасын немесе экранның сол жақ төменгі шетіндегі Режим сортировщик слайдов батырмасын шертіп, слайдты қараудың сортировщик слайдов режимін іске қосыңыз.
- Вид-Страницы заметок командасын немесе экранның сол жақ төменгі шетіндегі Режим страницы заметок батырмасын шертіп, слайдты қараудың страницы заметок режимін іске қосыңыз.
- Вид-Показ слайдов командасын немесе экранның сол жақ төменгі шетіндегі Режим страницы заметок батырмасын шертіп, слайдты қараудың показ слайдов режимін іске қосыңыз. Слайдты қарауды уақытынан бұрын тоқттату үшін Esc пернесін қолданады.
Слайдтар режимінде жұмыс.
- Режим слайдов батырмасын шертіп, слайдтар режиміне көш. Қажетті слайдқа көшу үшін айналдыру жолағын пайдаланып, слайдты тауып, слайдта маусты шерт.
- Өңдейтін обьектіні таңдау үшін текстің немесе тақырыптың өрісінде шерт. Өріс ерекшеленеді, содан соң мұндағы тексті өзгертуге, редакторлеуге болады. Сонымен бірге, өрістің өлшемін маркерлерді қозғау арқылы өзгертуге болады. Өрісті жою үшін Delete пернесін бас. Айтылғандарды жасап көр.
- Тексті Word-тағыдай тәсілмен форматтауға болады.
Сортировщик слайдов режимінде жұмыс.
- Режим сортировщик слайдов батырмасын шертіп, слайдты қараудың сортировщик слайдов режимін іске қос.
- Слайдты таңдау үшін, сол слайдта бір рет шерт.
- Бірнеше слайдты таңдау үшін, Ctrl пернесін басулы күйде ұстап, слайдтарды таңда.
- Слайдты жою үшін, алдымен оны белгілеп, Delete пернесін бас.
15.Таңдалған слайдты басқа орынға маус арқылы тасымалдап, ауыстыруға болады.
- Слайдтың көшірмесін алу үшін, орын ауыстыру кезінде Ctrl пернесін басулы күйде ұстау керек.
Слайдқа ескертпелер қосу.
- Режим страницы заметок батырмасын шертіп, слайдты қараудың страницы заметок режимін іске қос.
- Текстік өріске курсорды қойып, ағымдағы слайдқа ескертпе мәтінін енгіз.
Презентацияға безендіру шаблонын қолдану.
- Презентацияның кез келген слайдында маустың оң жағын шертіп, шыққан динамикалық менюден, Применить шаблон оформления пунктін таңда.
- Сол аттас терезе ашылады. Папка өрісінде С:\Program Files\Microsoft Office\Шаблоны\Дизайны проезентаций папкасын көрсетіп, Тип файла өрісінде Шаблоны презентацийt таңдап, шаблондар ішінен қажет шаблонды белгілеп, Применить батырмасын шертеді. Безендіру шаблоны барлық слайдқа қолданылады.
Презентацияның слайдтарының эскиін өзгерту.
- Презентацияның эскизі ауысатын слайдында маустың оң жағын шертіп, шыққан контекстік менюдің Разметке слайда пкнутін таңдау керек.
- Ашылған терезеде слайд макеттері көрсетіледі. Қажетін таңдап, Применить батырымасын шерту керек. Макет тек қана ағымдағы слайдқа қолданылады.
Оқушылар тапсырманы орындап, жұмыс жасаға жаттығады. Үйге тапсырма компьютерде презентация құрып дағдылану. Көрсетілген операцияларды жасап жаттығу.
Сабақ аяқталды
Сау болыңыздар.