Алтын қақпа
Сабақтың тақырыбы: Алтын қақпа
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : Оқушылардың білімдерін сарапқа салу арқылы жеңімпаз топты анықтау.
Дамытушылық: Оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, ой –өрісін, белсенділігін дамытып, білімге құштарлығын арттыру.
Тәрбиелік: Өз білімдеріне деген сенімділіктерін нығайту, қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу.
Пән аралық байланыс: Астрономия, қазақ тілі
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Дербес компьютер, интерактивті тақта
Сабақтың жоспары:
- Кіріспе
- Таныстыру
- Ойын кезеңдері
- Ағаш қақпа «Сауал бізден жауап сізден»
- Темір қақпа «синонимін тап»
- Күміс қақпа «Тапқыр болсаң шешіп көр»
- Алтын қақпа «Ойна ойла»
- Білім кілті «Кім жылдам?»
- Марапаттау
Сабақтың барысы:
Кіріспе. Құрметті оқушылар, ұстаздар, «Алтын қақпа» сайысына қош келдіңіздер! 7 – 8 класс оқушыларынан құралған оқушылар екі топқа бөлініп отыр. Бірінші топ « », екінші топ « » деп аталған олай болса, ойынымызды бастайық.
Ағаш қақпа «Сауал бізден жауап сізден»
І топ
- Windows – тың негізгі объектілерін ата
- Қуат деген не, өлшем бірлігі
- Ақпаратты зерттейтін ғылым
- Қысым, оның формуласы
- Позициялық емес санау жүйесі деген не?
- U, I деп нені белгілейміз, анықтамасы
- Компьютердің негізгі құрылғыларын ата.
- Тең әсерлі күш деген не?
- Ақпарат деген не?
- Орын ауыстыру деген не?
ІІ топ
- Ақпарат алатын көздерді ата
- Күш, оның формуласы
- Позициялы санау жүйесі деген не?
- R, U деп нені белгілейді, анықтамасы
- Функционалды пернелерге қандай пернелерді жатқызады?
- Тығыздық, оның формуласы
- Санау жүйелерін ата
- Серпімді деформация деген не?
- Операциялық жүйе не үшін керек?
- Жұмыс, оның формуласы
ІІ. Темір қақпа «Синонимін тап»
І топ
Бастапқы сөз Термин сөз
- Сегіз бит — Байт
- Қапшық — Бума
- Мінез құлық — Қасиет
- Шаруа — Жұмыс
- Жеңіл — Салмақсыздық
- Сапар — Жол
ІІ топ
Бастапқы сөз Термин сөз
- Қанаушылық — Қысым
- Зорлық көрсету — Күш
- Қайрат — Қуат
- Құлып — Пароль
- Желдеткіш — Терезе
- Дұшпан — Вирус
Күміс қақпа «Тапқыр болсаң шешіп көр»
«Бұл қай планета?»
І топ
Массасы 20 кг денеге 76 Н ауырлық күші әрекет ететін болса,осы кезде тұрақты шама неге тең болады? (3.8 Н/кг , марс )
ІІ топ
Массасы 26 кг денеге 624 Н ауырлық күші әрекет ететін болса,осы кезде тұрақты шама неге тең болады? (24 Н/кг, сатурн)
«Ол кім, бұл не?»
І топ
- Ол — физикалық өлшемді анықтайды, әрі программалау тілі ретінде таныс. Ол кім?
- Есептеу машинасына қажетті, физикада зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы. Ол не?
ІІ топ
- Есептеу машинасын алғаш ойлап табушы, физикада өлшем бірліктің атын иемденген. Ол кім?
- Есептеу машинасынан бөлініп шығатын жағымсыз әсер немесе физикалық шама. Ол не?
Алтын қақпа «Ойна да ойла» Практикалық жұмыс Есептің берілгенін компьютерге теріп, Times New Roman қарпіне келтіріп, түсі — қызыл, қисайтылған, 24 өлшемде пішімдеңіз. Есепті шешіңіз.
I топ
Ұшақ 750 км/сағ жылдамдықпен ұшып келеді. Ол 6 сағат ішінде қандай аралықты өтеді? (125 км)
II топ
Күннен жерге дейін 150 млн км. Жарық жылдамдығы 300000 км/с болса, жерге қанша уақытта жетеді? (500 сек немесе 8 мин 20 сек )
Білім кілті “Кім жылдам?” (топ басшылар сайысы)
Формуланы шешкенде информатикалық термин шығады
— Белгілі бір бағыт
— тибеттегі түйе
Марапаттау. Қорытынды сөз кезегі әділқазыларға беріледі.
Жанаева Ж.Қ Информатика пәні мұғалімі
Б.Сүлейменов атындағы орта мектеп Шалқар ауданы, Ақтөбе облысы